Декоративті гүлдендіру І бөлім Әдістемелік нұсқау Қостанай, 2012 ббк 42. 374 Т 22



бет3/4
Дата19.02.2017
өлшемі0,63 Mb.
#10877
1   2   3   4

Тапсырма:

  1. Әсемдік ағаштарға кесу жүргізу ережесін түсіндіру

  2. Өсімдіктерге отау жүргізу

  3. Өсімдіктердің түбін қарашірікпен, шымтезекпен, ағаш ұнтағымен жабу

  4. Өскіндерді сирету жолын және одан кейінгі жасалатын жұмыстардың ретін көрсету

Бақылау сұрақтар:

  1. Кесу жұмыстарын қай мерзімде жүргізген дұрыс?

  2. Түбін жабу жұмыстарын жүргізгенде қандай органикалық жапқыштарды пайдаланған жөн?

  3. Сиретуден, отырғызудан кейін қандай жұмыстар жүргізіледі?

  4. Отау жұмыстарын жүргізгенде қандай негізгі зиянды арамшөптерді құрту керек?

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Бабина Н., Бабин Д. 600 практических советов. Цветы дома и на участке. -М.:Континент-Пресс,1999, -480с.

  2. Голубев В.: Экологическая культура помещений: Комнатные растения. //Флора. 2002. №4. –С.4-9.

  3. Соколова Т.А., Бочкова И.Ю. Декоративное растениеводство. -М.: Изд. Центр «Академия», 2004. -432с.

  4. Тавлинова Г.К. Цветы в комнате и на балконе. -Л.: Агропромиздат. 1990. -352с.

  5. Чуб В.В., Лезина К.Д. Полная инциклопедия комнатных растений: Справочные издание. -М.: ЭКСМО – ПРЕСС, 2002. -415с.: ил.


8 тақырып Қыстауға дайындық. Жылы жай және көшетхана. Жабық жер климатқа бейімделу ретінде. Жылы жайларды жабу. Жылыту тәсілдері

Мақсаты:

Жылыжайлардың түрлерін, оларды жабу, жылыту тәсілдерін білу



Жоспар:

  1. Жылыжай

  2. Көшетхана

Керекті құрал-жабдықтар:

Шыны, судырлақ


Жалпы түсініктеме
Жылыжай жарық бөлме, шынымен немесе жарық өткізгіш басқа да материалмен жабылады. Ол өсімдікті көбейту және өсіру үшін қолданады.

Жылу режиміне сәйкес қыста жылыжайлар мынадай түрге бөлінеді: а) 14-180С температурадағы және одан жоғары, тропикалық өсімдіктерге арналған; б) шамалы жылы 9-130С жылуды аз сүйетін өсімдіктер үшін; в) Салқын 4-80С температурада мәңгі жасыл өсімдіктерді бөлек ұстау үшін, кейбір аналық өсімдіктерді және тағы басқа.

Жылы жайдың шыныдан жасалған шатырын ұстап тұру үшін темірден, темірбетоннан сирек болса да ағаштан жасалған тіреуіш қаңқалар пайдаланылады. Шыны шатырды жарық жақсы түсуі үшін, жаңбыр суы ағып кетуі үшін жоғарыдан төмен қарай еңкіш етіп жасайды. Жылыжайда терезенің жәй шынысын емес арнайы қалың беріктігі 95-98% болатын шыныларды пайдаланады. Жылыжайға ең жоғары бағаланатын ультракүлгін сәулені жақсы өткізетін ульвиолды шыны болып табылады.

Кең тарағаны екіқатарлы жылыжай. Оны оңтүстіктен солтүстікке аздап (8-150) шығысқа қарай бұрылыспен, яғни шығыстан-батысқа қарай салынады. Жылыжайдың биіктігі 2,5-3,5 м аралығыда болады. Ені пайдалану жағдайының қажетіне қарай, 6-18 м аралығында болады. Жылыжайдың ұзындығы оның құрылысынан ғана емес, басқа факторларға жылу жүйесіне, жер бедеріне байланысты. Сумен жылытылғанда орташа ұзындығы 30-40 м деп есептеледі.

Орталық аймақтағы өндірістік шаруашылықта дүзу орналасқан екіқатарлы жылыжайлар шығыстан батысқа бағытталған, ені 6-9 м шыны коридордан тұрады. Ол қосалқы шаруашылық пен жылыжай арасында дайындық жұмыстарын, топырақ дайындау, өсімдіктерді тасып отырғызу тағы басқа жұмыстарды атқарады.

Көпқатарлы, екіқатарлы жылыжайлар бірге жалғасқан. Олар шыны немесе судырлақпен жабылған. Оның ішкі қабырғалары бағандармен алмастрылған.

Құрылысы мен пайдалану мақсатына қарай көпқатарлы жылыжайлар мынандай болады: а) маусымдық, жиналмалы, жеңіл металдан немесе ағаштан жасалған қаңқалары болады, шынылы немесе екі қабат судырлақпен жабылған; олар орталықтан жылытылған жылумен, калорифермен, биотопта немесе күн сәулесімен жұмыс істейді. Оларды көшеттерді өсіру үшін және көктемде қалемшелендіру үшін, немесе басқа өсімдіктерді күзгі уақытта сақтау үшін пайдаланады; б) тұрақты жылыжай - шынымен жабылған, орталықтан жылытылған, ылғалдылығы, суаруы, қоректенуі, көмірқышқыл газы, температурасы автоматты түрде реттеледі.

Ангар типті жылыжайлар - биіктігі 5-7 м, ішкі аралық тіреусіз, жарық мол түсетін бөлме. Металды қаңқасы трубалардан жасалған, кейбір жағдайда жылытуға пайдаланылады. Жылыжайдың үлкен биіктігіне байланысты жылуды көп қажет етеді, сондықтан да оны биік мәңгі жасыл өсімдіктер пальма, қылқан жапырақтылар, лаврлар және тағы басқалары үшін пайдаланады.



Көшетхана - арзан қарапайым құрылыс. Орталық аймақта наурыздан бастап қарашаға дейін пайдаланады. Олар бір жылдық өсімдіктерді көктетіп, өсіруге, қалемшелеуге арналған.

Көшетхана бірнеше түрлі: 1) құрылысы бойынша бір қатарлы, оңтүстікке қараған және екі қатарлы жарық түсетін терезелері шығыс пен батысқа қараған; 2) пайдалану түріне қарай тұрақты немесе уақытша (яғни тасымалданатын); 3) биологиялық отынмен және техникалық қыздырғыштарымен; 4) олар дайындалған материалдың түріне қарай ағаштан, темір бетоннан, тастан жасалған. Кейінгісі бұл алдыңғы екеуінен суық болады.

Көшетхананың көлемі пайдаланатын рамалардың стандартты 160х106 см өлшемімен анықталады. Сондықтан ені тұрақты 160 см, ал ұзындығы пайдаланылған рамалардың санына байланысты. Мысалы: жиырма рамалық 21,2 метр, он рамалық 10,6 метр т.б.

Екі қатарлы көшетханалар бұл екі еселенген бірқатарлы көшетхананың бір-біріне биік жағымен жалғасқан. Көшетханалары солтүстіктен оңтүстікке бағытталған.

Қатарлары 10-180 шығысқа және батысқа қарай еңкіш жасалады. Тұрақты көшетханаларда ереже бойынша шұңқырлар болады. Оның тереңдігі өсірілетін дақылдың ауданына қарай пайдаланатын уақыты мен қажетті температураға байланысты. Ең жоғарғы температура ондағы биоотынның жануына байланысты 18-200С -ге дейін жетуі мүмкін. Бұндай көшетханалар ерте пісетін өсімдіктерге байланысты. Орташа көшетханалар тереңдігі 50-60 см, 14-160С температурада жылу береді. Бұл жартылай жылы көшетханаларды наурыздың аяғы мен сәуірдің басында пайдаланады. Салқын көшетханалар шұңқырдың тереңдігі 30-40 см температурасы күннің қыздыруына байланысты, сәуір - мамырда пайдаланады.

Гүл өсіруде жартылай салқын және салқын көшетханаларды пайдаланады. Шұңқырды енінің төменгі жағын 1,2 м, жоғарғы жағын 1,6 м қиғаш қазады.

Көшетханаларды көбінесе биоотынмен қимен, қоқыспен басқа қалдықтармен жылытады. Олар шірігенде жылу бөледі. Бір рама көлеміне 0,4-тен 1 тоннаға дейін биоотын қажет.

Ең жақсы биоотын жылқы тезегі. Биоотынды күзгі - қысқы уақытта дайындайды. Шұңқырдың биіктігіне 20-25 см қалғанша биоотын толтырады. 10-12 см қалыңдықта қоректендіргіш топырақ себеді. Бетін рамамен жабады. Бірнеше күннен кейін раманы ашып, биоотын қыздырылған болса, басқа қажетті жұмыстарды жасай беруге болады.

Көшеттерді өсіру үшін кейде жылытылған жүйектерді пайдаланады. Ол үшін ені 80-90 см, тереңдігі 20-30 см болатын, ұзындығын қажетінше келтіреді. Оны 15-25 см қалыңдықта ыстық қимен толтырады, содан кейін бетін қоректендіргіш топырақпен жабады.

Гүлді өсімдіктерді көшетханаларда кейбір күндері артық жоғары температура пайда болады. Ол биоотын мен күн энергиясының артық қыздыруынан болады. Бұндай кезде күндіз рамалар мен судырлақтарын ашып желдетіп алады. Салқын түскен кезде раманың үстін соломадан немесе қамыстан тоқылған жабқыштармен жабуға болады.



Тапсырма:

  1. Жылыжайдың құрылысына сипаттама беру

  2. Көшетхананың құрылысына сипаттама беру

  3. Жылыжайларды жабу түрлерін айту

  4. Жылыту тәсілдерін түсіндіру

Бақылау сұрақтар:

  1. Жылыжайлардың қандай түрлері бар?

  2. Тұрақты булы жайда ең жоғарғы температура қанша?

3.Ең жақсы биотынды және оларды дайындау уақытын атаңыз?

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Домненкова Л. Комнатные растения. -Мн.: Харвест, 2000. -410с.

  2. Клаус К. 300 растений для дома и офиса. -Ростов н/Д: Феникс, 2002. -320с.

  3. Слюсаренко А., Румынин В. Возрождение гортензии: Комнатные растения. //Флора. -2001. -№4. –С.13-16.

  4. Соколова Т.А., Бочкова И.Ю. Декоративное растениеводство. -М.: Изд. Центр «Академия», 2004. -432с.


9 тақырып Өсімдіктердің көбеюі. Көшетсіз көбейту. Көшет арқылы көбейту

Мақсаты:

Өсімдіктерді көшетсіз және көшет арқылы көбейту жолдарымен танысу, көбейту



Жоспар:

  1. Көшетсіз көбейту

  2. Өскіндерді сирету

  3. Көшет арқылы көбейту

Керекті құрал-жабдықтар:

Топырақ түрлері, тұқым, көшеттер, тыңайтқыш


Жалпы түсініктеме
Көшетсіз көбейту. Біржылдықтарды көшетсіз көбейту арқылы өсіру еңбек және қаржылай шығындарын қысқартады, сонымен қатар өсімдіктер тез мықты өсуімен және аз ауыратынымен ерекшеленеді.

Бұлай өсірудің кемшілігі өсімдік, көшетпен өсірілген өсімдіктермен салыстырғанда кеш гүлдейді және тұқым 2,5-3 есе көп жұмсалады. Гүл тұқымын өсіруге арналған топырақ өте мұқият дайындалады. Жыртылған жер жоспарланады, қопсытылады, тырмаланады. Біржылдықтарды көшетсіз әдісімен өсіргенде тұқымды сәуір айының аяғында – мамыр айының басында себеді. Жылусүйгіш өсімдіктердің тұқымдарын мамыр айының екінші-үшінші жартысында себеді. Өсімдіктің кешірек гүлдеуі үшін осы уақытта тұқымды себе бастайды.

Өсімдіктің өзара қашықтығын және қатар арақашықтығын өсірілетін өсімдіктің түріне және биологиялық ерекшеліктеріне байланысты белгілейді.

Тұқымды трактормен дайындалған немесе қолмен дайындалған жүйекке себеді.

Егер жер жыртудан немесе қопсытудан бұрын тыңайтқыш енбеген болса, онда қарық жасау кезінде 30-50 г суперфосфат, 20-30 г аммиак селитрасын және 10-15 г калий тұзын 1 м2 жерге енгізеді. Қышқылдылығы жоғары топыраққа извест араластыру ұсынылады. Тұқымдарды жақсы желдетілген шымтезекпен, құммен немесе қарашірікпен жауып қоюға болады. Себілген тұқымды катокпен таптайды, ұқыпты суарды. Үлкен алаңда кең қатарлы ленталы 3-4 қатарлы дән сепкіш қолданылады, қатар аралығы 20-30 см, лента аралығы 60 см болу керек.

Қысқы егіс қаратопырақсыз аймақта қазан айының үшінші жартысында жүргізіледі. Тұқым себердің алдында топырақ пен қатар орналасқан жүйектерді күні бұрын дайындайды. Күзде сепкен тұқымды шымтезекпен немесе қарашіріндімен 2-3 см қалыңдықта жабады. Кейбір шаруашылықта қыста қиыршық тасты жерді қолданады. Тұқым себуге жерді күз айларынан бастап дайындайды. Қардың қалыңдығы 15-20 см болғанда күні бұрын 1,5-2,0 см тереңдікте жоспарланған қарықтарға тұқым себеді. Содан кейін желдетілген шымтезекпен немесе осыған дейін қатпайтын жерде сақталған қарашірікпен жабады.



Өскіндерді сирету. Уақытында сирету ашық жерде өсірілетін өсімдіктердің өсіп дамуына шешуші ықпал етеді. Тұқымнан өскіндер өсіп шыққанда қалың өскен жерлерін екі рет сиретеді. Бірінші рет - өскіндердің жартысын қалдыра отырып, нағыз жапырақтардың алғашқы жұбы шыққанда. Екінші сиреткенде 3-5 жапырақтар пайда болғанда, яғни екі апта өткеннен кейін. Сиреткенде әлсіз өсімдіктерді алып тастау керек, ал мықтыларын басқа жерге орнату үшін қалдырады. Сиретер алдында өсімдіктерді суарады.

Көшет арқылы көбейту. Гүлді өсімдіктер көшеттерін дайындау үшін жәшіктерге тұқым себеді. Өсіп шыққан өскіндерді жылы жерде екінші сиретуге дейін көшетханаға отырғызады. Жәшіктер мен құмыраларды тұқым себер алдында 40% формалин (1: 300) ерітіндісімен дезинфекциялау керек. Егерде тұқым аз болса жәшікке ірі түйіршікті құм немесе ұсақ тастар мен керамзит, ұсатылған кірпішпен 2-3 см қалыңдықта салады, содан кейін құнарлы бақ топырағын салады. Оның құрамы өсіретін өсімдіктің түріне қарай өзгереді. Топырақтың үстін тегістейді, топырақ бетіне жеңіл жапырақ жері себіліп 1-2 мм тереңдікте оған тұқым себіледі. Өте ұсақ тұқымдарды сеуіп оны жеңіл нығыздайды. Өте ұсақ тұқымды қар бетіне себу жиі кездеседі. Қар ерігенде тұқым ылғалмен бірге топыраққа сіңеді. Ірі тұқымдар себілген жәшіктерді ұсақ сеткілері бар кішкентай лейкамен ұқыптап жіңішкелеп 20-25 0С-ғы жылы сумен суару керек. Одан әрі күтім көрсеткенде топырақты өте ылғалдандырып немесе құрғатып жіберуге болмайды. Гүлді өсімдік тұқымдарын өсіру үшін температура 15 0С-ден 20-25 0С-ге дейін болу керек. Өскіндер пайда бола бастағанда күн көзінің сәулелері тура түспейтіндей қылып жарыққа қояды. Күн жылына бастағанда көшеттері бар жәшіктерді үнемі желдетіліп тұратын жылы және жартыдлай жылы көшетханаға көшіреді.

Тапсырма:

  1. Көшетсіз жолмен өсімдіктерді көбейту

  2. Өскіндерді сиретудің маңызын және оның жолдарын түсіндіру

  3. Көшет арқылы өсімдіктерді көбейту

Бақылау сұрақтар:

  1. Өсімдіктің өзара қашықтығын және қатар арақашықтығын қалай белгілейміз?

  2. Өскіндерді бірінші рет қай кезде сиретеміз?

  3. Өсімдіктерді екінші рет қай кезде сиретеміз?

  4. Біржылдықтарды көшетсіз көбейту мен көшет арқылы көбеутугі ерекшеліктері қандай?

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Бабин Д. Комнатное цветоводство. -Смоленск: Русич, 2002. -448.

  2. Друзья и целители нашего дома: Комнатные растения.–Ярославль: Академия Холдинг, 2000. -192с.

  3. Соколова Т.А., Бочкова И.Ю. Декоративное растениеводство. -М.: Изд. Центр «Академия», 2004. -432с.

  4. Тавлинова Г.К. Цветы в комнате и на балконе. -Л.: Агропромиздат. 1990. -352с.


10 тақырып Тұқым себу әдістері. Өсімдіктің түрі мен сортына байланысты себу уақыты

Мақсаты:

Тұқым себу әдістерімен танысу, оларға керек орта жағдайларын білу



Жоспар:

  1. Тұқым себу әдістері

  2. Өсімдіктің түрі мен сортына байланысты себу уақыты

Керекті құрал-жабдықтар:

Өсімдік тұқымдары, құмыралар, контейнерлер, газет, парақ, шанышқы, топырақ, керамзит


Жалпы түсініктеме
Тұқымнан өсімдікті өсіру шін, жақсы жарықтандырылған, ауа райы тез құбылмайтын жылы орын дайындау керек. Тікелей соғатын жел болмау керек, тыныштық болуы міндетті. Көшеттері бар құмыраларға көп орын керек. Бұлай көбейтуде арнайы құрал-жабдықтар жылы жайлар керек емес, күн сәулесі мол түсетін үлкен бөлме немесе ас үйдің терезесінің алды да жарайды. Тұқымды өсіру үшін тұқым санына байланысты кішігірім контейнерді пайдаланыңыз. Контейнерді мұқият жуу керек. Өсімдіктің түрі мен сортына қарай әр түрлі көлемдегі ыдыстарды пайдалану керек. Өйткені ол өсімдіктердің әр түрлі жылдамдықта өсуіне байланысты. Пластикалық ыдыстарды және контейнердің су жинағыш сауыттарын пайдаланыңыз. Контейнерге тиіспей күн сайын қиыршық тастарды текеріп тұрыңыз. Қажет болса топырақты суарып тұрыңыз, ол үнемі дымқыл, бірақ шылқыған су болмауын қадағалаңыз. Контейнерді желден сақтайтын орында, бір ұалыпты температурада ұстаңыз. Егер қорапта ерекше нұсқау болмаса, температура 16-21 0С болуы керек. Қараңғылықта жақсы өсетін тұқымдарды шкафта немесе қандай болса да басқа орында контейнердің бетін шынының үстін газетпен немесе қандай болса да арнайы жапқышпен жауып өскін топырақ бетіне көрініп өсіп шыққанша ұстау керек. Көктеп шығысымен жарық мол керек (бірақ тіке түсетін күн сәулесі емес). Таза ауа жіберу үшін бетіндегі жапқыштарын шамалап ашу керек. Өскіндер ұзарып өсе бастағанда бетіндегі жапқыштарды алып тастау керек. Өсімдіктер қажетті биіктікке жеткен кезде оларды көшіріп отырғызады.

1. Контейнерге шымтезек немесе шымтезегі бар топырақ қоспасын салыңыз. Саздан жасалған ыдыстарды күні бұрын суда бір сөтке ұстау керек. Осындай ыдыстардың түбіне кішкентай таза керамзиттерді қаластыру керек. Осының үстіне тұқым өсіретін арнайы топырақ төгеді, ол арнайы тазартылған, құрамында жеткілікті мөлшерде қоректік заттары бар болуы керек. Контейнерде топырақты біркелкі етіп жайыңыз.

2. Контейнерді толтыру үшін тағы да аздап топырақ салыңыз. Ағаш тақтайды пайдаланып жоғарғы жағын тегістеңіз. Үстіңгі жағын алақаныңызбен немесе джемнің банкасімен жеңіл таптаңыз. Тапталған жоғарғы бетімен контейнердің жиегінің арасы 2 см болу керек.

3. Бір парақты қағазды төсеп оның бетіне тұқымдарды сеуіп тастаңыз. Қағаздың шетінен бастап жайлап үстінен қаға бастаймыз тұқымдар біркелкі жайылғанша. Тұқымдар тым шетке кетіп қалмауы керек. Себебі шеттегі топырақ тез кебеді. Өсімдіктің аты мен себілген уақыты жазылған белгіні бекітіңіз.

4. Тұқымның көп бөлігі топырақтың жұқа қабатында жақсы өседі. Қиыршық тастардың бетіне илеуішті пайдаланып аздап топырақ себіңіз. Топырақтың қалыңдығы тұқымның диаметрінен 3-4 есе көп болу керек. Өте кішкентай тұқымдар үшін өте жұқа топырақ қабаты керек.

5. Контейнерді ортасына дейін су толтырылған ыдысқа қойыңыз. Топырақтың бетін дымқыл басқанша қоямыз. Контейнерді алаңызда артық суды төгіңіз.

6. Егер сізге арнайы тұқым өсіруге арналған инкубатор жоқ болса контейнердің бетін полиэтилен пакетімен жабыңыз және оның шеттерін еркін түрде байлаңыз. Сол сияқты контейнердің бетін шыны қақпақпен жабуға болады, бірақ оның шеті топырақтың бетіне тимегеніне көз жеткізіңіз. Қараңғыда өсетін тұқымның бетін газетпен жабуға болады.

7. Көшеттердің бойы жеткілікті мөлшерде өскенде басқа контейнерге орналастырыңыз. Бұрынғыдай қиыршық тас салынған ыдыс дайындаймыз. Өскіннің тамырлары кеуіп қалмас үшін жауып қоюға сізге дымқыл газет керек. Өскіндері бар жапырақтың кішкене бөлігін қазып алу үшін кәдімгі шанышқыны пайдаланыңыз. Өскіндердің тамырларын зақымдап алмай бір-бірінен ептеп ажыратып жапырақтарынан ұстап көтеріңіз.

8. Қиыршық таста ара қашықтығын 4-5 см қылып орын дайындау үшін қарындашты немесе таяқты пайдаланыңыз. Өскінді жапырағынан ұстап ептеп орындарына азғана тереңдікте орналастырыңыз. Су құйылған ыдыспен өсімдікті бұрыңғыдай суарыңыз. Тікелей күн сәулесі түспейтін етіп контейнерді жарыққа орналастырыңыз. Өсімдіктің бойлап өсуіне қарай нағыз жапырақтар өсе бастайды. Жапырақтары өсіп біріне-бірі тие бастағанда оларды жеке ыдысқа отырғызыңыз.

Тапсырма:


  1. Қажетті құрал-жабдықтарды дайындап алу

  2. Контейнерге шымтезек немесе шымтезегі бар топырақ қоспасын салу

  3. Ағаш тақтайды пайдаланып жоғарғы жағын тегістеу

  4. Бір парақты қағазды төсеп оның бетіне тұқымдарды себу

  5. Көшеттердің бойы жеткілікті мөлшерде өскенде басқа контейнерге орналастыру

Бақылау сұрақтар:

  1. Өсімдіктерді тұқым арқылы көбейтудің жолдарын түсіндір

  2. Не себептен тұқымдар тым шетке кетіп қалмауы керек?

3.Көшеттерді құмыраға отвырғызуда керамзиттің маңызы қандай?

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Бабина Н., Бабин Д. 600 практических советов. Цветы дома и на участке.-М.:Континент-Пресс,1999, -480с.

  2. Голубев В.: Экологическая культура помещений: Комнатные растения. //Флора. 2002. №4. –С.4-9.

  3. Сквайер Д., Кроутер М. Комнатные растения: практ. Руководство. -М.: Омега, 2006. -128с.: ил.

  4. Слюсаренко А., Румынин В. Возрождение гортензии: Комнатные растения. //Флора. -2001. -№4. –С.13-16.


11 тақырып Біржылдық өсімдіктердің көбеюі. Екі жылдық өсімдіктердің көбеюі. Көпжылдық өсімдіктердің көбеюі

Мақсаты:

Өсімдіктердің көбею тәсілдерін білу және практикада қолдану



Жоспар:

  1. Бұтаны бөліктерге бөлу арқылы көбейту

  2. Қалемше арқылы көбейту

  3. Жуашықты және түйнекті өсімдіктерді көбейту

Керекті құрал-жабдықтар:

Өсімдіктер, тұқым, пышақ немесе бау қайшы, құмыралар, топырақ, құм, қарашірік



Жалпы түсініктеме
Негізінен барлық бөлме өсімдіктерін тұқым арқылы көбейтуге болады, бірақ бөлме жағдайында бұл процесс көп еңбекті қажет етеді. Сонымен қатар тұқыммен өсірілген өсімдік тек 5-7 жылдан соң ғана жетіледі және өзінің аналық қасиетін жиі жоғалтады. Сондықтан бөлме жағдайында көбеюдің вегетативті тәсілі ең тиімді, тез және сенімдісі. Оны бөлу, қалемшелеу, ұластыру, сұлама бұтақтары арқылы көбейту тәсілдерін қолдану арқылы жүзеге асырады.

Көбейтудің ең қарапайым түрі – бұтаны бөліктерге бөлу. Оны жыл бойы қолдануға болады (тек гүлдеу кезінде емес), өсімдікті өсу алдында қайта отырғызу кезінде бөлген жөн. Бұтаны абайлап құмырадан алған кезде топырақ кесегін бұзып алмау керек және өткір пышақпен не бау қайшымен оны бірнеше бөліктерге бөледі. Әр бөлікте 2-3 өркеннен кем болмау керек. Оларды арнайы дайындалған құмыраларға бөлек отырғызады және күн сәулесінен жасырын ашық жерге қояды.

Жер үстілік сұлама бұтақтарын құрайтын өсімдіктерді өсіру одан да оңай. Олар жеке дара өсімдіктер ретінде ұсынылады. Оларды аналық өсімдіктен бөліп, бөлек ыдысқа отырғызады.

Көбеюдің ең кең тараған түрі сабақты қалемшелер. Ол көптеген шөптесін әсемдік өсімдіктеріне (қазтамақ, олеандр, фикус, пальма, қоңыраугүл, қасқыржем, традесканция, наурыз шешек) тән. Аналық өсімдіктен қиғаш кесумен, бүршіктен төменірек 2-3 буынаралық және 8-10 см ұзындықта бірнеше жапырақтары бар өркеннің бөлігін бөліп алады. Жоғарғы кесуді түзу жасайды, бүршіктен 1-2 см жоғары қылып. Шөптесін сабақтың төбесін, ортасын және де бүйірлік өркеннің бөлігін немесе бүтіндей алуға болады. Үлкен жапырақты даралардың астыңғы жапырақтарын алып тастайды, ал жоғарғыларын булануды азайту үшін жартылай кесіп немесе жіппен бекітіп түтік қылып орап қояды.

Бөлінген қалемшені суда, ылғалды ірі құмда немесе шымтезекте тамырлатады. Бірінші жағдайда қалемшені бөтелкеге мақтаның көмегімен бекітеді, астыңғы бөлігін 5-6 см-ге суға түсіреді. Қалемшеде тамыр пайда болғаннан кейін, оны ыдысқа отырғызады. Оның үсті құммен, асты қарапайым топырақ қоспасымен толтырылады.

Субстратта тамырлатқан кезде қалемшені 1-2 см-ге тереңдетеді. Отырғызғаннан кейін үстіне су себеді және үстін шыны ыдыспен немесе полиэтиленді судырлақпен жабады және оны күніне 1-2 рет бірнеше минутқа көтеріп отырады. Қалемше тамыр жіберген кезде, желдетудің уақыты да ұзарады, ал өсімдік күнделікті жағдайға үйренген соң полиэтиленді судырлақты немесе шыныны мүлдем алып тастайды. Қалемшені тамырлату үшін көпшілік бөлме өсімдіктері үшін бөлмеде оптимальды ауа температурасы +(22-26 0С) және ауаның жоғары ылғалдылығы (90-95% шамасында).

Узамбар шегіргүлі, бегония, дримиопсис, сансевьера, каланхоэ, эхеверия және тағы басқа сияқты көптеген өсімдіктер жапырақты қалемшелер арқылы оңай көбейеді. Көбінесе сағағы бар жеке жапырақтарды жиі алады немесе сирек жапырақ бөліктерін алады. Бүтін жапырақтарды сабақты қалемшелер секілді суда немесе кез-келген басқа субстратта тамырлатады.

Жуашықты және түйнекті өсімдіктерді олардың жер асты мүшелерін бөлу арқылы көбейтуге болады. Аналық жуашықтың қолтығынан немесе түйнектен көптеген жас жуашықтар немесе түйнектер пайда болады. Оларды қайта отырғызу кезінде бөліп алып бөлек ыдысқа отырғызады. Оларға деген күтім ересек өсімдіктерге сияқты болу керек. Кейбір жағдайларда түйнек немесе жуашықты бөліктерге бөліп, күнделікті тәсілмен өсіреді.

Вегетативті көбейтудің тағы бір түрі ұластыру болып табылады. Өсімдіктің ұластырушы бөлігі бұл – телінуші, ал бұған ұластырылатын телітуші деп аталады. Телінуші үшін бірнеше бүршікті сабақтың жартысынан сабақты қалемшені немесе бір бүршікті алады. Телітуші үшін төзімді, тез өсетін жас, сау өсімдікті қолданады. Ұластыру арқылы өсіру тәсілдері алуан түрлі. Ең кең тарағаны бүршік телу, қалемшелеп ұластыру. Телітуші мен телінушіде өткір пышақ пен бірдей пішінде кескіндер жасайды. Содан кейін телінушіні телітушіге салады, сол кезде олардың кесілген орындарын қосуға тырысады. Телінушіні жабысқақ лентамен, жіппен, жіңішке резеңкемен бекітеді. Әдетте телітуші мен телінушінің бірігіп өсуі 2-3 аптадан соң болады. Ұластырудың ең жақсы уақыты ол телітуші мен телінушінің белсенді өсу кезеңі.

Ұластыру әсемдік бақ өсіруде кеңінен қолданылады. Раушангүлді, шайшөпті, азалияны кактусты ұластыру жолымен көбейтеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет