Қазақстанның орманды даласы тегіс жазық болып келеді (Батыс Сібір ойпатының оңтүстік бөлігі). Жер бедерінде көптеген ұсақ көлдермен толған, жағалаулары жайпақ болып келетін қазаншұңқырлар кездеседі. Жер беті солтүстікке қарай еңіс, осы бағытта абсолют биіктігі 180 м-ден 120-ға дейін азаяды. Жер бедеріне солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай бағытталған жалдар тән. Олардың ұзындығы 20-25 м-ге дейін жетеді.Жер бедерінің жалпы ойпатты сипатын қазіргі өзен аңғарлары бұзады. Ең ірі өзен – Есіл өзені.
Петропавлдан оңтүстікке қарай (55°солтүстік ендіктен оңтүстікке қарай) орманда далаға тән емес белдем орналасқан. Сұр орман топырағында өсетін көктеректі-қайыңды орман шоқтары бірте-бірте сирей береді. Орман шоқтары тек көтеріңкі жерлерде ғана кездеседі. Ландшафттарында сазды-көлдік және эолдық жазықтардың қара топырақтарында өскен жусанды-бетегелі-бозды дала өсімдіктері таралған. Өзен жайылмасының шалғынды және шалғынды сор топырақтарында әр түрлі астық тұқымдас шалғынды өсімдіктер кездеседі.
Орманды дала зонасында орманның да, даланың да аңдары кездеседі. Жалпы алғанда орманды дала мен дала ландшафттарының жануарлар дүниесінде табиғи шекара әлсіз болып келеді. Көбінесе орман фаунасы басым. Мұнда дала тышқандары, ақ қоян, түлкі, қасқыр көп кездеседі. Орманды дала Қазақстандағы бұлан мекендейтін бірден-бір орын болып табылады. Үкі, қаршыға, бұлдырық, ителгі, ұзақ, қарға құстары тіршілік етеді. Орманды даладағы көп ұсақ көлдерде үйрек, шағала, т. б. жыл құстары ұя салады. Өзен бойындағы ну қамыстарда жабайы шошқа да мекендейді.
Қазақстан аумағында дала зонасы республиканың 30%-дай жерін алып жатыр (77 млн га). Ол Каспий маңы ойпатының солтүстігінде, Жалпы Сыртта, Орал тау алды үстіртінде, Торғай үстіртінде, Сарыарқаның көп бөлігі мен Теңіз, Қорғалжын көлдерінің маңында орналасқан. Батыстан шығысқа қарай мөлшермен алғанда 2200 км-ге созылып жатыр. Дала ландшафттары орналасқан жерлердің тектоникалық құрылымы мен геологиялық құрылысы әртүрлі болып келеді. Орал, Мұғалжар тауларына дейінгі батыс бөлігі ежелі платформаның плиталық жазығынан тұрады. Дала ландшафтысы бұл аумақтарда теңіз табанды саз балшықты, борлы жыныстардың негізінде қалыптасқан. Бұл жерлердің шөгінді жыныстары теңіз басуы мен құрлық көтерілуінің нәтижесінде қабаттаса орналасқан лесс тәрізді саздақтан, қиыршық тасты саздақтар мен сазды жыныстардан түзілген. Жер бедері ойпатты, қыратты, үстіртті болып келеді. Сарыарқада ежелгі калеодондық тау жүйелерінің аласа жұрнақтары кездеседі.
Құрғақ дала ландшафттары
Жылу мен ылғалдың шамасына байланысты дала зонасы мынандай ландшафттық бөліктерден құралады: 1) қара шірік қабаты орташа болып келетін, шөптесінді боз өскен қоңыржай қуаң дала; 2) қара шірік қабаты шамалы болып келетін шөптесінді – бетегелі боз өскен қуаң дала; 3) күңгірт қызыл қоңыр топырақта өскен бетегелі – бозды дала. Ландшафт құрамындағы сортаңдық топырақ пен грунттың сулы – тұздық режимінің ерекше дамуымен байланысты. Топырақ пен грунттағы ылғал мен тұздың бөлінуіне жер бедерінің мезо және микроформалары мен топырақ түзуші жыныстардың литогендік негіздері әсер етеді. Бұл ландшафт түрлері Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар облыстарының территорияларында дамыған. Бұлар Орал сырты үстіртінің денудациялық-акумуляциялық жазығында, Көкшетау маңындағы қыраттарда, Қазақстанға жалғас жатқан Батыс Сібір көлтабанды жазығында қалыптасқан.
Қара шірік қабаты шамалы болып келетін шөптесінді-бетегелі-боз өскен қуаң дала – Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола және Павлодар облыстарының жерін алып жатыр. Ландшафттың құрылымы саздақты жондар мен сазды жалды – қолатты көлдік, баяу еңістенген сазды абразиялық, сазды-құмдақты денудациялық жонды төбелер мен террасалы алювийлік жазықтардан құралған. Бұл ландшафт аумағындағы қара топырақта түрлі шөптесінді боз дала орналасқан. Мұнда шалғындық-далалық және далалық-сортаңдар жиі кездеседі. Субдоминант типіне жататындар: орман шоқтары өскен жыралар мен сайлар, шалғынды және бұталы суффозиялық ойыстар, тұзды және қатқылды сорлар.
Селеулі боз дала
Шөлейт зона ландшафттары
Шөлейт зона ландшафттары
Шөл зонасының ландшафттары
Сазды шөлдер
Құмды шөлдер Каспийден Тянь-Шань мен Жоңғар Алатауына дейінгі үлкен аумақты алып жатыр.
Құмды жер бедері әр алуан болып кезеді: қырқалы, шағылды және төбелі құмдар. Құмды шөлдер қысқы жайылым ретінде пайдаланылады.
Сазды шөлдер. Бетпақдала мен Үстірттің аумағында орналасқан. Бұларда топырақ қабаты қалыптаспаған. Сазды, тақыр жерлер кейде құмды массивтер арасында да кездеседі.
Сортаңды шөлдер тайыз тұзды көлдердің кеуіп қалған орындарында таралған. Сор жерлердің айналасында галофитті өсімдіктер өседі. Сортаңды шөлдер кейде сазды-қиыршықтасты шөлдермен ұштасады.