Сабақтың басы
Қызығушылықты ояту.
|
Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу, түгендеу. Сынып тәртібін қадағалау.
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыруда «Менен бір мотивациялық сөз» атты психологиялық ахуал туғызу.
|
Оқушылар ұстазымен амандасады. Сынып тәртібін сақтайды, мотивациялық сөздер айтады.
|
Мақсаты: Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.
Тиімділігі: Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл-күйін көтереді және бауырмалдығын оятады.
|
Оқулық, жұмыс дәптері
Кітап, дәптер, қалам суреттері бейнеленген қима қағаздар топтамасы
(Қазіргі жағдайда) ДК экраны
|
Жаңа сабаққа кіріспе
Мағынаны білу
|
«Суретті сөйлет» әдісі арқылы жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой талқылау.
|
Мағынаны білу үшін суретті сөйлетеді, ой бөліседі, өз білгенін айтады;
|
Мақсаты: Функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.
Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. С онымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.
|
презентация
|
Сабақтың ортасы
мағынаны түсіну
|
Оқушыларға жалпылама төмендегі сұрақтар беріледі.
Тыныс алу дегеніміз не?
Өсімдіктер тыныс алған кезде қандай газды пайдаланады?
Өсімдік көмірқышқыл газын қалай пайдаланады?
Тыныс алуын тоқтатқан өсімдікте не байқалады?
|
Әр оқушы өз жауабымен бөліседі. Бір-бірінің пікірін толықтырып, пікір алмасады.
«Мағынаны түсіну» айдарының сұрақтарына жауап береді.
|
|