Деңгейлік тапсырмалар жинағы



бет54/84
Дата18.05.2022
өлшемі3,37 Mb.
#143799
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   84
Үшінші бөлім. С1.

  1. Өсімдіктер жер бетінде тіршілік етуге қалай бейімделді?

  2. Жер бетінде тіршілік ететін жануарлардың тіршілігі неліктен түнгі және күндізгі болып бөлінді?

  3. Кайназой және мезозой заманындағы ароморфоздардың пайда болу ретімен жазып шық.

  4. Қысқаша сипаттаманы оқып, қай кезеңдегі, замандағы өзгеріс екнін анықта. «Бұл заманда тау түзілу процесі жүріп, теңіздер мен құрлықтар пайда болды. Теңіздерде әртүрлі балдырлар қаулап өсті. Соңына таман көп жасушалы жануарлар ішекқуыстылар мен буылтық құрттар пайда болып, олар былқылдақденелілер мен буынаяқтыларға бастама берді. Желілердің қарапайым өкілі қандауырша тіршілік етті».

С2. Мәтіндегі қателерді тауып, түзет.

  1. Жануарлар палеозой заманында, пермь кезеңінде құрлыққа шығады; 2) Протерозой заманының ұзақтығы 165 млн жыл: 3) Кайназой заманы бауырыменжорғалаушылар дәуірі деп аталады; 4) Кайназой дәуірінде гүлді өсімдіктер көптеп таралған; 5) Трилобиттер қазіргі буынаяқтылардың арғы тегі триас кезеңінде палеозой дәуірінде пайда болды; 6) Жер бетінде тіршілік алты жарым мың жыл бұрын пайда болды; 7) Адам палеоген кезеңінде кайназой заманында пайда болды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   84




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет