2 - Деңгейлік тапсырма(тақтамен жұмыс) №2. Теңбүйірлі үшбұрыштың бір бұрышы 50градусқа тең. Оның басқа екі бұрышын табыңдар.
3 - Деңгейлік тапсырма(оқулықпен жұмыс.) №16.12. Үшбұрыштың бұрыштарының қатынасы 1:2:3. Оның кіші бұрышын табыңдар. Тапсырманың дескрипторлары: 1. Бұрыштарды қосады. 2. Ішкі бұрыштар қосындысы 180 екенін ескереді.
«Бағдаршам» әдісі арқылы топ бірін-бірі бағалайды
Қатесі бар геометриялық диктант
1 Үшбұрыштың үш төбесі, үш қабырғасы, үш бұрышы бар.
2. Сыбайлас бұрыштардың қосындысы 180 градусқа тең
. 3. Сыбайлас бұрыштар өзара тең болады.
4. Үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы 180 градусқа тең .
5. Үшбұрышта екі тік бұрыш болады.
6. Тең қабырғалы үшбұрыштың бұрыштары тең болады.
7. Үшбұрышта екі доғал бұрыш болады
8. Үшбұрышта бір бұрышы тік, екінші бұрыш доғал болады
9. Үшбұрыштың сыртқы бұрышы онымен сыбайлас емес екі бұрышының қосындысына тең болады.
10. Үшбұрышта бір бұрышы 100, екінші бұрыш – 120 болады
Сөзжұмбақ шешу
Сұрақтары:
Бір нүктеден шығатын екі сәулемен шектелген жазықтықтың бөлігі? (бұрыш)
Үшбұрыштың төбесін қарсы жатқан қабырғаның ортасымен қосатын
кесінді? (медиана)
Тік бұрыштан кіші бұрыш (сүйір)
Ақиқаттығы дәлелдеусіз қабылданатын сөйлем (аксиома)
Үшбұрыш қабырғаларының ұзындықтарының қосындысын қалай атаймыз? (Периметр)
Бір бұрышы тік болатын үшбұрыш? (тікбұрышты)
Бұрышты қақ бөлетін сәуле? (биссектриса)
1 Б ұ р ы ш
2 м е д И а н а
3 с ү й І р
4 а К с и о м а
5 п е р и м е Т р
6 т І к б ұ р ы ш т ы
7 б и с с е К т р и с а
Бекіту тест
Доғал бұрышты үшбұрыштың неше сүйір бұрышы болады?
А) 1 в) 2 с) 3
2. АВС үшбұрышында <А=32, <С =125, В бұрышы неге тең?
А) 157 в) 32 с) 23
3. Үшбұрыштың екі тік бұрышы болуы мүмкін бе?
А) мүмкін в) мүмкін емес с) дұрыс жауабы жоқ
4. Тең бүйірлі үшбұрыштың табанындағы бұрышы доғал бола ма?
А) болады в) болмайды с) дұрыс жауабы жоқ
5. Тең қабырғалы үшбұрыштың әрбір бұрышы неше градустан?
А) 45 в) 50 с) 60
6. Үшбұрыштың доғал бұрышы және тік бұрышы болуы мүмкін бе?
А) мүмкін в) мүмкін емес с) дұрыс жауабы жоқ
7. Тік бұрышты тең бүйірлі үшбұрыштың бұрыштары неше градустан?
А) 90,45,45, в) 90,40,50 с) 90, 40, 40
Жауаптары
1 – в