бет 31/84 Дата 18.05.2022 өлшемі 3,37 Mb. #143799
Екінші бөлім В деңгейі. В1
Өсімдіктің тітіркендіргішке бағытталған қозғалысы....
Өсімдіктің тітіркендіргішке жауабы өз күйімен анықталады...
Тітіркендіргіш теріс әсер етсе , ол ...
Организмнің температураның өзгеруіне жауап беруі...
Организмнің қоршаған ортаның өзгермелі жағдайына бейімделу механизмі...
В4. Физикалық күш түскен кезде организмде тұрақтылықты қамтамасыз ететін өзгерістерді дұрыс ретпен орналастыр.
Тамыр соғуының артуы;
СО2 концентрациясының өзгеруі;
Тыныс алудың жиеленуі;
Адреналин секрециясы ;
О2 бұлшықет жасушаларына белсенді өтуі;
Тер бөлінуі;
Қан тамырларының кеңеюі
Қанның СО2 дан ұюы.
Үшінші бөлім С деңгейі. С1.
1. Адамның температураны реттеу механизмін мысал келтіріп түсіндір?
2. Настии мен тропизмге мысал келтір.
3. Қандай теңіз жануары дауылдың жақындап келе жатқаны туралы 10-15 сағат бұрын болжай алады? Ол оны қалай біледі?
9-тақырып. Тірі ағзалардың көбеюі.
1-нұсқа
Бірінші бөлім А деңгейі.
Шұбалшаңның көбею жолы:
а) спорамен; в) митозбен; с) шизогония; д) фрагментация.
Өсімдік тұқымы неден дамиды:
а) ұрық жолдасынан ; в) ұрық қабынан; с) ұрық бүршігінен; д) ұрық астынан.
Гермофродитке жататын организмдерді көрсет:
а) ақ планария, шұбалшаң; в) ақ планария,карп; с) шұбалшаң, тауық; д) сиыр цепені , мас.
Жабық тұқымды өсімдіктерге тән қосарланып ұрықтануды кім ашты?
а) Ж.Б.Ламарк; в) А.И.Опарин; с) Б.Л.Астауров; д) С.Навашин.
Гаметогенез қанша сатыдан тұрады: а) бір; в) екі; с) үш; д) төрт.
Саңырауқұлақтар мен жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің споралары түзіледі:
а) митоз жолымен; в) мейоз жолымен; с) конъюгация кезінде ; д) амитоз жолымен.
Гаметогенездің үшінші аймағында:
а) жасушалар саны көбейеді; в) жасушалар митоз жолымен бөлінеді;
с) жасушалар мейоз жолымен бөлінеді ;
д) Сперматозоидтар құйрықтарын өсіреді, жұмыртқа жасушасы қоректік заттарға толады.
Гаметалар көп түзеді: а) аллигатор; в) треска; с) торғай; д) аю.
Вегетативті көбеюге жатпайды:
а) жай бинарды бөліну мен митоз ; в) фрагментация мен строболизация;
с) мейоз, партоногенез бен спора түзу; д) бүршіктену мен фрагментация.
Достарыңызбен бөлісу: