Үшінші бөлім С деңгейі.
Тіршілік ұғымына анықтама бер.
Алғаш тіршіліктің қалай пайда болғаны туралы өз көзқарасынды жаз.
Ағылшын ғалымы Дж.Бернал ұсынған биогенездің үш сатысын ата.
4-тақырып. Тірі организмдердің химиялық құрамы. 1-нұсқа Бірінші бөлім А деңгейі. Организмдердің жасушаларында ең аз кездесетін элемент:
а)азот; в)оттек; с)көміртек, д) сутек.
Нуклеин қышқылдары мен сүйектің құрамына кіреді:
а) калий; в)фосфор; с) кальций; д) цинк.
Гемоглобиннің құрамын кіретін элемент: а)кальций; в)натрий; с) темір; д)мыс.
Жануарлар жасушасында қор көмірсу:
а)целлюлоза; в)крахмал; с) глюкоза; д) гликоген.
Дұрыс тұжырымды тап:
а) барлық көмірсулар мен липидтер суда ериді;
в) барлық көмірсулар мен липидтер суда ерімейді;
с) кейбір көмірсулар суда ериді, ал липидтер суда ерімейді;
д) барлық липидтер мен көмірсулар полярлы қосылыстар.
Ең көп энергия 1 грамм ыдырағанда бөлінеді:
а) май, в) глюкоза; с) нәруыз; д) целлюлоза.
Ең көп тараған көмірсу:
а)целлюлоза; в)крахмал; с) глюкоза; д) гликоген
Биологиялық мембраналардың негізін құрайды.
а) полисахаридтер в)олигосахаридтер, с)фосфолипидтер; д) стероидтар.
Аминқышқылының өзгеретін бөлігі.
а) амин тобы және карбоксил тобы; в) радикал; с)карбокил тобы; д) радикал мен карбоксил тобы.
Коллаген, эластин, кератин қандай нәруыздарға жатады.