Сергиополь жалпы білім беретін орта мектеп
Оқушының зерттеу жұмысы
Тақырыбы:
Итмұрынның емдік қасиеті
Жұмысты жүргізген: Тұрлыханов Ерсұлтан
Жұмыстың жетекшісі: Абаева Г.Т.
1-сынып оқушысы
Тұрлыханов Ерсұлтан
Абаева Гульжазира Тулеугазиновна
Бастауыш сынып мүғалімі
Еңбек өтілі : 30 жыл
Санаты : жоғары
Итмұрын – раушангүлдер тұқымдасына жататын көпжылдық бұталы өсімдік. Биіктігі 2 метр. Бұталары тікенекті.
Итмұрын
сипаттамасы
Республиканың
(Алтай, Тарбағатай, Жоңғар Алатауы) , Орталық және Оңтүстік шығыс бөлігінде тауда, жазықта, қорым тастарда, беткейлерде, ормандарда, дымқыл топырақты жерлерде бұталар арасында өседі. Аягөз өңірінде өзен жағасындағы тоғайларда өседі.
Табиғатта таулы-тасты жерлерде, беткейлерде, орманда, су жағалауында өседі. Табиғи түрі Қазақстанның барлық тау бөктерлерінде өседі.
Гүлі қос жынысты, дұрыс гүл (актиноморфты) тостағаншасы жіңішке жасыл түсті, күлтесі ашық күлгін немесе қызғылт түсті. Тостағаншалар мен күлтелер саны бірдей (5тен), аталық пен аналықтары көп (саны анықталмаған), гүлі көлемді (диаметрі 6 см-ге дейін), үзын гүл табанына көбінше жалғыздан, сирек топтасып бекиді.
Раушан туысының жидегі құрылысы күрделі, күлте жапырақшаларының құмыра немесе бокал тәрізді болып, қабырғаларының ішкі жағында бекінген көптеген сарғыш жаңғақтар, қою да қаттылау түктермен бөлінген. Біз суреттеп отырған түрдің жемісі пісіп-жетілген қою, ашық-қызыл түсті.
Итмұрынның құрамы
Итмұрынның гүлі ақ, қызғылт, сары түсті, диаметрі 4-6 см, хош иісті, жай күлтелі және гүлпарлы да түрлері бар. Мамыр, маусым айларында гүлдейді. Жемісі тамыз, қыркүйек айларында піседі. Жемісі сопақша келген жылтыр, түсі қызыл немесе қызғылт-сары болады.
Итмүрын түрлері
Итмұрынның құрамында Менделеев кестесінің жартысы бар деуге болады. Итмұрынның тамыры, жапырағы, жемісі адам ағзасына өте шипалы.
Құрамындағы аскорбин қышқылы
қарақатқа қарағанда 10 есе, лимонға қарағанда
50 есе артық мөлшерде болады. Медициналық тұрғыдан итмұрынның құндылығын оның құрамында көп мөлшерде болатын С дәрумені арттырады. Сонымен қатар итмұрынның құрамында В, К, Р дәрумендері, тұқымында Е дәрумені, каротин, қант, сондайақ, илік, пектинді, бояулық заттар, органикалыққышқылдар, минералды заттар, макро микроэлементтер
болады.
В
С
К
Е
Медицинада итмұрынды поливитамин ретінде, ағзада дәрумендер жетіспегенде, атеросклерозға қарсы, қан қысымы көбейгенде, қан аздыққа, иммунитетті көтеруге, сынған сүйекті тез бітіретін және бауыр ауруларын емдейтін дәрілік өсімдік ретінде пайдаланады.
Дәрілік қасиеті
Итмұрын шайы антиоксиданттар, флавоноидтер, дәрумендер (С, К), минералдарға бай. Диарея ауруы кезінде ішуге кеңес береміз.
Итмұрын майы-
ерін бальзамы
Достарыңызбен бөлісу: |