Style- сызықтың стилі. Ол төмендегідей мəндер қабылдайды. psSolid- тұтас сызық psDash- штрихталған сызық psDot-пунктир сызық psDashDot- штрих- пунктир сызық psDashDotDot- штрих жəне екі пунктир сызық psClear- сызық жоқ.
Мысалы: Shape1.Pen.Color:=clRed;
Shape1.Pen.Width:=3;
Shape1.Pen.Style:=psDash;
Shape1.Shape:=stCircle;
Нəтижеде сызық қалыңдығы 3-ке тең, сызық стилі штрихталған, қызыл түсті шеңбер сызылады.
Shape компонентінің келесі қасиеті- Brush(қылқалам). Ол геометриялық фигураның ішін бояуды жүзеге асырады. Brush қасиетінің өз қасиеттері бар. Color - фигура ішін бояу түсін көрсетеді.
Style- бояу стилін анықтайды. Оның мəндері: bsSolid- тұтас бояу bsHorizontal-горизонталь сызықпен бояу bsVertical- вертикаль сызықпен бояу bsFDiagonal, bsBDiagonal-диагонал сызықпен бояу bsCross- тік торлы бояу bsDiagCross- көлденең торлы бояу bsClear- боялмаған.
Мысал. Суретте əр түрлі стильмен сызылған жəне боялған түрлі фигуралар көрсетілген.