Декоративті гүлдендіру ІІ бөлім Әдістемелік нұсқау Қостанай, 2012 ббк 42. 374 Т 22



бет3/4
Дата13.02.2017
өлшемі0,57 Mb.
#9148
1   2   3   4

Тапсырма:

  1. Кесілген бұталарды көктету жолымен танысу

  2. Кесілген бұталарды көктету мезгілін және оларды көктету жолдары, ережелерін білу

Бақылау сұрақтары:

  1. Жұпаргүлге арналған ең жақсы қоспаны қандай ыдыста дайындайды?

  2. Талапқа сай қоспа дайындауға мүмкіндік болмаса кесілген бұтақтарды көктетуді қандай қоспада жүргізуге болады?

  3. Қыста кесілген бұталарды (қаңтар, ақпан) қалай жібітуге болады?

  4. Бұтақтарды қараңғылау үшін қандай жапқыштарды пайдаланамыз?

  5. Бұтақтың гүлдеу ұзақтығын қалай ұзартуға болады?

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Бабин Д. Комнатное цветоводство. -Смоленск: Русич, 2002. -448.

  2. Друзья и целители нашего дома: Комнатные растения.–Ярославль: Академия Холдинг, 2000. -192с.

  3. Соколова Т.А., Бочкова И.Ю. Декоративное растениеводство. -М.: Изд. Центр «Академия», 2004. -432с.

  4. Тавлинова Г.К. Цветы в комнате и на балконе. -Л.: Агропромиздат. 1990. -352с.


10 тақырып Әр түрлі топтағы өсімдіктерге күтім көрсету ерешеліктері

Мақсаты:

Қырыққұлақтыларға, Пальмаларға, Бромелилерге, Геснерилерге жалпы сипаттама беру, осы топтағы өсімдіктерге күтім көрсету ерешеліктерін білу



Жоспар:

  1. Қырыққұлақтылар

  2. Пальма

  3. Бромелилер

  4. Геснериелер

Керекті құрал-жабдықтар:

Қырыққұлақтылар, Пальма, Бромелилер, Геснериелер



Жалпы түсініктеме
1.Қырыққұлақтыларбөлме өсімдіктерінің ішіндегі ең сәндісі болып есетелінеді. 6000 түрі бар. Дымқылды ортада тропикалық және субтропикалық елдерде өседі. Қырыққұлақ құрғақ топырақты сүймейді. Үнемі топырақтың дымқыл болуын қадағалаған жөн. Үстеп қоректендіруде органикалық және минералды тыңайтқыш қолданылады. Қырыққұлақтар көп түрлі болады. Ағаш тәрізді және шөп тәрізді түрлері өте сәнді болып есептелінеді. Оларды көбіне гүлшоқтарын сәндеуде қолданады.

Адлантум – сабақ және спора арқылы көбейтеді. Егу үшін таза жапырақты жер қолданылады. Астына ұсақ тасты салып, үстінен құм және топырақ салады. Оны суармай, тек астынан дымқылдандырады. Үстінен шынымен жауып, жылы жерге қояды.

Асплениум – жарық аз түсетін жерлерде өседі. Шығыс, батыс, солтүстік әйнектерді сәндеуде қолданылады. Басқа қырыққұлақтылармен салыстырғанда бұл түр тез өседі.

Нефролепис. Отаны – Шығыс Азия болып саналады. Жарық көп түсетін, қоңыржай орындарда өсіреді. Қыста 10-12 0С температурада өсе береді. Суды көп қажет етеді.

2.Пальма – пальма тұқымдасы. Көбіне тропикалық аймақта өседі. 25-30 0С температурада тұқым өсіп-өне бастайды. Оларды құм араласқан топраққа отырғызады. Құмыра түбіне аздап ұсақ тастар салып егеді. Тұқымның өсіп-өсуі әр түрлі. Мысалы: финик пальмасы 30-50 күн, какос пальмасы 150-180 күн.

Пальма шамалап өскен соң, орнын ауыстырып отырғызады.

Кейбір түрлерінде негізгі тамырлары топырақтан жоғары көтеріледі, сондықтан оларды отырғызу алдында құмыраның ұзын, жіңішке болуын қадағалау керек. Топырағы құнарлы болуы керек, яғни қарашірік, құм т.б.

Пальмалар жарық сүйгіш, сол себепті әйнектің алдына қою дұрыс болады. Ал жазда күннің тікелей түсуінен сақтау қажет, себебі күннің әсерінен жапырақтың беті күйіп қалуы мүмкін. Пальма үшін 16-18 0С қолайлы болып саналады. Ал егер бөлме температурасы жоғары болса, онда жапырақтың ұштары кеуіп, сарғаяды. Бұл құбылысты болдырмау үшін, температураның бір қалыпты болуын қадағалап, жапырақты сүртіп, су шашу қажет. Әдетте пальманы жылы сумен суарады. Жақсы өсу үшін, таңертен және кешке пульвилизатормен су шашады. Ал қыста айына 1-2 рет сулы губкамен сүрткен дұрыс болады.



3.Бромелилер – бұл тұысқа морфологиялық, экологиялық ерекшеліктері бар өсімдіктер жатады. Көбіне Американың тропикалық және субтропикалық ормандарында кездеседі. Тасты–тауларды жерде өседі. Жапырағы қатты, шеттері үшкірленген, элипс тәріздес. Гүлдері көп және қанық түсті болады.

Бильбергиялар. Бұл өсімдіктер ақпан айынан сәуірге дейін гүлдейді. Гүлдері қызыл, ашық қызыл түстес болады. Қазіргі таңда бильбергияның 60-қа жуық түрі белгілі. Көп түрлері 24 0С температурадағы бөлмеде жақсы өседі. Бұл өсімдікті сәнді – жапырақ ретінде іліп қойған жөн. Жаз айларында оларды көп суарады және де су шашып, органикалық немесе минералды тыңайтқышпен тыңайтады.

Оңтүстік Қазақстанда бильбергияны жарық көп түспейтін немесе көленкелі жерде өсіреді, себебі күннің әсерінен жапырағы сарғайып, өзінің сәндігін жоғалтады. Көбіне тұқым арқылы көбейтеді. Оған таулы жердің топырағын, шымтезекті қолданады. Бильберияны гүлдеп болған соң ғана, орнын ауыстырып отырғызуға болады.



Вриезиялар – шөптесін өсімдік. Көбіне қабырға өсімдігі ретінде сәндік үшін өсіреді. Тұқым арқылы көбейтеді. Қара топырақты және қарашірік араласқан топырақта өсіріледі.

Нидуляриумдар – қысқабойлы шөптесін өсімдік, тропикалық Америкадан шыққан. Жапырағы жалпақ воронка түзеді, жоғарғы жапырағы қызыл түсті болады. Нидулярияны вриезияны өсіргендей өсіреді.

Эхмеяларэпифитті өсімдік. Гүлдері қанық түсті болады. Эхмея әсемдік өсімдік. Бөлмеде өсіріледі, топырақтын тек құнарлы түрін таңдайды. Суарғанда біріншіден суды дәл үстінен құяды, содан соң құмыра ішіне құяды.

4.Геснериелер – бөлме өсімдіктері. Олар Еуропа мен солтүстік Американың көп елдерінде бағалы өсімдік ретінде өсіріледі. 300 жыл ішінде ботаниктар 1800 түрін анықтады.

Ахименесшөптесін, көпжылдық өсімдік. Гүлдері ірі, ақ, қызыл, көгілдір түсті болып келеді. Жылы, жарық бөлмеде жақсы өседі. Жаз айларында көп су құю керек, ал қыс айларында аздап су құйып отыру қажет. Көктемде ахименестің орнын ауыстырып, шымтезек қосу керек. Тұқым арқылы көбейтеді. Тұқымды қаңтар айының соңында егіп, 14-16 күннен кейін 20-22 0С температура жағдайында дамып өсе бастайды.

Глоксиния – шөптесін өсімдік, жапырағы бархатты. Ақ, қызыл түсті гүлдері бар. Американың тропикалық аймағынан шыққан. Бөлмеде көбіне гибридтелген түрлері өсіріледі. Голиаф – гүлдері қызыл, ірі болып келеді. Чедвич – гүлдері күрең қызыл түсті. Эвелина – көгілдір-қызыл түсті гүлі бар. Глоксинияны Ахименесті көбейткендей көбейтіледі.

Колерия. Жарық көп түспейтін бөлмеде өсіріледі. Күзге қарай аздап суарыду қажет етеді. Гүлдеп болған соң, оның жапырағы түсіп қысқыға дайындық жүреді. Ал көктемде қайтадан гүлдеп, жайнап өседі. Топырағы өте құнарлы болуы қажет. Оған құм, қарашірік, шымтезек қосып араластырады.

Сенполия – шығу тегі Шығыс Африка. Бөлмеде сенполияның екі түрін өсіреді: локанта, конфуза және оның мындаған гибридтері. Бұлар өте жақсы бейімделгіш, бір жылға жуық гүлдеп тұрады. Сенполия сорттарында гүлдері қарапайым, ақ, көк түсті болады. Көбею түрі – тұқым, сабақ рақылы. Практикада жапырақ арқылы көбейту үлкен орын алады. Алдымен жапырақты кесіп алып, оны дымқыл топыраққа, 2-2,5 см тереңдікке отырғызады. Бөлме температурасында 14-18 күн аралығында тамырланып, бір екеуі өсіп шыға келеді. Бұл өскінді шымтезек, қара шірік қосылған топыраққа отырғызады. Жас өскін 20-22 0С температурада жылдам өсе бастайды. Қыс айларында Сенполияны жарығы жеткілікті, жылы бөлмеде өсіреді және суарғанда суы жылы болуы керек.

Стрептокарпус – аз таралған, құмыралы өсімдік. 100-ге жуық түрі белгілі. Оңтүстік Африка мен Оңтүстік-Шығыс Азия аймағында өседі. Гүл өсірушілердің көбінде стрептокарпустың гибридтелген түрлерін кездестіруге болады. Олар жаз және күзде гүлдейді, ақ, көк, қызыл түсті гүлдері болады. Жапрағының түсі – ашық жасыл, тұқымдары ұсақ. Көбею түрі – тұқым, сабақ, жапырақ арқылы. Ақпан айында тұқымды егеді, ол 6 айдан кейін көктеп шығады. Жылу сүйгіш, дымқылды ортада тез өсе бастайды.

Тапсырма:

  1. Әр түрлі топтағы өсімдіктерге күтім көрсету ерешеліктерін айтып беру

  2. Қырыққұлақтыларға, Пальмаларға, Бромелилерге, Геснерилерге осы топтағы өсімдіктерге күтім көрсету ерешеліктерін білу

Бақылау сұрақтары:

  1. Қырыққұлақтарға күтім көрсету ерекшеліктері қандай?

  2. Пальмаларға күтім көрсету жолы қандай?

  3. Бромелилерге қандай күтім керек?

  4. Геснерилерге күтім көрсету ерекшеліктері қандай?

  5. Аталған өсімдік топтары қалай көбееді?

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Бабина Н., Бабин Д. 600 практических советов. Цветы дома и на участке.

-М.:Континент-Пресс,1999, -480с.

  1. Голубев В.: Экологическая культура помещений: Комнатные растения. //Флора. 2002. №4. –С.4-9.

  2. Сквайер Д., Кроутер М. Комнатные растения: практ. Руководство. -М.: Омега, 2006. -128с.: ил.

  3. Слюсаренко А., Румынин В. Возрождение гортензии: Комнатные растения. //Флора. -2001. -№4. –С.13-16.


11 тақырып Үйдегі гүлді алқап

Мақсаты: Гүлдердің орналасу үйлесімділігін және әр түрлі бөлмелерге сай келетін өсімдіктерді қарастыру

Жоспар:

  1. Қонақ бөлмесін безендіру

  2. Жатын бөлмені безендіру

  3. Асхананы безендіру

  4. Ас бөлмені безендіру

  5. Кіре берісті безендіру

Керекті құрал-жабдықтар:

Бөлме өсімдіктері


Жалпы түсініктеме
Қазіргі кезде әр үйде ең аз дегенде бір бөлме өсімдігі болады. Қатты аяз, жаңбырлы күздерде, далада жапырақсыз ағаштарды, қатқан мұзды көргенде бөлме өсімдіктері өз иесін әрқашан қуантып отырады.

Бөлме өсімдіктерінің тарихы бірнеше мың жылды қамтиды және осынау уақыттар аралығында үй ішіндегі табиғаттың кішкене бұрышы адам көңіл- күйін көтереді.

Жиhаздар, суреттер және тағы басқа аксессуарлар дәл бөлме өсімдігі сияқты үй ішін жандандыра сәндей алмайды.

Бөлмеде өсірілетін өсімдіктер әр бөлменің өзіне тән функцианалдық ерекшеліктеріне тән өсірілу қажет. Мысалы, балалардың бөлмесінде еш уақытта улы шырыны бар, ашық гүл мен жемісі немесе тікенек сабақты кактустарды өсіруге болмайды. Сонымен қатар терезе алдына бірнеше гүлді қатар қоюға болмайды, керісінше бір гүл мысалы қырыққұлақ, қасқыржем гүлдері жақсы көрінеді.

Бөлме өсімдігінің барлығын терезе алдына қою міндетті емес, ол үшін қолдан арнайы подставкалар жасауға болады. Гүлдерді жете, қабырғаға ілуге де болады.

Қонақ бөлмесін безендіру.

Қонақ бөлмесі үй ішіндегі ең үлкен бөлме. Бұл жерге қонақтар келеді, кешке үй іші жиналып өз жоспарларымен, әңгімелерімен алмасады. Сондықтан да қонақ бөлмені безендіргенде үй иесі аса бір байыппен кіріседі. Олар ол жерге ең әдемі, гүлді өсімдіктерді қоюға тырысады. Үлкен қонақ бөлмесіне бірнеше жасыл бұрыштар құруға болады. Ол үшін белгілі бір жерге үлкен өсімдікті монстера немесе пальманы отырғызып жан-жағына әр түрлі көлемдегі өсімдіктерді қоямыз. Барлық өсімдік бір-бірінің қасында өсе алатындай болып таңдалғаны жөн. Бөлме өсімдігі үй ішін үлкейтіп тұрады, сондықтан қабырғаларға кішкене жапырақты кашпо ілуге болады. Үстелге диффенбахия, ал шеттеріне қасқыржем орнатуға болады. Сонымен қатар, бөлменің түсті гаммасының да маңызы зор. Терракотты қонақ бөлмесінде драцена және жапондық фатсия жақсы көрінеді.

Қонақ бөлменің ашық-көгілдір түстер әсіресе құралайгүл, сүмбіл, шегіргүл, ақ және көгілдір қоңырауша жақсы ашады.

Жатын бөлмені безендіру.

Көп адамдар жатын бөлмеде гүл өсірмейді, оны мақсат емес деп санайды. Кейбір үйлерде жатын бөлме алыста орналасады, онда тек демалуға барады, қонақтар мүлдем бармайды. Сондықтан да үй иесі өз жатын бөлмесінің флористикалық шеберлігін көрсете алмайды.

Қазіргі заман фитодизайнерлері жатын бөлмені безендіру үшін гортензия, қоңыраугүл, самшит қолданылады.

Өсімдік көмір қышқыл газын сіңіреді, бірақта түнде керісінше процесс жүреді. Өсімдік оттегіні сіңіреді, сондықтан жатын бөлмеде төрт өсімдіктен көп болмауы керек. Жатын бөлмеге әсіресе ақгүл өсімдігі өте бағалы. Гүлдер өздеріне тән жұмсақ хош шығарады. Әр уақытта өсімдікті бөлмеге отырғызғанда ол бөлмені жиі желдетіп тұруды ұмытпаған жөн, ол хош иістің өзі бас ауруға, жағымсыз әрекеттерге ұшыратуы мүмкін.

Жатын бөлмеге алынған және бөлменің түсіне сай болу керек. Егер қабырға және жиhаздар төсек орынның түсіндей болса, қоңыр, ақ, немесе көгілдір узамбар шегіргүлі, шизантус қолдануға болады.

Асхананы безендіру.

Асхана қонақ бөлмесі сияқты адам көп болатын бөлме, сондықтан оны безендіруде әр түрлі дизайнерлік идеяларды қолдануға болады. Асхананы безендіретін өсімдіктің түрлері шексіз.

Психологтар жасыл түс көздің көруіне жүйке жүйесі әсер ететіні, шөптердің иістерінің тәбетті ашатынын және ас қорытудың жақсартуына көмектеседі деп түсіндіреді.

Калатея, филодендрин, аламанда, пеларгония, каланхоэ, бамбук, циперус, фикус түрлері асханаға қолайлы жағдай туғызады. Асханада перде орнына бөлме жүзімін қолдануға болады. Егер бөлме үлкен көлемді өсімдіктер қоюға келмесе, онда оны безендіруде қате жібермеген дұрыс. Сондықтан да ұзын өсімдіктерді үлкен ыдысқа орнатып керек емес, олар қозғалуға кедергі жасайды. Асханаға сенполия, крокус, ұсақ жапырақты плющ қоюға болады. Екіншіден асханаға зиянкестерге шыдамды гүлдерқоюға болады, ал үшіншіден асханаға қатты иісі бар өсімдікті қоюға болмайды, ол астың иісін және тәбетті бүлдіреді.



Ас бөлмені безендіру.

Ас бөлме – үй иесінің ең қасиетті бөлмесі. Ол жерде көп уақыт өткізеді және оны безендіруге аса көңіл бөледі.

Үлкен емес ас үйге гүлді терезенің алдына қояды. Ол жерден шегіргүл, қынагүл, бегония, зебрин, кактус, қырыққұлақ, жасыл жуаны кездестіруге болады.

Ас үйге гүлді белгілі-бір өзіне тән қасиеттері бойынша қояды. Бөлме өсімдіктері, әсіресе ас үй гүлдері температура тұрақсыздығынан қиналады. Сондықтан да аса күтім керек ететін гүлдерді қою керек емес. Бәрінен де сенімді гүлдер: бегония, зебрин, плющ, хлорофитумды қолдануға болады.

Қазіргі кезде дүкен сөрелерінен көптеген жеміс-жидектердің муляждарын кездестіруге болады.

Кіре берісті безендіру.

Кіре беріс бөлмені үйдің бет әлпеті деп атауға болады. Үйге келген адамдар дәл сол кіре берістен үйдің жай күйін, үй иелері туралы біле алады. Сондықтан кіре беріс басқа бөлмелерге қарағанда сәндеуді аса қажет етеді.

Көбінесе кіре беріс бөлмеде үстел, оның үстіне телефон, газеттер және де кішкене бөлме өсімдіктері қойылады. Егер бөлмеге үстел қоюға келмесе, онда қабырғаларға аспалы өсімдікті кашпо ілуге болады. Кіре беріске киім ілетін болғандықтан ол жерге ілінгіш және тікенекті гүлдер қоюға болмайды.

Тапсырма:


  1. Үйдегі гүлді алқапқа анықтама беру

  2. Гүлдердің орналасу үйлесімділігін және әр түрлі бөлмелерге сай келетін өсімдіктерді қандай ерекшеліктеріне байланысты екенің айтындар

Бақылау сұрақтары:

    1. Қонақ бөлмесін безендіруге әсемді көрік беретін өсімдіктерді ата?

    2. Асхананы безендіруге қандай өсімдіктер қолайлы?

    3. Ас бөлмені безендіруде өсімдіктердің қандай қасиетін ескерген жөн?

    4. Кіре берісті безендіруде қандай мәселелерді ескеру қажет?

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Бабина Н., Бабин Д. 600 практических советов. Цветы дома и на участке.

-М.:Континент-Пресс,1999. -480с.

2. Тавлинова Г.К. Цветы в комнате и на балконе. -Л.: Агропромиздат. 1990. -352с.


12 тақырып Өсімдіктерді үйлестіру. Балконды көгалдандыру

Мақсаты: Өсімдіктерді үйлестіру жолдарын білу. Балконды көгалдандыруда қолданатын өсімдіктер түрлерімен танысу және агротехникасын білу

Жоспар:

  1. Өсімдіктерді үйлестіру жолдары

  2. Балконды көгалдандыруда қолданатын өсімдіктер түрлері, агротехникасы

Керекті құрал-жабдықтар: Бір жылдық өсімдіктер, екі жылдық өсімдіктер, көпжылдық өсімдіктер
Жалпы түсініктеме
Әрқашан ақ композициялар жақсы. Оларды жасыл түспен немесе онсызда құрауға болады. Мысалы, ақ қалампыр қояншөппен.

Үйлесімділіктің күрделі түрін құруда гүлдердің түрін, түсін есепке алу керек. Ақ түс ашық, жайлы болып табылады, басқа түстермен жақсы үйлеседі. Оларды күлгін түспен қызыл түстің арасына, көк пен күлгін түстің арасына қоюға болады.

Жасыл түс – жапырақ түсі. Ол әр түрлі үйлесімді рең түс беріп, барлық бояулармен үйлеседі. Айналадағы ортаны безендіруге ең жақсы материал сәлдегүл жапырақтары болып табылады.

Қызыл түс - кең тараған, қызықтыратын, сүйкімді белсенді түс. Ақ және сары түстермен үйлеседі. Сұрғылт және күлгін түске жақындай түсетін қызыл түсті реңдер жиі кездеседі. Қызыл түсті раушан гүлдер, қалампыр және тағы басқа гүлдер үйлестіруде кеңінен қолданылады. Қызыл түс бостандықтың, оттың, мейрамдардың махаббаттың белгісі болып табылады.

Қызыл сары және сары түс - өте ашық түс. Алтын күздің жылылығын шашады. Бұл түс қуаныш сыйлайды. Қызыл сары және сары түсті өсімдіктер өте көп. Олар: барқытгүл, гелениумдар және тағы басқа. Олардың реңдері көкшіл, көк, күлгін түстермен жақсы үйлеседі.

Көк түс - сабырлы түс. Ол ақ, ашық қызыл, қызыл-сары, от түсті қызғылт сары түстермен үйлеседі.

Күлгін түс – жабырқаулы түс, ақ түспен ашыла түседі. Сары, қызғылт сары түспен үйлесім табады. Бірақ сирек қолданылады. Мысалы: күлгін аконит пен қояншөптің жапырақтары жақсы үйлесмді көрінеді.

Балконды көгалдандыру. Өзіңіздің балконыңызды гүлдендіргіңіз келсе, әр түрлі өсімдіктермен әдемі кішкентай бақшаға айналдырып жіберуге болады. Айта кету керек өзінің пішінінің кішкентайлығына қарамастан балкондар әдемілілік сыйлайды. Өсімдіктердің әр түрлі түрлері өте көп. Мысалы, бір жылдықтар, екі жылдықтар, көп жылдықтар балкондарды өте сәнді күйге келтіреді. Гүлдендіруге кірісе бастағанда өсімдіктің түр түсінің үйлесімділігі мен пішінін анықтап алған жөн.

Егуге арналған жәшіктерді емен немесе шырша ағаштарынан жасаған дұрыс болады, өйткені олар шірімейді және мықты болып келеді. Қолайлы болып табылатын келесі мөлшердегі ыдыстар: биіктігі 25-30 см, ені 20-25 см, ұзындығы сіздің балконыңыздың ұзындығына байланысты болып келеді. Ыдыстар бұрыштарын арнайы темірмен немесе басқа металдармен жауып қойса мықтылық қасиет береді. Түбінде арнайы тесік қалдырады, яғни судың оңай ағып кетуі үшін. Ыдыстың сыртын көкшіл немесе қоңыр түспен бояған дұрыс болады, қара түс керек емес, өйткені мұндай ыдыста топырақ қызады. Ыдысты толтырғанда да арнайы ережелерге жүгінген дұрыс. Ыдысқа алдымен екі сантиметрдей қиыршық тастар салынады. Үстінен құм себеді, ол үш сантиметр маңайында болу керек. Содан кейін шымтезек себуге болады, ол топырақтың ылғалдылығын сақтайды. Ең үстіңгі қабатына қара жер салады, ол үш-төрт сантиметрге ыдыс қабырғасынан төмен болуы керек.



Бір жылдық өсімдіктер балкондар мен лоджияларды гүлдендіруде өте көп қолданылады, өйткені олар климаттық өзгерістерге мән бере қоймайды, сондықтан да оларды егу оңай болып келеді, сонымен қатар олар өте әсемді көрініс береді. Балконда өсіруге ыңғайлы бір жылдық өсімдіктерге агератум, қырмызыгүл, иберис және тағы басқалары болып табылады.

Екі жылдық өсімдіктер балкондарды сәндендіруге ерте көктемде қолданылады, өйткені олар өте ерте гүлдейді. Оларды көбіне көшет арқылы көбейтеді. Өсіп шыққан көшеттерді наурыз-сәуір айларында еге бастайды. Бұл өсімдіктер тобындағы негізгілері: дәстүргүлдер, құралайгүлдер, хейрантустар болып табылады.

Көп жылдық өсімдіктер. Жалпы балкондарды гүлдендіру үшін көп жылдықтар да көп өсіріледі. Олардың негізгі ерекшелігі бірақ рет егеді және күтім қажет етеді. Балкондарды көгалдандыруда мына гүлдерді өсіруге болады: нәркес, көктемгі наурыз шешек, флокс.

Тапсырма:

  1. Өсімдіктерді үйлестіру жолдарымен танысу

  2. Балконды көгалдандыруда қолданатын өсімдіктер түрлері қарастырып, олардың агротехникасын білу

Бақылау сұрақтары:

  1. Өсімдіктер түстерінің өзара үйлесімділігі қандай?

  2. Балконды көгалдандыруда қандай бір жылдық өсімдіктерді өсіруге

болады?

  1. Балконды көгалдандыруда қандай екі жылдық өсімдіктерді өсіруге

болады және оларға сипаттама беріңдер?

  1. Балконда өсіруге болатын көп жылдық өсімдіктердің түрлерін ата?

  2. Балконда гүл өсіруге арналған жәшіктер қалай дайындалады?

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Бабина Н., Бабин Д. 600 практических советов. Цветы дома и на участке.

-М.:Континент-Пресс,1999, -480с.

  1. Гилберт Р. Комнатные растения: практическое руководство. -М.: Слово, 2001. -144 с.: ил.

  2. Клаус К. 300 растений для дома и офиса. -Ростов н/Д: Феникс, 2002. -320с.

  3. Соколова Т.А., Бочкова И.Ю. Декоративное растениеводство. -М.: Изд. Центр «Академия», 2004. -432с.

  4. Тавлинова Г.К. Цветы в комнате и на балконе. -Л.: Агропромиздат. 1990. -352с.

  5. Чуб В.В., Лезина К.Д. Полная инциклопедия комнатных растений: Справочные издание. -М.: ЭКСМО – ПРЕСС, 2002. -415с.: ил.


13 тақырып Гүл шоқтары және композиция жасаудың негізгі принциптері. Гүл шоқтары, композиция жасауда жалпы ережелер

Мақсаты:

Гүл шоқтары мен композиция жасауда негізгі принциптерді меңгеру және жалпы ережелерімен танысу



Жоспар:

  1. Гүл шоқтары мен композиция жасауда негізгі принциптері

  2. Гүл шоқтары мен композиция жасауда жалпы ережелері

Керекті құрал-жабдықтар:

Әсемдік үшін өсірілетін гүлдер


Жалпы түсініктеме
Гүл шоқтарын құрастыру, басқаша айтқанда үйлестіру өзіндік заң және өзінің ұзақ тарихына ие. Гүл шоқтарын жасауда арнайы қатып қалған заң жоқ. Шығармашылық ізденіс, ойлардың шаршамай жұмыс істеуі – міне осылар гүлдердің үйлесімділігінің қазіргі өнерінің мінездемесіне тән.

Әдемі гүл шоқтарын немесе композицияны құрауда бірнеше принциптер көмегімен жүзеге асыруға болатындығын көрсетейік. Олар: қарапайым, шамалы көлемде, өсімдік материалы және оның түсі, пішіні, әдемі сәйкестігін табу:

-сызықтардың білінуі, өсімдік материалдарымен жүзеге асады;

-бұталарды пайдалану, құрғақ дәндер, жемістер, тамырлар, тастарды және т.б. қолдану;

-барлық элементтердің вазаның түсі, көлемі, формасы жағынан оранжировканың көркем үйлесімділігі;

-архитекторлық құрылғы және бөлме жиһаздалуындағы букеттің композицияға сәйкестілігі.

Түс және түстер үйлесімділігі түрлі – түстілігі адамдарға жақсы және жаман эмоциональды әсер етеді. Әрбір түс өзіне тән жарық күшке ие, сондықтан әр түрлі сезімдерді туғызып, адам көздері мен түрліше қабылданады. Барлық жарық түстер сары, сарғылт, қызыл және олардың реңдерін – белсенді қатты әсер етуші немесе жылы түс деп атайды.

Көк, күлгін түстер – пассивті немесе суық түстер. Олар ауыр және ұзақ болып көрінеді. Түстер әртүрлі символикаға ие. Қызыл түс – жалын, махаббат, бостандық, мереке. Сары түс - күнді, өмірді, қуанышты білдіреді. Сарғылт түс сары сияқты күн, қуаныш сонымен бірге өкіметті, билікті білдіреді. Көк түс - тыныш, қатаң түс, көгілдір - ашық, анықты білдіреді. Күлгін түсті салтанатты, мерекелі басқа түстермен үйлесілімділікте пайдаланады.



Гүл шоқтарының композициясын жасауда жалпы ережелер. Гүлдерді таңертеңнен немесе кешкісін өткір қайшымен қию керек.Ұзындығы бойынша сорттайды. Күндіз тек жарық күннің астында тек қана құрғақ гүлдерді кесу керек. Өсімдік сабақтарынан тек қана жапырақтарды, раушан гүлді тікенектерін қию керек. Кейін терең суға гүлді негізіне дейін батырып және түнге немесе 2-4 сағатқа салқын жерге қою керек.

Гүлдерді түрлі ашылу сатысынан яғни жабықгүлден бастап толық ашылған гүлге дейін пайдаланады. Салқын суда жабық гүлдер, барлық гүлдерде ақырындап ашылып және көп тұрады. Ал егер олардың тез ашылуын қаласаңыз жылы суға салу керек.

Гүлдерді гүл шоқтарында жұмсақ, еркін, түрлі бұрыштарда түзу сабақтардың қысқаруына жол бермей орналасуы керек. Тығыз орналасқан гүлдерге жұмсақ орналасқан гүл шоқтарында түрлі ұзындықта орналасса көбірек жағымды әсер қалдырады.

Ірі және қою түстес гүлдерді вазаның орта бөлігі орталыққа қарай, ал орта және кіші көбірек ашық түстілерді шеттеріне орналастырады.

Жапонияда гүлдерді орнажировкалау мектептері өте көп. Ең дәстүрлі және ескі мектеп болып 1926 жылы пайда болған «Сегецу» болып саналады. Бұл мектептің композициясы өзінде көркемдік талғам әдемілікті табиғатпен тығыз байланыстылығы тұрғын үйлерде, қоғамдық жерлерде және холдарда, т.б. жерлерде қолдануға мүмкіндік береді. Сондай-ақ Жапонияда бірнеше гүл шоқтары және композиция қолдануда бірнеше стильдер қолданылады. Көп тарағаны – мерибана, гока, ногейра.

Мерибана стилі әйнек керамикадан жасалған тегіс, қысқа вазаларды қолдануға негізделген. Гока стилі вертикалды сызықтарға құралған композицияның қарапайымдылығымен негізделеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет