Сабақтың ортасы
Мағынаны қолдану
|
Оқушыларға жалпылама төмендегі қолдану тапсырмалары беріледі. «Мағынаны қолдану» айдарындағы тапсырманы дәптеріне жазады.
Тапсырма. 1. Глюкоза молекуласының ыдырауынан ең көп энергия бөлінетін процесті анықтаңыз.
A Сүтқышқылды ыдырау
B Анаэробты тыныс алу
C Аэробты тыныс алу
D Спирттік ашу
2. Төмендегі тыныс алудың аяқталмаған теңдеуі берілген.
(а) Теңдеуді аяқтаңыз.
C______ + ___O___ ____CO___ + ___H2O + 2830 _____
(б) Жоғарыдағы теңдеу тыныс алудың қай түріне тән екендігін жазыңыз.
(в) Тыныс алудың екінші түріне тән реакцияның ауызша теңдеуін жазыңыз.
|
Бағалау критерийі:
- Анаэробты және аэробты тыныс алуды салыстырады;
(Әр оқушы өз ойымен бөліседі. Бір-бірінің пікірін толықтырып, пікір алмасады, берілген тапсырманы бағалау критерийі бойынша орындайды;)
|
Дескриптор:
- глюкоза молекуласының ыдырауынан ең көп энергия бөлінетін процесті анықтайды– 2 балл;
- тыныс алу реакциясының химиялық теңдеуі арқылы анаэробты және аэробты тыныс алуды салыстырады– 2 балл;
|
Презентация, оқушы алдындағы оқулықтар, оқушының жұмыс дәптері
|