Бақылау- өлшемдік материалдар
Биология
(деңгейлік тапсырмалар жинағы)
9 сынып
Барлық тақырыптар бойынша аттестация
ҰБТ мен мемлекеттік емтиханға дайындық
Оқушылардың білімін бағалау
Бағдарламаға сәйкес
Құрастырушы -автор
ЖББОМ №66 биология пәнінің мұғалімі
Кантарбаева Г.А.
Қарағанды -2013
Түсінік хат
Әдістемелік құралда жалпы білім беретін орта мектептердің 9 сыныбына арналған бақылау- өлшемік материалдар ұсынылған. Барлық тапсырмалар мектеп бағдарламасына және оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес. Тапсырмаларды тек қана сабақта ғана емес, ҰБТ ға, мемлекттік емтиханға, олимпиадаларға дайындық кезінде де қолдануға болады. Әдістемелік құрал мұғалімдерге, оқушыларға арналған.
Тапсырмалар құрастырылған кезде оқушылардың оқуға қабілеті, қызығушылығы ескерілген. Құралдағы тақырыптық тапсырмалар үш бөлімнен тұрады. (А,В ж/е С).
Бірінші бөлімнің тапсырмалары А деңгейі базалық. Әрбір тесте төрт жауап беріледі,оның біреуі ғана дұрыс.
Екінші бөлімнің тапсырмалары В деңгейі мүмкіндік деңгей. Бұл деңгейдің тапсырмалары:
қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар (В1);
сәйкестікті анықтайтын тапсырмалар (В2);
ашық тестер (В3);
биологиялық үрдістерің, құбылыстардың және объектілердің ретін анықтауға арналған тапсырмалар (В4).
терминдерге анықтама беру (В5)
мәтіндегі жіберілген сөздерді толтыру (В6)
суретпен жұмыс, кестелер, сызбаларды толтыру (В7)
Үшінші бөлімнің тапсырмалары С деңгейі толық жауапты қажет етеді:
биологиялық білімдерін практикада қолдана алуға бағытталған қиын тапсырмалар (С1);
мәтінде қателерді тауып, түзету (С2);
мәтінмен жұмыс істеп,ондағы мағлұматтарды курсты оқыған кезде алған білімдерімен салыстыру (С3).
шығармашылық тапсырмалар (С4)
Ұсынылған тапсырмалар оқушылардың білім деңгейін, дағдыларын әрбір сабақта тексеруге мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: |