Сабақтың ортасы мағынаны түсіну
|
Оқушыларға жалпылама төмендегі сұрақтар беріледі. Әр оқушы өз жауабымен бөліседі.
Бір-бірінің пікірін толықтырып, пікір алмасады.
Физиктердің көзқарасы тұрғысынан жүйке импульсі дегеніміз не?
Жүйке импульсі жасуша мембранасынан өтеді ме?
Оны қандай аспаптармен өлшеуге болады?
Жануар ағзасының қандай ұлпасы қоздырғыш ұлпаға жатады?
Мембрана потенциалы дегеніміз не?
Тыныштық потенциялы дегеніміз не?
Әрекет потенциялы дегеніміз не?
Белсенді тасымал дегеніміз не?
Na және К сорғы дегеніміз не?
|
(Әр оқушы өз ойымен бөліседі. Бір-бірінің пікірін толықтырып, пікір алмасады, берілген тапсырманы сұраққа жауап беру арқылы орындайды;)
|
Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.
Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.
|
презентация
|
Сабақтың ортасы
Мағынаны қолдану
|
«Мағынаны қолдану» айдарындағы тапсырманы дәптеріне жазады.
Модельдеу «Жүйке импульстарының туындауы мен таралу жылдамдығын зерттеу»
Тапсырма:
Сызбада жүйке импульсының туындауын және өтуін сипаттайтын график берілген.
Деполяризация, реполяризация, гиперполяризация, тыныштық потенциалы кезеңдері мен 1-4 сандарының арасындағы сәйкестікті анықтаңыз.
1.________________________________
2 ________________________________
3 ________________________________
4 ________________________________
|