«Суретті сөйлет» әдісі арқылы жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой талқылау.
Мағынаны білу үшін суретті сөйлетеді, ой бөліседі, өз білгенін айтады;
|
Мақсаты: Функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.
Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.
|
презентация
|
Сабақтың ортасы мағынаны түсіну
|
Оқушыларға жалпылама төмендегі сұрақтар беріледі;
«Мағынаны түсіну» айдарының сұрақтарына жауап береді, ой бөліседі;
Тыныс алу дегеніміз не?
Қарапайымдыларда тыныс алу қалай жүреді?
Сүтқоректілер мен адамның тыныс алу ерекшеліктерін айтыңдар.
Тірі организмге тыныс алу не үшін қажет?
Аэробты деген ұғымды қай ғалым енгізді?
Аэробты организмдер үшін жасыл өсімдіктердің маңызы қандай?
|
Оқушылар берілген сұрақтарға жауап береді. Әр оқушы өз жауабымен бөліседі. Бір-бірінің пікірін толықтырып, пікір алмасады.
|
Мақсаты: жылдам функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.
Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.
|
п резентация
|
Сабақтың ортасы
Мағынаны қолдану
|
Оқушыларға жалпылама төмендегі қолдану тапсырмалары беріледі. Әр оқушы өз оймен бөліседі. Бір-бірінің пікірін толықтырып, пікір алмасады.
1-тапсырма
Суретке мұқият қараңыз.
(а) Тыныс алу үрдісін түсіндіріңіз.
(b) Тірі ағзалар үшін тыныс алудың маңызын түсіндіріңіз.
(с) Берілген химиялық реакция теңдеуін тыныс алу үдерісімен байланысын сипаттаңыз.
|
|