Тырмалау. Тырмалау тәсілі жұмыс органдары әр түрлі формада болатын шанышпалы, ойық қуысты дискі құралдарымен атқарылады. Тісті және шанышпалы тырмалар топырақты қопсытып және тегістейді. Өңдеу тереңдігі 3-4 тен 5-6 см дейін болады. Тісті тырмаларымен тек жыртылған аңыз сабақтары мен өсімдік қалдықтарынан тазартылған топырақ өңделеді және бұл түренді құралдар комплексіне енеді. Салмағына қарай ауыр, орташа және жеңіл тырмалар болып бөлінеді. Егер бір тіске түсетін салмақ 2-3 кг болса, бұл ауыр, ал салмағы 1-2 кг болса, онда орташа, массасы 0,5-1,0 кг шамасында болса – жеңіл тырмаға жатады.
Топырақты қопсыту. Топырақ көптеген себептердің әсерінен шөгіп, нығыздалады. Топырақтың жыртылған қабатының құрылымы жақсы болса, жәй шөгеді және аз нығыздалады. Қопсыту арқылы топырақтың өңдейтін қабаты түйіртпекті жұмсақтық жағдайға келтіріледі. Бұл операцияның салдарынан, жалпы, әсіресе, капиллярлық емес қуыстылық көбейеді, топырақтың су және ауа өткізгіштігі артады, топырақ қабатындағы аэробты микроорганизмдердің тіршілік белсенділігі өседі.
Топырақ қабаты қопсытылып, әрі үгітілгенде оның құрылымы майда жұмсақ түйіршіктерге айналып, өсімдік тамырына ауаның, ылғалдың және қоректік заттардың еніп, олардың жиналуына сақталуына ең қолайлы жағдайлар жасалынады. Сазды және құрылымы нашар топырақтарды мол ылғалды немесе кеуіп, құрғаған күйінде өңдегенде, олар кесекті түйіршіктерге нашар бөлінеді, олай болмауы үшін топырақты ұсақтау шараларын ойластыру керек.
Топырақтың құрамды жағдайына, өңдеудің негізгі мақсатына және әрбір дақылдарды егудің талабына сай оларды қопсыту әр түрлі тереңдікке ең беткі қабаттан бастап, жыртылған тереңдіктен төменгі қабаттарға дейін жүргізіледі. Егінжай топырағын жыртып–қопсытуға, дискілер және фрезалар қолданылады.
Топырақ бетін жабу. Топырақтың бетін жабу – тұқымдарды біркелкі тереңдікке енгізудің негізгі шарты. Тегістелмеген топырақта тұқым әр түрлі тереңдікке түседі де бір мезгілде өнбейді. Топырақ бетін жабу, кесектерді жою, топырақ қабатындағы ылғалдың жиналуына мүмкіндік туғызады.
Сыдыра жырту. Сыдыра жыртуды сыдыра жыртқыштар арқылы жүзеге асырады.
Сыдыра жыртқыш топырақты босатып, топырақ қабатын болмашы ғана аудара жыртады. Бұл құрал арам шөпті отайды, жыртылған топырақтың қабатында ылғалды сақтайды. Сыдыра жыртқыш дискілі және түренді болады.
Топырақ тығыздау. Бұл топырақтың тоң кесегі мен борпыстығын жою үшін қажет.
Тығыздау себілген тұқымдардың топырақпен жанасуын жақсартады, яғни себілген тұқымның өсіп шығуына қолайлы жағдай жасайды. Тығыздау топырақтың жалпы және капиллярлы емес түтіктерінің санын азайтады, топырақтың төменгі қабатынан ылғалдың көтерілуіне қолайлы жағдай жасайды. Сонымен бірге топырақты тығыздау оның өңделетін қабаты тұқым себер кезде шамадан тыс қопсытылған болса, кейін топырақ шөккенде, өсімдіктің тамыр жүйесіне зақым келмеуі үшін де қажет.
Тығыздауды, механикалық құрамы ауыр, жақсы құрылымы бар топырақтар бәрінен де жиі қажет етеді. Өйткені олар терең өңделгеннен кейін, ұзақ уақыт бойы борпыс күйінде болуға бейім келеді.
Тапсырма:
Өсімдіктердің жапырақтарын шаң-тозаңнан тазарту
Жапырақтарға жылтыр түс беру
Топырақты өңдеу жолдарымен танысу
Бақылау сұрақтар:
Топырақты ғылыми тұрғыдан зерттеу қай ғасырдан бастап басталды?
Топырақты өңдеу түрлерін атаңыз
Топырақты қопсытудың маңызы неде?
Пайдаланылған әдебиеттер:
Бабин Д. Комнатное цветоводство. -Смоленск: Русич, 2002. -448.
Бабина Н., Бабин Д. 600 практических советов. Цветы дома и на участке. -М.:Континент-Пресс,1999, -480с.
Бехтхольд Ф. Всё о комнатных растениях. -М.: БММ АО, 2000. -160с.:илл.
4 тақырып Суару - топырақтың механикалық қасиетін есепке ала отырып топырақты ылғалдату дәрежесі
Мақсаты:
Суарудың маңызын түсіну. Суарудың әдістерімен танысу. Өсімдіктерді қураудан және көп мөлшерде құйылған судан сақтау жолдарын білу
Жоспар:
Суару тәсілдері
Демалыс кезіндегі суару
Өсімдіктерді қураудан қалай сақтап қалуға болады
Көп мөлшердегі су құйылған өсімдікті қалай сақтап қалуға болады
Суару қажеттігін қалай білу керек?
Керекті құрал-жабдықтар:
Лейка, құмырадағы гүл, құмыраны салатын ыдыс, қарындаш датчик
Жалпы түсініктеме
Сусыз өсімдік тез тіршілігін жояды. Сондай-ақ оларды көп суару зиян, өте ылғал топырақ тамыр жүйесіне зақым келтіреді. Суару өсімдікті белгілі-бір мөлшерде ылғалмен қамту үшін қажет. Қысқа қарағанда жаз айларында гүлдер көп суды қажет етеді. Бірақ та қыста да топырақ ылғалды болу қажет.
Суару тәсілдері. Бөлме өсімдіктерін көбінесе «шетінен» суару арқылы топыраққа жіңішкелеп лейкамен суарады. Әркез су құмыраның бетімен жан-жағына толады. Өсімдігі бар құмыраны, ылғал топырақтың бетіне шығу үшін, ыдыстың ішіне салып қояды, қалған сұйықтық ағып кету үшін құмыраны алып тастау керек. Эпифиттер (ауа өсімдіктері) тилландсия сияқты өсімдіктерді олардың жапырақтарын су құйылған ыдысқа салып суару керек.
Демалыс кезіндегі суару. Көптеген өсімдіктерді жыл бойы сүйсініп қадағалаймыз, ал демалыс кезі келген кезде олар құрып кетуі мүмкін. Оларды судың аздығы немесе жетіспеуі құртуы мүмкін, сондықтан да автомат құрылғыларына жүгінген жөн көршінің көмегіне жүгінгенше.
Ірі өсімдіктерді құмыраның табақшасынан алмауға да болады, бірақ құмыраның астына жартылай этиленді целофан қойып, өсімдікті көлеңке жерге қою керек. Демалысқа бір апта қалғанда оларды бірнеше рет суарған жөн. Егер де сіз жеті немесе он күн болмайтын болсаңыз, онда бұл шара жарамды.
Орташа өсімдіктерді құмыраның табақшасына су құйып қалдыруға болады. Бұл өсімдікті күннің көзіне қоймаған кезде екі жетіге дейін жетеді. Сондай-ақ мата жабылған тақтайдың үстіне қоюға болады, ол матаның бір ұшы суда, ал екінші ұшын құмыраға орнату керек. Бұл тәсілді пластикалық құмырадағы өсімдіктер үшін пайдаланған жөн.
Өсімдіктерді қураудан қалай сақтап қалуға болады. Суармаса өсімдік солады және соңында тіршілігін жояды. Өсімдік сола бастаса оны қанша көп мөлшердегі сумен суарса да, ол бәрібір тіршілігін жояды. Бірақ та көптеген өсімдіктерді тірілтуге болады, егер де уақытында суаруға көшсе. 3-4 см су құйылған ыдысқа құмыраға салыңыздар. Солған жерлерін қиып тастаңыз. Сұйықтық топырақтың бетіне жеткенде өсімдікті алып, оны бірнеше күнге қараңғыға қою керек.
Көп мөлшердегі су құйылған өсімдікті қалай сақтап қалуға болады. Егер де топырақ өте дымқыл болса, топырақтың ішіндегі оттегі жетіспей және тамырлар өздерінің қызметтерін атқаруды қояды. Өсімдік солып, топырағын кілегей басады. Бұндай белгілерге дер кезінде мән берсе, өсімдікті қорғап қалуға болады. Тамырын қоршап тұрған топырақты қолмен ұстап тұрып, өсімдікті құмырамен қоса төңкеріп өсімдікті алып шығу керек. Түйір топырақты алып тастап құрғату үшін өсімдікті бірнеше рет шүберекке орау керек. Тамырын топырағымен оралған күйінде құрғағанша қоя тұру керек. Топырақ үгітілмей біраз кепкеннен кейін гүлді таза құмыраға отырғызу керек. Оны бірнеше күн қойып, содан кейін суарыңдар. Алғашқы кезде күн сәулесі тікелей түспейтін етіп қойыңыздар.
Суару қажеттігін қалай білу керек?
1. Ылғалдылықты анықтаудың белгілі тәсілі – бас бармақпен топырақтың бетін ұстап көру. Егер топырақ құрғақ болса, онда тек қана суарған жеткілікті.
2. Топыраққа ылғалдылық индикатор жолақтарды қойып, оны сонда қалдыру. Олар топырақ кепкенде түсін өзгертеді.
3. Басқа әдіс ағашқа кигізілген жіптің катушкасы мен саз құмыраны тарсылдату: жабық дыбыс – топырақтың ылғалды екенін, ал ашық дыбыс суару керектігін білдіреді.
4. Топыраққа ылғалды өлшейтін карандаш датчик қойылады, ал дисплейде ылғалдылық деңгейі көрсетіледі. Бұл тәсіл тиімді, бірақ та оны көбірек пайдаланса, өсімдіктің тамыр жүйесін зақымдауы мүмкін.
Тапсырма:
Суару тәсілдерін орындау
Демалыс кезіндегі суару жолын жасап көру
Өсімдіктерді қураудан қалай сақтап қалу керектігін түсіндір
Көп мөлшердегі су құйылған өсімдікті қалай сақтап қалу керектігін түсіндір
Бақылау сұрақтар:
Өсімдікті ылғалмен қамтамасыз етуде құмырадан үлкен ыдысты пайдалану жолы қандай?
Өсімдікті ылғалмен қамтамасыз етуде матаны пайдалану жолы қандай?
Суару қажеттігін қалай білуге болады?
Пайдаланылған әдебиеттер:
Гилберт Р. Комнатные растения: практическое руководство. -М.: Слово, 2001. -144 с.: ил.
Голубев В.: Экологическая культура помещений: Комнатные растения. //Флора. 2002. №4. –С.4-9.
Рокош Е.В. Комнатные растения. -М.: Мартин, 2003. -448с.
Сквайер Д., Кроутер М. Комнатные растения: практ. Руководство. -М.: Омега, 2006. -128с.: ил.
5 тақырып Жарықтандыру – жарықты сүйетін, жартылай көлеңкені сүйетін, қараңғыны сүйетін өсімдіктер. Ауаның температурасы – жылуды сүйетін және суыққа төзімді өсімдіктер
Мақсаты:
Жарықты сүйетін, жартылай көлеңкені сүйетін, қараңғыны сүйетін бөлме өсімдіктерінің түрлерімен танысу және жылуды сүйетін, суыққа төзімді өсімдіктердің түрлерін білу
Жоспар:
Жарықтандыру – жарықты сүйетін, жартылай көлеңкені сүйетін, қараңғыны сүйетін өсімдіктер
Ауаның температурасы – жылуды сүйетін және суыққа төзімді өсімдіктер
Керекті құрал-жабдықтар:
Бөлме өсімдіктері, люминесценттік лампа, термометр
Жалпы түсініктеме
Өсімдіктер өміріндегі жарықтың рөлін асыра бағалау қиын. Оның әсерінен хлорофил дәндерінде көмірқышқыл газы көміртек және оттегіне айырылады. Оттегі атмосфераға бөлінеді, ал көміртек бастапқы органикалық заттар түзуге (фотосинтез) қатысады. Бөлме өсімдіктері жарық пен жарық түсу ұзақтығына әртүрлі шарттар қояды. Жарық интенсивтілігі люкспен өлшенеді. Ыңғайлы бағыт беру үшін келесіні айта кеткен жөн: жарық ашық күн кезінде 100 мың люкске тең, 10 см қашықтықтағы 40 ваттың люминесценттік лампа жарығы 10 мың люксті құрайды.Айта кететін жайт, терезе әйнектері күн жарығының жартысына жуығын жұту қабілеті бар. Бұл орайда жарық интенсивтілігі терезе маңында да 2 есе кемиді, ал бөлменің ішкері жерінде 70-80%-ке кемиді. Күн қөзі жарығының көп бөлігі оңтүстік, оңтүстік-шығыс және оңтүстік-батыс терезелеріне түседі. Шығысқа бағытталған терезелерге таңнан кешке дейін жарық түседі, ал батысқа бағытталғандарға күннің екінші жартысында ғана түседі. Жарық интенсивтілігі қатысына қарай бөлме өсімдіктері 3 топқа бөлінеді: жарықсүйгіш, көлеңкетөзгіш, көлеңкесүйгіш.
Жарықсүйгіш өсімдіктерге бөлме өсімдіктерінің көпшілігі жатады, мысалы, қазтамақ, белопероне, афеляндра, қоңыраугүл, самбак ақгүлі, агава және т.б. Олар жақсы күн жарығын қажет етеді. Жарық жетіспеушілігінен олар әлсірейді, нашар өседі, ауырады. Мұндай өсімдіктерді оңтүстікке қараған терезе маңында өсірген жөн. Кей жағдайларда жасанды жылу көздерін пайдаланған дұрыс.
Көлеңкегетөзгіш өсімдіктерге жылдың көп бөлігінде қалыпты жарық түсу қажет, бірақ кей уақытта олар нашар жарық түсуге көнуі мүмкін. Оларға плющ, қауырсынды қасқыр жем, фикус, патша бегониясы, пальмалар бильбергия және т.б. жатады. Көлеңке төзгіш түрлерді шығысқа немесе батысқа бағытталған терезелерден онша алшақ емес қашықтықта қоюға болады.
Көлеңкесүйгіш түрлер жарық күнді жақтырмайды және әлсіз жарықта өздері жақсы сезінеді, мысалы, қырыққұлақтар, аспидистра, қылқан жапырақтылар, кливия, традесканция, кейбір лалагүл тектестер, пилеялар және т.б. Жарықтың жетіспеушілігінен олар қатты зардап шегеді, жапырақтары түсіп, солады. Бұл өсімдіктерді солтүстіктегі терезеге орналастыруға болады.
Жазда кейбір өсімдіктерге жарықсүйгіштерді қоса (жарықсүйгіштерде) олардың аса белсенділігі кезінде аса жарық күн сәулелері зиянды. Сондықтан өсімдіктерді 11-17 дейін уақытта тура сәуле түсуден қорғау керек.
Жарық интенсивтілігімен қоса тәулік ішіндегі жарық түсу ұзақтығы өсуге, дамуға үлкен әсерін тигізеді, әсіресе өсімдіктердің гүлденуіне. Осыған байланысты олар үш топқа бөлінеді – бейтарап, қысқа күнді, ұзақ күнді.
Олардың кейбіреулері күннің табиғи ұзақтылығымен қанағаттанады және кез-келген жарық түсу жағдайларына жақсы бейімделеді. Олар бейтарап өсімдіктерге жатады: жарық түсу ұзақтығы қатысуынсыз дамып гүлдейтін өсімдіктер (абутилон, қасқыр жем, әрқашан гүлдейтін бегоня).
Ұзақ күнді өсімдіктерге күніне 13-14 сағат жарық түсуді қажет ететін өсімдіктер жатады (глоксиния, колеус, қоңыраугүл). Қыс мезгілінде оларға қосымша жарық түсу қажет. Осы мақсатқа күндізгі жарық қуаттылығы 20-40 Вт люминесцентті лампалар қолданылады. Олар өсімдіктен 20-40 см қашықтықта орнатылады.
Гүлдеуі тек күндізгі уақытта 8-10 сағаттық жарық түскенде болатын өсімдік түрлері бар. Олар қысқа күндік өсімдіктер (традесканция, орхидеяның кейбір түрлері зигокактус, каланхоэ). Кейде гүлдеудің қарқындылығын арттыру үшін күн түсу ұзақтығын әдейі кемітеді, ол үшін жарық өткізбейтін қара пленкамен немесе басқа материалмен жабады.
Ауаның температурасы – жылуды сүйетін және суыққа төзімді өсімдіктер. Тіпті бір географиялық ендікте өсетін өсімдіктер әртүрлі жылулық жағдайда өсуі мүмкін. Бұл кезде көптеген факторлар маңызды: теңіз деңгейінен биіктігі, тіршілік ету ортасы, микроклимат. Биік таулы түрлер суық түндерге және ыстық күндерге үйренген, тропикалық орман өсімдіктеріне тұрақты жоғары температура және ылғалдылық қажет, батпақты өсімдіктер аздап қалыпты жағдайда өседі. Бөлме өсімдіктерінің әртүрлі анықталған жылу режимін қажет етеді. Өсімдіктердің өсу ортасының климаттық жағдайларын талдау нәтижесінде оның жағдайларын 3 температуралық топқа бөлуге болатынын көрестті. Жарық сүйгіш өсімдіктер бөлмеде өсуге ыңғайланғандықтан мәдени түрінде көп кездеседі.
Көбінесе олар жер шарының тропиктік және субтропиктік аудандарынан шыққандар. Олар үшін жыл бойы бөлме температурасы +180С-ден +(20-25)0С-ге дейін болу керек және үлкен ауытқулар болмау керек. Жоғары температураны талап ететін кейбір жылу сүйгіштерге, мысалы кактустың немесе орхидеяның кейбір түрлеріне үй жылыжайларында өсіру тиімді.
Бірқалыпты жылусүйгіш өсімдіктер ауа температурасы +140С-дан +180С-ге дейін жақсы дамиды.
Суыққа төзімді өсімдіктер бөлме температурасы +(8-14)0С жағдайында өсіріледі.
Көптеген өсімдіктер жылдың әр мезгілінде жылуды әрқалай қажет етеді. Температураның жоғарылауы, бірақ әрдайым емес, өмірлік процестердің қарқындылығын арттырады, ал температураның төмендеуі оны тежейді.
Көптеген өсімдіктерге температураның шұғыл өзгерісі қолайсыз әсер етеді, сондықтан қыста оларды желдеткіштің, терезенің, жылу батареяларына жақын орналастырмау қажет. Бөлмедегі температураны жылу жүйесінің вентильдерімен, көлеңкелеумен, су себумен реттеуге болады.
Тапсырма:
Кафедра өсімдіктерін қарап шығып, олардың атауларын практикалық дәптерлеріне жазып алу
Кафедра өсімдіктерін жарық интенсивтілігі қатысына қарай оларды топтарға бөлу
Жылуды сүйетін және суыққа төзімді өсімдіктерді көрсету
Бақылау сұрақтар:
Жарықты сүйетін қандай өсімдіктерді білесіздер?
Жартылай көлеңкені сүйетін өсімдіктерді ата?
Қандай өсімдіктер қараңғы сүйгіш болып табылады?
Пайдаланылған әдебиеттер:
Бабин Д. Комнатное цветоводство. -Смоленск: Русич, 2002. -448.
Бабина Н., Бабин Д. 600 практических советов. Цветы дома и на участке. -М.:Континент-Пресс,1999, -480с.
Тавлинова Г.К. Цветы в комнате и на балконе. -Л.: Агропромиздат. 1990. -352с.
6 тақырып Тыңайтқыш – минералды, органикалық, бактериалық
Мақсаты:
Тыңайтқыш түрлерін және олардың құрамын қарастыру
Жоспар:
Минералды тыңайтқыштар
Органикалық тыңайтқыштар
Бактериалы тыңайтқыштар
Керекті құрал-жабдықтар:
Құс саңғырығы, қорда, АМБ бактериялық тыңайтқыш, аммоний сульфаты
Жалпы түсініктеме
Құрамына қарай тыңайтқыштар органикалық, минералды және бактериялы болып бөлінеді.
Минералды тыңайтқыштар. Өнімнің мөлшері мен сапасын арттыру үшін, өсімдіктер өсіп дамуының әр кезеңіндегі ерешеліктерді ескере отырып, оларды қажетті қоректік заттармен тиісті мөлшерде қамтамасыз ету үшін минералды тыңайтқыштар қолданылады.
Азотты минералдық тыңайтқыштардың көп тараған түрі: аммиак селитрасы, аммоний сульфаты, мочевина (карбамид), азотты сұйық тыңайтқыштар.
Аммоний сульфаты немесе күкірт қышқылды аммоний – құрамында 20 процент азот бар, ақ немесе сұр түсті, кристалды ұнтақ, оншама ылғалды тартпайды, құрғақтай жақсы себіледі. Бұл физиологиялық қышқылды тыңайтқыш, өйткені оның күкірт қышқылды қалдығымен қатар, 0,025-0,05 процент шамасында таза қышқылы бар. Суда тез ериді, топыраққа сіңгіш келеді және топырақта аз жылжиды.
Органикалық тыңайтқыштар. Органикалық тыңайтқыштар тобының құрамындағы қоректік заттар көбінесе органикалық қосылыстар түрінде болады. Олардың құрамында өсімдіктерге қажетті бірнеше қоректік заттар болатындықтан, күрделі тыңайтқыштар қатарына да жатады.
Органикалық тыңайтқыштарға көң, көң садырасы, құс саңғырығы, қорда, шымтезек және жасыл тыңайтқыштар, ағын су тұнба лайы, тері илеу және тамақ кәсіпорындарының қалдығы жатады. Органикалық тыңайтқыштар ішінде әсіресе маңыздылары – көң, көң садырасы, құс саңғырығы.
Органикалық тыңайтқыштар топырақтағы микроорганизмдер үшін аса қажетті қорек болып табылады. Мұнымен қатар көптеген органикалық тыңайтқыштардың өзімен бірге, топыраққа микроорганизмдер келеді. Сыдыра, негізінен, жануарлардың сұйық қалдығы және қидың ыдырауы нәтижесінде бөлініп шыққан заттардан құралады. Оның құрамында 0,2 процент азот және 0,6 процент калий бар. Дайындалған қи неғұрлым бос сақталса, солғұрлым одан қи садырасы да көп бөлінеді және керісінше.
Құс саңғырығы өсімдіктерге тез әсер ететін, құрамында біршама қоректік заттар бар, аса бағалы органикалық тыңайтқыш. Құс саңғырығының құрамында (құрғақ зат мөлшерімен есептегенде) 4-6 процент азот, 3,5-5 процент фосфор, 2,4-3,5 процент калий бар. Мұның құрамы да олардың қандай құстардан дайындалғанына қарай өзгереді. Әсіресе, тауық қораларында дайындалған тыңайтқыштың құрамында қоректік заттардың сапасы молырақ болады.
Қорда. Бұл өсімдік тектес органикалық заттардың қалдықтарын, қала, ауыл-селодағы тұрмыстық-тұтыну қалдықтарын және басқа да коммуналдық-шаруашылық қалдықтарын жиыстырып, үйінді жасап сақтау арқасында пайда болады. Қорда жасауға негіз болатын материалдар: көң, көң садырасы, құс саңғырығы, өсімдіктер сабағы, ағаш ұнтағы, шіріген, қызған жемшөптер, қағаз, жаңқа, тағы солар сияқтылар.
Бактериалы тыңайтқыштар. Бактериялық тыңайтқыштар – құрамында өсімдікке пайдалы топырақ микроорганизмдері бар препараттар. Бұл өсімдік тамырының айналасына микроорганизмдердің жиналуына жағдай туғызады да, топырақтағы биохимиялық процестерді күшейтіп, өсімдіктің тамыры арқылы қоректенуін жақсартады. Мұндай микроорганизмдерден дайындалған препаратты бактериалық тыңайтқыштар деп атайды. Бактериалық тыңайтқыштар топырақты тиісті микроорганизмдермен байытады. Бұл тыңайтқыштарды дайындауда жергілікті жердің топырағынан немесе сол жердегі өсімдік тамырынан бөлініп алынған микроорганизмдерді қолданғанда жақсы нәтиже беретінін ескерген жөн. Бактериялық тыңайтқыштардың түріне қарай қөсімдік фосфор, азот, тағы басқа элементтерді көбірек сіңіреді. Мұнда микробтар әрқашан өсімдікке жетіспейтін биологиялық заттарды құрайды.
Тапсырма:
Тыңайтқыштардың құрамына сипаттама беру
Минералды, органикалық, бактериалық тыңайтқыштарды салыстыру
Тыңайтқыштарды практикалық сабақта пайдалану
Бақылау сұрақтар:
Тыңайтқыштардың өсімдіктер тіршелігіндегі маңызы?
Тыңайтқыштардың түрлерін ата?
Органикалық тыңайтқыштардың қандай түрлері бар?
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Бехтхольд Ф. Всё о комнатных растениях. -М.: БММ АО, 2000. -160с.:илл.
Гилберт Р. Комнатные растения: практическое руководство. -М.: Слово, 2001. -144 с.: ил.
7 тақырып Бұтаны қалыптастыру – кесу, түбін жабу, сирету, отау
Мақсаты:
Кесу, түбін жабу, сирету, отау жұмыстарын жүргізу ережелерін білу, практикада қолдану
Жоспар:
Кесу мерзімдері
Кесу техникасы
Түбін жабу
Сирету
Отау
Керекті құрал-жабдықтар:
Қарашірік, шымтезек, ағаш ұнтағы, бес саусақты қолғап
Жалпы түсініктеме
Кесу мерзімдері. Әсемді ағаштарды, өсімдіктерді кесуге ең қолайлы жақсы уақыт қыстың аяғы – көктемнің басы (ақпанның ортасынан сәуірдің ортасына дейін). және жаздың екінші жартысы, өркеннің өсуі аяқталғанда. Кесудің бұл кездері тәжірибемен дәлелденген. Кесуді вегетация уақытында жүргізуге де болады.
Кесуге болмайтын кез қыстың ортасы (желтоқсаннан – ақпанның ортасына дейін), кесуден кейін ашық қалған бұтаның бөлігі төменгі температураға шалдығады. Бұндай кезде қабығы мен камбий үсіп, жарақаттың жазылуын төмендетеді.
Кесу техникасы. Ағаштар мен бұталарды кескен кезде, кесу ережесін сақтау керек.
Бір жылдық өскіндер әдетте «бүршікке» дейін қысқартады. Ағаш пен бұтаның әсемдігін кемітетін, кесілген жердің өсіп–өнуін қиындататын түбір қалдырмайды. Кесу қиғаш болу керек, оны бүршіктің орта тұсынан бастап қарсы жаққа қарай кесіп, бүршіктің жоғарғы жағынан аяқтау керек. Кесуді өте төмен бастағанда, жоғарғы жақтағы бүршіктер кебе бастауы мүмкін немесе өте әлсіз өркендер пайда болуы мүмкін. Егер кесу бүршіктен жоғары болса, қалған ұзын сояу тікені одан әрі тіршілігін жояды. Кесу міндетті түрде күшті дамыған, сау, көбеюге қабілетті бүршіктің жоғарғы жағында болу керек.
Төрт жылдық немесе жартылай қураған бұтақтарды жақын жердегі бұтаққа дейін немесе жақын жердегі жас өркен шығуы мүмкін жерге дейін кесіп алып тастау керек. Үлкен бұталарды бөліктеп кеседі. Алдымен төменгі жағынан діңнен 30 см арақашықтықта кеседі, содан кейін екіншісін біріншісінен 2-5 см жоғары кеседі. Қалған түбірді «дөңгелектеп» кеседі. Бұндай операцияның соңы ағаштың жарылуына, қабығының сыдырылуына, қатты бүлінуіне әкеліп соғады. Үлкен бұтақтарды алу кезінде түбірлерді қалдырмау керек. Егер кесу бұтақтың негізінен жасалмаса, ол сирек өседі.
Түбін жабу. Көп жылдық өсімдіктердің кейбір түрі ұзарып өскен сайын тамыр мойындары, тамыр немесе тамыр сабақтарының сырты түсіп нашар гүлдейді және көбінесе үсіп кетеді. Қарашірікпен, шымтезекпен, ағаш ұнтағымен түбін жабу өсімдіктің сырты ашылған бөліктерін қолайсыз ауа райынан қорғайды. Әсіресе олардың ұзақ өсуіне маңызы зор. Қысқа төзімсіз, аязға шыдамсыз түрлеріне жататын барлық көп жылдық және екі жылдық өсімдіктер алғашқы жеңіл аязда қарашірікпен, шымтезекпен 5-8 см биіктікке дейін жабады. Көктемде бір рет түбін жабады, бұрынғы жапқандарды тыңайтқыш есебінде пайдаланады.
Сирету. Өсімдіктің жақсы өсуі үшін қалыпты жағдай жасау керек. Олардың алаңда орналасуы, жобасы мен тығыздығы шешуші роль атқарады. Өсімдікті ашық жерде өсіру алаңға қанша тұқым қажет екенін анықтау, бір қалыпты бөліп орналастыру қиындық тудырады. Нәтижесінде өсімдіктерде сирету жұмыстарын жүргізу керек. Сиретудің алдында және артында суарады. Сирек жерге өсімдікті қосымша отырғызады.
Сирету кезінде әрбір сортының ара қашықтығын сақтап, сау, жақсы дамыған өсімдікті қалдырады. Нашарларын жұлып тастайды. Сиретуден, отырғызудан кейін қопсыту, суару жұмыстары жүргізіледі.
Отау. Күтудің негізгі амалдарының бір түрі. Өсімдік қабысқанша әдетте 2-3 рет отау жүргізіледі. Ережеге сай ол топырақты қопсытқаннан кейін жүргізіледі. Әсіресе мынадай зиянды арамшөптерді бидайық, тікенқурай, бақбақ және тағы басқаларын құрту керек. Отау кезінде арамшөптерді тамыры мен тамырсабақтарына дейін жою керек, өйткені бидайықтың әрбір бөлігінен арамшөптер өсіп шығады. Жұлынған арамшөптерді жинап алып қоршаудың сыртына шығарып тастайды. Отауды топырақты суарғаннан кейін немесе жақсы жауған жауыннан кейін жүргізген дұрыс, бұл кезде топырақ жеткілікті қопсытылған болады. Егер отауды уақытында жүргізе алмасаңыз, оларды шауып тастаңыз, әйтпесе өсіп жетілген арамшөп тұқымдары жан жаққа шашырап бұрынғыдан да көп арамшөптер өсіп шығады.
Достарыңызбен бөлісу: |