16-тақырып. Өзгергіштік заңдылықтары мен адам генетикасы. 1-нұсқа Бірінші бөлім А деңгейі. Басқа белгілерге қарағанда кең реакция нормасымен шектелетін белгі: а) бір үйірдегі жылқылардың аяғының ұзындығы; в) мидың құрылысы; с) инсулиннің химиялық құрамы; д) Сиырдың сүтінің мөлшері.
Қай мысалда сыртқы орта жағдайларының әсері байқалады: а) адамның қолының құрылысына; в) көздің құрылысына; с) түктің түсіне; д) түлкілердің құлағының ұзындығына.
Біржұмыртқадан пайда болған егіздер, егер әртүрлі сыртқы орта жағдайларында тәрбиеленсе бір -бірінен қандай белгілері бойынша айырмашылығы болады: а) фенотипімен; в) генотипімен; с) реакция нормасымен; д) үшеуімен де.
Адамның хромосомалық ауруын зерттейтін әдіс: а) егіздік; в) цитогенетикалық; с) гибридологиялық; д) генеологиялық.
Қант диабетінің себебін зерттейтін әдіс: а) егіздік; в) генеологиялық; с) биохимиялық; д) цитогенетикалық.
Гималай қояндарының аяқтарының, құлақтарының, құйрықтарының ұшының түсі қандай өзгергіштіктің мысалы бола алады: а) комбинативтік; в) мутациялық; с) тұқымқуалайтын өзгергіштік; д) модификациялық.
Орақ пішінді анемия қандай мутация түріне жатады: а) гендік; в) хромосомалық; с) геномдық; д) жыныстық.
Адамның жыныс хромосомаларымен тіркесіп тұқым қуалайтын аурулары: а) Даун мен Клайнфельтер синдромдары; в) гемофилия және далтонизм; с) фенилкетонурия мен орақ пішінді анемия; д) Тернер- Шерешевский және мысық дауысы синдромдары.
Гемофилия ауруының тұқым қуалауын қай әдіспен анықтауға болады: а) егіздік; в) генеологиялық; с) биохимиялық; д) цитогенетикалық.