11. БІЛІМДІ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН МАТЕРИАЛДАР.
Бағалау критериі
|
Ба
|
ға түрі
|
|
|
Дəрістегі белсенділік
|
100
|
15
|
Зертханалық сабақтағы белсенділік
|
100
|
15
|
СОӨЖ сабақтағы белсенділік
|
100
|
30
|
СӨЖ тапсырмаларын орындау
|
100
|
30
|
Өзіндік жұмыстар
|
100
|
6
|
Жазба жұмысы
|
100
|
2
|
Шығармашылық жұмыс
|
100
|
1
|
Рубеждік бақылау
|
100
|
2
|
Аралық аттестация(P1,P2)
|
100
|
Барлық бағалардың арифметикалық орташасы
|
Ағымдық бақылау
|
(P1+P2)/2
|
|
Жіберілу рейтингісі
|
Ағымдық бақылау*0,6
|
|
Қорытынды бақылау (емтихан)
|
100*0,4
|
|
Қорытынды
|
Жіберілу рейтингісі+ Қорытынды бақылау
|
|
Семестр барысында екі аралық бақылау жүргізіледі 7(8) жəне 15- апталарда.
Аралық бақылаулар бойынша студенттің максималды үлгерім көрсеткіші 60% құрайды. Семестр аяғында оқу пəні бойынша қорытынды аттестациялау – емтихан өткізіледі (максималды көрсеткіші - 40%).
Пəн бойынша қорытынды емтихан бағасы аралық бақылаулар жəне қорытынды аттестациялаудың максималды көрсеткіштер сомасы ретінде анықталады.
Қорытынды емтихан пəннің негізгі теориялық жəне практикалық материалдарын қамтитын нұсқауларға бөлінген тест тапсырмалары түрінде өтеді.
Əріптік бағалау жəне оның балдардағы цифрлік эквиваленті дұрыс жауаптардың пайыздық көрсеткіші бойынша анықталады (кесте бойынша)
Студенттердің білімі келесі кесте бойынша бағаланады:
|
|
Баға
|
|
Əріптік жүйе бойынша
|
Ұпай саны бойынша
|
%-дық көрсетілуі
|
Дəстүрлі жүйе бойынша
|
А
|
4,0
|
95 – 100
|
өте жақсы
|
А-
|
3,67
|
90 – 94
|
В+
|
3,33
|
85 – 89
|
жақсы
|
В
|
3,0
|
80 – 84
|
В-
|
2,67
|
75 – 79
|
С+
|
2,33
|
70 – 74
|
қанағаттанарлық
|
С
|
2,0
|
65 – 69
|
С-
|
1,67
|
60 – 64
|
Д+
|
1,33
|
55 – 59
|
Д
|
1,0
|
50 – 54
|
F
|
0
|
0 - 49
|
қанағаттанғысыз
|
Бағалау саясаты.
Бағалау саясаты келесі принциптерге негізделу керек: шынайылық, əділдік, айқындылық, икемділік, жоғары дифференциация.
Қорытынды бағалауға рейтингтік бақылау жəне емтихан кіреді.
Ќорытынды бағалау мен рейтингті бақылау
Семестрдің 7(8)- аптасында (1-7 апта нəтижесі бойынша) жəне 15- аптада (8-15 апта нəтижесі бойынша) оқытушы 100 балдық шкала бойынша рейтингті бақылау нəтижелерін шығарады жəне оқытушы өткізген рейтингке қойылатын баға, ағымды, рубеждік бақылау балдарының сомасын көрсетеді.
Қорытынды баға мына формула бойынша есептеледі
U = [(P1 +P2) / 2] * 0,6 + E * 0,4
P1 - бірінші рейтингті бағалаудың цифрлік эквиваленті
P2 - екінші рейтингті бағалаудың цифрлік эквиваленті Е – емтихандағы бағалаудың цифрлік эквиваленті Яғни 30% (1 рейтинг) + 30% (2 рейтинг) + 40% (емтихан).
Курс саясаты.
Курс саясаты оқу процесінің жоғарғы тиімділігін қамтамасыз етуге тиісті жəне барлық студенттер үшін міндетті. Əрбір оқытушы студенттерге сабақ барысында тəртіп ережелерін, оқытушымен жəне басқа студенттермен өзара қатынастарын ұстаудағы өзіндік жүйесін талап етеді.
Студенттер міндетті:
Сабаққа кешікпеуге.
Сабақ үстінде қатты сөйлемеуге.
Сабаққа таза келуге.
Себепсіз сабақ жібермеуге, ауырып қалған жағдайда ол жөнінде анықтама қағаз əкелуге.
Жіберілген сабақты оқытушы белгілеген уақытта тапсыруға.
Оқу процесіне белсенді араласуға.
Тапсырмаларды ұқыпты орындауға.
Оқытушылар мен курстастарына сыйлы, шыдамды, байсалды болуға.
Барлық сабақтарда кері байланысты жүзеге асыруға.
Пунктуальді жəне жауапты болуға.
Сабақ үстінде ұялы телефонмен сөйлеспеуге.
Студенттерге қойылатын талаптар:
Сабаққа қатысу.
Студент сабаққа қатысуға міндетті. Əрбір қатыспаған сабақ оқу-əдістемелік кешенде көрсетілгендей көлемде тапсырылады. Курстың үштен бір бөлігіндей көлемінде себепсіз сабақ қалдырған студент курстан шығарылады.
Дəрісханадағы тəртіп
Студент сабаққа кешікпей келуі, сабаққа белсенді қатысуы тиіс. Сабақты қабылдауға бөгет болатын нəрселерді ұстамауы (телефон, газет, журнал, фотосуреттер) керек.
Жеке тапсырмалар
Семестрде жеке тапсырмаларды орындау міндетті болып есептеледі. Ол реферат түрінде орындалып немесе электрондық нұсқада құрылып, студенттер алдында қорғалады. Əрбір жеке тапсырма бағаланады жəне ол қорытынды бағалауға əсер етеді.
Өзіндік жұмыс
СОБӨЖ сабақ кестесінде бөлінген уақытта орындалады жəне сабақ соңында тапсырылады. Сабақтан кейін қабылданбайды, бағаланбайды.
Қосымша материалдарды іздеу, берілген тақырыптың мазмұнын тереңдету, практикалық мəнділігін анықтау, т.с.с. тапсырмалар студентке жүктеледі. СӨЖ тапсырмаларды орындау мен тапсыру графигіне сəйкес қабылданады.
Білімді бақылау..
Оқу материалын меңгергендігін практикалық тапсырмаларды орындау, тестілеуден өту, тақырып бойынша жазбаша жауап арқылы тексеріледі.
Бақылау сабақта жүргізіледі, сабақ соңында тапсырылады, сабақ соңынан қабылданбайды жəне бағаланбайды.
Əңгімелесу.
Əңгімелесу əр топ үшін кесте бойынша жүргізіледі.
Емтиханға дайындық сұрақтары.
Объектілі-бағдарлы программалау ұғымы.
ОБП-ның негізгі принциптері: инкапсуляция, полиморфизм, мұрагерлік.
ОБП-ның негізгі ұғымдары: объект, қасиеттері, оқиға, кластар жəне əдістер.
Delphi –дің интеграцияланған ортасы. Delphi ортасы. Негізгі ұғымдар, қолданушы интерфейсінің элементтері.
Қосымша коды файлының құрылымы. Оқиға өңдеуші.
Жоба құрылымы.
Модуль файлы құрылымы.
Компоненттер палитрасы. Standard парағының компоненттері.
Edit, Label, Button компоненттері, қасиеттері.
Компоненттер қасиеттері. Таңдау операторы.
Форма жəне оның сипаттамасы.
Шартты команданы жүзеге асыру. Checkbox, radiobutton компоненттері.
Additional парағының компоненттері. Вitbtn, shape компоненттері. қасиеттері.
System парағының компоненттері. Уақытты басқарудың Timer компоненті оның қасиеттері.
Деректер массиві. Тізімдік өрістер.
Деректер массивін түрлендірудің Combobox, ListBox компоненттері.
Қосымшада негізгі жəне жанама меню жасау.Main Menu жəне Popup Menu компоненті, қасиеттері.
Түстерді басқару компоненттері:TrackBar,ColorGrid компоненті, RGB функциясы.
Астарлы бет жасаудың PageControl компоненті, қасиеттері..
Speedbutton батырмасы.
PageControl компоненті
Speedbutton батырмасы, қасиеттері.
Қосымшаға бейне жəне дыбыстық файл қоюдың MediaPlayer компоненті, оның қасиеттері.
Delphi-де компонент түссіздігін басқару.
Файлдық жүйені басқару компоненттері.
Dialog парағының Windows жүйесінің стандарт сұқбатты ұйымдастыру компоненттері: SaveDialog компоненті. OpenDialog комп-ті. FontDialog компоненті.
Delphi-дің графикалық мүмкіндігі. Canvas қасиеті.
Графиктік примитивтерді салу əдістері.
Емтиханға дайындық үшін тестілер.
Delphi ортасында бір мезгілде неше қосымшамен жұмыс істеуге болады?
бір қосымшамен
екі қосымшамен
бірнеше қосымшамен
бес қосымшамен
Delphi тілінде экранға форманы шығару үшін орындалатын команда:
View→Forms
Edit→Forms
Project→Forms
File→Forms
Delphi-дің негізгі терезесіне кірмейтін элементті көрсетіңдер:
объект инспекторының терезесі
негізгі меню
құралдар тақтасы
компоненттер палитрасы
Форманы сипаттау файлында компонентті сипаттау қандай қызметші сөзден басталады?
Object
Unit
Interface
Implementation
Жоба файлының қалыпты жағдайдағы атауы:
Project
Object
Unit
Form
Объект инспекторы терезесіндегі Properties астарлы беті не үшін қолданылады?
компонент қасиетін таңдау үшін
формаға компонент қою үшін
объект тəсілін орнату үшін
объект оқиғасын таңдау үшін
Төмендегі компоненттер ішінен визуальды емес компонентті көрсет:
FontDialog
RichEdit
SpeedButton
Panel
Төмендегі батырмалардың қайсысы батырма күйінің 3 жағдайын жүзеге асырады? a) SpeedButton
SpinButton
Button
Bitbutton
Hint қасиеті не үшін қолданылады?
компонентке түсініктеме қою үшін
компонент бетіне сурет қою үшін
компонентті жасыру үшін
компонентті көрсету үшін
10. Форма өлшемін таңдау қасиеті:
WindowState
Free
Show
Visible
11. Мəтіндік компоненттегі taLeftJustify, taRightJustify, taCenter мəтінді тегістеу мəндері қандай қасиеттің мəндері?
Alignment
Align
Anchors
BorderStyle
12. Кездейсоқ сан шығаратын команданың қайсысы дұрыс жазылған?
randomize; edit1.text:=inttostr(random(20));
randomize; edit1.text:=strtoint(random(20));
randomize; edit1.text:=floattostr(random(20));
randomize; edit1.text:=inttostr(random(20);
13. Edit1.text:=’32’; Edit2.text:=’45’; Батырмаға жазылған Edit3.text:= Edit2.text +
Edit1.text; командасының орындалуы нəтижесінде Edit3-тің мəні неге тең болады? a) 4532
77
қате туралы хабарлама шығады
3245
14. var x,y:real; x1:string; begin x1:=InputBox(‘’,’x=’,’’);
x:=strtofloat(x); y:=sqr(x); showMessage(floattostr(y)); программа фрагменті нені орындайды?
енгізілген нақты санның квадратын экранға шығарады
енгізілген нақты санның квадрат түбірін экранға шығарады
енгізілген бүтін санның квадратын экранға шығарады
экранға хабарлама шығарады
15. Форманың түссіздігін Edit компоненттіндегі мəнге сəйкес өзгертуді жүзеге асыратын командалардың қайсысы дұрыс?
form1.AlphaBlendValue:=strtoint(edit1.text);
form1.AlphaBlendValue:=inttostr(edit1.text);
form1.AlphaBlendValue:=edit1.text;
form1.AlphaBlendValue:= strtoint(edit1.caption);
Пəн бойынша қолданылатын программалық жəне мультимедиалық құралдар.
Borland Delphi ОБП тілі (306-311 каб)
Borland Delphi ОБП тілі пəнінен электрондық оқулықтар (306-311 каб)
Мамандандырылған дəрісханалар мен зертханалар тізімі.
-
Корпус нөмірі
|
Дəрісхана нөмірі
|
Қызметі
|
№8
|
302
|
компьютерлік класс
|
№8
|
304
|
компьютерлік класс
|
№8
|
305
|
компьютерлік класс
|
№8
|
306
|
компьютерлік класс
|
№8
|
307
|
компьютерлік класс
|
№8
|
308
|
компьютерлік класс
|
№8
|
310
|
компьютерлік класс
|
№8
|
311
|
компьютерлік класс
|
-
№8
|
405
|
компьютерлік класс
|
№1
|
209
|
интернет-класс
|
№1
|
102
|
электрондық оқу залы
|
Достарыңызбен бөлісу: |