тақырып. Экологияға кіріспе. Тірі организмдер және орта факторлары.
1-нұсқа Бірінші бөлім А деңгейі. Қандай экологиялық факторлар болмайды: а) абиотикалық; в) биотикалық; с) антропогендік; д) кездейсоқтық.
Су ортасында тіршілік ететін организм қалай аталады: а) аэробионттар; в) гидробионттар; с) эдафобионттар; д) эндобионттар.
Қандай белдемде сыртқы орта жағдайлары организмге кері әсер етеді: а) тіршілігін тоқтату белдемі; в) қыспақ белдемі; с) қолайлы тіршілік белдемі; д) пессимум белдемі.
Қандай экологиялық фактор абиотикалыққа жатпайды: а) жарық; в) жел; с) тыңайтқыш; д) температура.
Өзен бахтахы (форель) үшін не шектеуші фактор болады: а) судың ағысы; в) судың температурасы; с) судағы оттегінің мөлшері; д) судың тұздылығы.
Инфрақызыл сәулелердің ұзындығы мен маңызы: а) меланин пигменті түзіледі, 300-400 нм; в) 750 нм ден жоғары, ағзаларға жылу береді, көзге көрінбейді; с) 400-700 нм, фотосинтезге қатысады; д) барлық жауап дұрыс.