Деңгейлік тапсырмалар: акт дан білімді бағалауға қолданылатын жалпы тәсілдер?



бет1/3
Дата23.12.2021
өлшемі30,82 Kb.
#100369
  1   2   3
Байланысты:
АКТ 6


Деңгейлік тапсырмалар:

1. АКТ дан білімді бағалауға қолданылатын жалпы тәсілдер?

  Оқушылардың білім, білік, дағдыларын бақылау, тексеру және бағалау педагогика ғылымы мен практикасында белгілі бір әдістерді қолдану негізінде жүзеге асады. Олар мыналар:Ауызша баяндау (әңгіме, жеке-дара, топтық, фронтальдық, сұрақ), жазбаша бақылау (диктант, шығарма, таблица, схема, суреттер құрастыру), практикалық бақылау (лабораториялық жұмыстарын, еңбек операцияларын орындау, тәжірибе жүргізу), машиналы бағдарламалап бақылау (перфокарталар, бақылау картиналарын, жұрыс жауаптарды, диафильмдерді қолдану), өзін-өзі бақылау, бағалау (қателерді болдырмау, оларды түзеу, оқудағы өз жетістіктерін бағалау, соған сәйкес қою).  Оқыту процесінде бақылаудың:

  1)Фронтальдық;

2) топтық;



3) дербес формалары қалыптасқан.          

   Оның тиімділігі – мұғалімнің оларды дұрыс ұйымдастыруына байланысты.Мектеп өміріндегі демократиялық өзгерістер, ізгілендіру білім, іскерліктерді бақылау және бағалауды жетілдіруді талап етеді.           Оқыту процесінде оқушылардың өзін-өзі бақылауы өте қажет. Өзін-өзі бақылау, олардың оқу бағдарламасы материалы мен игерген іскерлігі және дағдысының беріктігі жайлы ақпарат алуын қамтамасыз етеді. Өзін-өзі тексеру арқылы оқушылардың алған біліміне сенімі артады, орындаған жаттығу, есеп шығару және тәжірибе жұмыстарының нәтижесін бағалайды.             Баға - білімді есепке алу ғана емес, ол тәрбиелік құрал. Сондықтан, оқушы білімін бағалауда немқұрайлылыққа салынуға болмайды.            Оқушылардың білімін, дағдыларын бағалаудан бұрын, сол берілген білімнің қабылдануын, дағдының қалыптасуын тексерген жөн. Білімді тексеру арқылы мұғалім "Балаға не берді, бала дағдыны қалай қалыптастырды, білімді қалай қабылдады, кемшілік неде және кімнен?" деген сияқты сұрақтарға жауап табады.  Бақылау - жаза емес. Бақылау мәдениетті жүруі тиіс. Бақылау процесін де мұғалім оқушыларға ерекше көңіл бөліп, ыстық сезіммен "көмектесейін" деген ниет білдіруі керек. Оқушы бір нәрсені түсінбесе оны ұрыспай, балағаттамай, өрескел мінез танытпай көмектескені жөн                           Білім тексеру мен бағалауда біраз уақытын жеке оқушыға бөліп, не болмаса жазбаша бақылау жұмыстарын кешенді талдау арқылы бағаламақ болып көп уақытын ысырап етеді. Тексеру мен бағалаудың озық технолгиялық әдіс-амалдарын ойластырып жатпайды. Бұның соңы білім бағалаудағы субъективизмге әкеліп соғады: баға оқушы мен мұғалімнің өзара қатынасына негізделеді, өзге оқушылардың білім деңгейімен салыстырыла қойылады. Мұғалімдердің арасында бағаны оқушыға қысым көрсетудің, «қорқытып тәрбиелеудің» құралына айналдырушылар да кездеседі. Ондай сабақта тыныш отырмайтын оқушыларға да «екілік» қояды. Кейбір ұстаздар бағаны қалтасынан беретіндей тым сараңдық жасайды. Керісінше, «жақсы атты» болуға, оқушы тілін табуға тырысып, «жомарт апай, ағай» атануға ұмтылатын әріптестеріміз де жоқ емес.   Сабақтың тақырыбы мен мақсатына, оқу материалының мазмұны мен көлеміне, оқушылардың дайындық дәрежесіне сәйкес, сабақтың құрылысы мен тексерудің түрлерін ұдайы толықтырып отыруды мұғалімнің өзі белгілеп, өзі таңдап алады.   Сайып келгенде мұғалімдер оқушылардың танымдық іс-әрекеттерін ұйымдастырушы, ұйтқы болуда. Мұғалімдер оқушыларға берілген сабақтағы әрбір тақырып бойынша өз ойларын дамытуға, әрі ойларын ірікпей, еркін жеткізуге, батыл да тапқыр шешімдерді шығаруға, ойларын өрбітуге болатын көптеген мысалдар, теңеулер келтіру арқылы қол жеткізуге болады.             Қазіргі әлемде жүріп жатқан жаһандану процесі мектептегі білім жүйесі мен оқушыны оқытып тәрбиелеуге де өз әсерін тигізе бастады. Мектептегі берілетін білімнің салмағын арттыру осы жаһандану алапатынан сақтаудың бірден-бір жолы деуге болады. Бұл өзекжарды мәселелер қазіргі білім беру үрдісіндегі оқушының білімін тексеруді дұрыс ұйымдастыруға байланысты орнын дәлелдейді.   

  1. Жаңа білімді беруде оқушылардың өз бетінше жұмысын ұйымдастыру. Оқыту процесінің қай кезеңінде қандай әдісті қолдану керектігі туралы жазылып қойған бұлжымайтын ереже жоқ, әрине. Және әдістемелік әдіс-тәсілдерді сабақ кезеңінде бөліп топтастыру мүмкін емес.                  

  2. Білімді бекіту кезеңінде оқушылардың өз бетінше істейтін жұмыстары. Мұндай мұғалім материалдың ерекшелігін түсіндіреді де, ондағы айтылғанды оқушыларға мәтін бойынша өздері талдап, анықтауды ұсынады. Мысалы: оқушыларға өздері жасаған жоспарлары бойынша образдарға тілдік мінездеме беру тапсырылады.         

  3. Мұғалімнің түсіндіруінсіз оқушылардың өз бетінше жаңа білім алуын ұйымдастыру. Оқушылардың өз бетінше жұмыстары жаңа білім алуға үйретуде алдымен өз бетінше істейтін жаттығу жұмыстары ұйымдастырылады. Мұғалім баяндайтын, хабарлайтын тақырыптарды ойдағыдай меңгеру үшін оқушыларға  оқитын қосымша әдебиеттерді атап, оларды қамтитын жоспар жасап көрсетеді. Осындай 1-2 жаттығудан соң мұғалім тапсырма беру әдісін өзгертеді. 




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет