«Delphi программалау тілі»


«Delphi программалау тілі»



бет2/66
Дата11.09.2020
өлшемі1,77 Mb.
#77807
түріПрограмма
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   66
Байланысты:
Delphi программалау тілі

2. «Delphi программалау тілі»

ТАҢДАУЛЫ КУРСЫНЫҢ БАҒДАРЛАМАСЫ- SYLLABUS

2011- 2012 оқу жылының 7- семестрі _2_кредит

Оқытушы туралы мəлімет:

Аты- жөні: Мухамбетова Ғ.Г. аға оқытушы, Курмашева Д.Н. оқытушы Офис: Информатика кафедрасы

Толық мекен-жайы: корпус №8, 313 - каб.

Тел: 51-02-75



Пəн туралы мəлімет:

Семестр 15 апта оқу үрдісі мен 2 апта сессиядан тұрады.

Бір аптаға 2 кредит сағаты жоспарланады, оның 1 сағаты дəріс, 1 сағаты зертханалық сабақ. Сонымен бірге 1 сағаттан СӨЖ, СОБӨЖ жүргізіледі.

Сабақтар

Өткізілу уақыты

Сабақтар

Өткізілу уақыты

Сабақтар

Өткізілу уақыты

Сабақтар

Өткізілу уақыты

Байланыс сағаты 1

(дəріс 1)



50 мин.

Зертханалық сабақ 1 сағат

100 мин.

ОЖСӨЖ

1 сағат


50 мин.

СӨЖ

1 сағат


50+50 мин.

Кредит саны – 2

Өту орны: № 8 оқу ғимараты, 306-311 ауд., сабақ кестесі бойынша

Оқу жоспарынан көшірме:



Курс

Семестр

Кредит саны

Дəрістер

Зертханалық жұмыс

СОБӨЖ

СӨЖ

Барлығы

Бақылау түрі

4

7

2

15

15

30

30

90

емтихан



Кіріспе

Курстың мақсаты мен міндеттері.

Курс сипаттамасы:

Ақпараттық коммуникациялық технологиялардың қарқынды дамып, күнделікті тұрмысқа енуіне байланысты соңғы кездері программалауға деген қызығушылықтың арта түскені белгілі.

Есептеуіш техниканың қарқынды дамуы тиімді программалық құралдарды жасау- объектілі бағдарланған программалау жүйелерінің жасалуына əкелді. Жылдам құру жүйесінің негізіне (RAD- Rapid Applcation Development-қосымшаларды жылдам құру ортасы) визуальды жобалау мен оқиғалы объектілі- бағдарланған программалау технологиясы алынған. Мұндай программалаудың мəні- программа жасаушы құрал жұмыстың көп бөлігін өзі атқарып, программалаушыға сұқбат терезелерін құрастыру мен оқиға өңдеушіні құру жұмыстарын қалдырады. RAD жүйелерінің ішінде Borland Delphi жəне Visual Basic орталары қарапайым 1 терезелік қосымшалардан бастап, үлестірілген мəліметтер қорын басқару программаларына дейінгі əртүрлі программалар құруға мүмкіндік береді.

Курс мақсаты:

«Дельфи программалау тілі» курсын оқу нəтижесінде студенттер объектілібағдарлы программалау тілі Borland Delphi ортасында программалау негізімен танысады. Borland Delphi ортасындағы программалау тілі- Object Pascal. Студенттер алдыңғы семестрде оқыған Паскаль программалау тілінен алған білімдерін қолдана жəне одан əрі тереңдете отырып, оның объектілі- бағдарлы кеңейтілуін оқып үйренеді. Windows ортасында жарыққа шыққан жəне объектілі- бағдарлы программалау негізінде құрылған программалау тілі- Delphi ОБП тілінің мүмкіндіктерін пайдаланып, қарапайым Windows қосымша жасауға үйретуді көздейді.



Пəнді оқытудың міндеттері:

  • ОБП-ның негізгі принциптерін білу, объект, объект жасау, объект қасиеттері, кластар жəне тəсілдер ұғымдарын үйреніп, объектіні қолдануды білу

  • Delphi-дегі негізгі ұғымдарды, қолданушы интерфейсінің элементтерін білу

  • Delphi-дегі программа құрылымын үйрену

  • Delphi ОБП тілінің негізгі компоненттерімен жұмыс жасай білу.

  • Delphi ОБП тілінің сервистік мүмкіндіктерін оқып үйрену.

  • ОБП тілі Delphi тілінде қарапайым Windows қосымша жасауға үйрету



Пререквизит:

Бұл пəнді жетік түрде оқып үйрену үшін Turbo не Borland Pascal программалау тілі пəнін оқып үйренуі қажет. Себебі Delphi ортасындағы программалау тілі- Turbo жəне Borland Pascal тілінің жетілдірілген версиясы- Object Pascal.



Пəнді оқу үшін студенттер мынаны білулері керек:

  • Turbo Pascal –дағы деректер типтері.

  • Құрылымдық операторлар: таңдау, тармақталу, цикл.

  • Құрылымдық типтер: массив, жиын, жазба, файл.

  • Модуль, оның құрылымы.

  • Паскальдағы графика.

Постреквизит:

Пəнді оқып үйрену нəтижесінде студенттер төмендегілерді білулері керек:

  • Объект жасау, объект қасиеттерін орнату, кластар жəне тəсілдер ұғымдарын үйреніп, объектіні қолдануды білу

  • Delphi-дегі қолданушы интерфейсінің элементтерін білу

  • Delphi-дегі қосымша кодын жаза білу.

  • Delphi ОБП тілінің негізгі компоненттерімен жұмыс жасай білу.

  • Delphi ОБП тілінің сервистік мүмкіндіктерін білу.

  • ОБП Delphi тілінде қарапайым Windows қосымша жасай білу: Калькулятор, Блокнот, тестілеу, оқыту, жаттығу программалары т.б Оқыту əдістемесі:

Оқыту негізінен дəріс, зертханалық, практикалық сабақтар, өзіндік жұмыстар түрінде жүргізіледі. Оқу материалының мазмұны дəрісте беріліп, теориялық білім түсініледі, практикалық сабақта теория практикамен ұштасып, Borland Delphi программалау ортасында студенттер тақырып бойынша берілген есепке байланысты жоба құрастыып, оның программа кодын жаза білу, оны орындату, түзету, нəтижесін талдауды жүзеге асырады. Оқытушы басшылығымен өткізілетін өзіндік жұмыста оқу материалының теориялық қосымша сұрақтары талданады, қосымша берілген практикалық есептердің программасы тексеріледі жəне талқыланады. Зертханалық жұмыс бойынша бақылау сұрақтарының жауаптары тексеріледі. Студенттің үй жұмысында бұрын алған білімдерін бекітуге арналған тапсырмалар беріледі. Студенттердің білімін тексеру практикалық жұмыс, өзіндік жұмыс тапсырмаларын орындауы, шығармашылық жұмыс, коллоквиум, тестілеу түрінде ұйымдастырылады.

Курс мазмұны.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   66




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет