Білім мекеме басшыларына!
Төмендегі «Класс жетекшісі-2016» байқауының ережесін басшылыққа ала
отырып,мектептеріңізде «Үздік класс жетекшісі-2016» байқауын өткізуге
болады.
2016 жылғы «Үздік класс жетекшісі - 2016»
класс жетекшілер кәсіби шеберлігінің қалалық байқауын өткізу
ЕРЕЖЕСІ
Жалпы ережелер
Бұл ереже 2015-2016 оқу жылында «Үздік класс жетекшісі-2016» байқауындағы класс жетекшілердің кәсіби шеберлігінің қалалық байқауын ұйымдастырып,өткізудщ тәртібін анықтайды.
Байқау шығармашылықпен жұмысын ұйымдастыратын класс жетекшілерді анықтау, қала мектептеріндегі тәрбие жұмысы деңгейін көтеру мақсатында өткізіледі.
Байқау міндеттері:
құзіретті, білікті класс жетекшілерін анықтау:
кәсіптік шеберлігін арттыру, класс жетекшілердің кәсіби өсуін ынталандыру, кәсіби қалыптасуына жағдай жасау;
класс жетекшілердің іс-тәжіриебелерін қорыту және тарату, тәрбиенің жаңашыл тәжіриебесін, педагогикалық идеяларды анықтау.
Байқауды ұйымдастырушылар және қатысушылар
Байқаудың ұйымдастырушылары Ақтөбе қаласының «Қалалық ғылыми - әдістемелік Орталығы» (бұдан әрі - ҚҒӘО) және Ақтөбе қалалық білім беру саласы қызметкерлері кәсіподақ комитеті (бұлан әрі ҚБҚКК).
Белгілі мектепте класс жетекшісі ретінде кемінде 3 жыл қызмет атқарған, мектепішілік байқау жеңімпазы ( әр мектептен 1 қатысушы) байқаудың қатысушысы бола алады.
Байқауды ұйымдастыру комитеті
Байқауды дайындау және өткізуді ұйымдастыру комитеті (бұдан әрі - ұйымкомитеті) іске асырады. Ұйымкомитет құрамы ұйымдастырушылар мен бекітіледі (№1 қосымша).
Ұйымкомитет қызметі:
-эр тур бойынша байқаудың өткізілу кезеңін анықтау;
-байқауға қатысушыларды тіркеу, портфолиоларды жинау және сараптау;
2 турда бағалау өлшемдерін анықтау.
Байқауды өткізу тәртібі.
Байқауға әр мектептен 1 қасушы жіберіледі. Егер мектеп байқауының жеңімпазы белгілі себептермен қатыса алмаса оның орнына мектептен екінші орын алған класс жетекші қатыса алады.
. Байқау екі турда өткізіледі:
1-тур- сырттай: 20.01- 05.02 аралығында өтеді: конкурсқа қатысушылардың шығармашылық жұмыстарын, сыныптан тыс тәрбие іс-шараларының сценарийлерін, «Тәрбиеге байланысты менің көзқарасым» тақырыбында эссе, ғылыми- әдістемелік басылымдарын зерттеу.
2 тур - байқау.
өзін-өзі таныстыру және сыныптың тәрбие жүйесін мультимедиялық презентациялау (5-7 мин);
педагогикалық жағдаяттарды шешу; (5 мин)
панорамалық тәрбие сағатын еркін тақырыпта өткізу. (7 мин)
Конкурстың тиісті кезеңдерін ұйымдастыру және өткізу қалалық білім бөлімінің қалалық ғылыми - әдістемелік орталығына жүктелді.
Класс жетекшісі портфолиясын бағалау өлшемдері:
тәрбие қызметінің мақсаты, міндеттерінің нақтылығы, дәйектілілігі;
тәрбие жұмысының жүйелілігі;
тәрбие жұмысы мазмұнының біртұтастығы;
тәрбие жұмысы жүйесінің ерекшелігі, авторлылығы.
Байқау материалдары байқау комиссиясымен 10 баллдық жүйе бойынша бағаланады.
Қатысушының шығармашыдық таныстыруы кезінде басқа педагогтардың, оқушылар мен ата-аналардың демеуші ретінде байқауға қатысуына рұқсат етіледі.
Байқауға жіберілген материалдар қайтарылмайды, рецензияланбайды, қатысушы келісімімен тәжірибе тарату мақсатында пайдалануы мүмкін.
Байқау қатысушылар қызметтерін бағалау үшін байқау комиссиясы құрылады.(қосымша № 2)
Байқаудың екінші туры 10 баллдық жүйемен бағаланады.
Байқауға жіберелітін материалдар талабы.
Іріктеу турына қатысу үшін мынадай құжаттар тапсыралады:
¥йымкомитеті атына жазылған сұранысы (қосымша №3);
Мектепішілік ұйымкомитетінің класс жетекшіні қалалық байқауға жіберу туралы қорытындысы;
Байқауға қатысушының анықтама-сауалнама;
Класс жетекшінің оқу жылына арналған жұмыс жоспары, түсініктемесімен, педагогтың тәрбие келуінің тұжырымдамалық негіздері, іске асыру жоспары мен тәрбие жұмысының авторлық бағдарламасы, класс жетекші қызметінің бағдарламасы , байқауға қатысушы жұмысының тиімділігі жөніндегі өзін-өзі талдауы;
Мектеп директоры қолы қойылған мінездеме-ұсыныс;
«Тәрбиеге байланысты менің көзқарасым » тақырыбына эссе;
Іс- тәжіриебесінен хабар беретін басқа да материалдар: 3 тәрбиелік іс-шара сценарийі, мәнжазба, жарияланымдар, баспа өнімдері, педкеңесте, әдістемелік бірлестікте, конференцияларда оқылған баяндамалары.
Байқау қатысушыларын марапаттау.
Байқаудың бас жүлдесі және «Үздік класс жетекші» атағы;
Бірінші орын және «Шебер-тәрбиеші» атағы;
Екінші орын және «Жаңашыл-тәрбиеші» атағы;
Үшінші орын және «Шебер тәрбиеші» атағы;
Жүлделі орын алған және берілген номинацияларда жеңіске жеткен байқау қатысушылары қалалық білім бөлімінің, қалалық білім беру қызметкерлері кісіподағы комитетінің дипломдары, сыйлықтарымен марапатталады.
№ 3 қосымша
«Үздік класс жетекшісі» класс жетекшілер кәсіби шеберлігі
қалалық байқауына қатысуға
СҰРАНЫС
Қатысушының аты-жөні
Қатысушының туған жылы
Білім беру мекемесі атауы
Тұрғылықты жері (мекен-жайы,байланыс телефоны)
Төлқұжаттық мәліметтер,ЖСН,ЖБШ (20 таңбалы сан)
Білім беру мекемесі мекен-жайы,телефоны
Білім беру мекемесі директоры
Класс жетекшісі ретіндегі еңбек өтілі
Қазіргі класымен еңбек өтілі
Класс жетекшісінің қызығушылығы, әуестігі
Класс сағатының тақырыбы, түрі, қажетті жағдай ( техникалық және т.б)
Класс сағатына қажетті оқушылардың жас деңгейі.
05.01.2016 ж.
Мектеп директорларына!
Қалалық ғылыми-әдістемелік Орталықтың жұмыс жоспарына сәйкес, Ақтөбе қаласының №№5,16,22,27,28,33,38,40,42,53,56, Благодар, Заречный МБ,
Құрашасай орта мектептеріндегі өзін-өзі тану пәнінің берілу жағдайы 2016 жылдың 18-23 қаңтар аралығында зерттелінеді.
«Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру пәнінің берілу жағдайын
зерттеу
ЖАДЫНАМАСЫ
Білім беруге жасалынған жағдай :
мұғалімдердің сапалық құрамы, білімдерін жетілдіру мен біліктілігін көтеру;
пәндік кабинеттердің жабдықталуы (оқу-әдістемелік кешен,
шығармашылық бұрыш, әдістемелік нұсқаулар, техникалық және интерактивті құрал).
Жұмыс мазмұны:
оқу бағдарламасының, күнтізбелік-тақырыптық, жаңартылған үлгідегі күнделікті сабақ жоспарларының болуы;
оқушылардың жұмыс дәптерлерінің жағдайы;
класс журналдарының жағдайы.
өзін-өзі тану пәнінің берілуі
класқа арналған,мұғалімдерге арналған портфолиолардың болуы.
Мектепішілік бақылау
Мектептердегі өзін-өзі тану пәнінің берілу жағдайының қаралуы, осы бағыттағы салыстырмалы анықтамалар немесе тақырыптық тексерулер нәтижесі;
отырыс немесе кеңес хаттамалары.
Қалалық ғылыми-әдістемелік Орталықтың жұмыс жоспарына сәйкес, 2016 жылдың 25-29 қаңтары аралығында бастауыш класс мұғалімдері арасында қалалық «Сәтті шыққан 45 минут» байқауы өтетінін хабарлайды. Байқауға ниет білдірген қатысушылардың сұраныстары 2016 жылдың 23-қаңтарына дейін қалалық білім бөліміне №44 кабинетке тапсыруларыңыз тиіс.
Қалалық «Сәтті шыққан 45 минут » байқауының
ЕРЕЖЕСІ
1. Байқаудың мақсаты мен міндеттері
1.1Мақсаты
Екінші санатты бастауыш класс мұғалімдерінің әдістемелік тұрғыда жетілуін кәсіби шаралар көмегімен дамыту.
1.2. Міндеттері
-нәтижеге бағытталған жаңа педагогикалық идеялардың тиімділігін арттыру;
-үздік педагогикалық тәжірибелерді зерттеу және тарату.
2. Байқауға қатысушылар
Байқауға қатысушы үміткерлер екінші санатты бастауыш класс мұғалімі болуы
шарт.
Байқауды ұйымдастыру және өткізу
Байқаудың өткізілу мерзімі - 25-29 қаңтар, 2016жыл.
Қатысушы жұмысын бағалайтын әділқазылар алқасы сайланады.
Мектеп әкімшілігінің сұранысы және «Сәтті шыққан 45 минут» байқауына ұсынылатын сабақтың толық жоспары zh.seber@mail.ru электронды поштасына жіберіледі.
Бағалау анықтауыштары:
сабақ жоспардың барлық талаптарды орындай алуы;
проблемасы бойынша әдістемелік ой-өрісі;
жұмыстың бірегейлігі, мазмұндылығы;
педагогикалық көзқарасын ғылыми-тәжірибелік негізде дәлелдей білуі;
жаңашылдығы, жан-жақтылығы.
Кезең жеңімпаздары үшінші кезеңге өтеді.
Марапаттау
Рейтинг бойынша көп ұпай жинаған және әдістемелік талапқа сай сабақ жоспарын дайындаған мұғалім ҚҒӘО Дипломымен, Мақтау қағазымен марапатталады. Қатысқан мұғалімдерге сертификат беріледі.
Өткізу тәртібі:
Мектеп әкімшілігінің сұранысы және «Сәтті шыққан 45 минут» байқауына ұсынылатын сабақтың толық жоспары zh.seber@mail.ru электронды поштасына 2016 жылдың 25-қаңтарына дейін жіберіледі.
Электронды поштаға жіберілген толық сабақ жоспары MICROSOFT WORD 19972003 документіне жазылады. Файл сабақ жіберген мұғалімнің фамилиясымен және мектебімен аталуы тиіс, шрифт-12, Times New Roman (сабақта түсірілген суреттер немесе видео жіберілмейді, жоспардың алғашқы жолының ортасына сабақ тақырыбы, келесі жолға-мұғалім фамилиясы, мектебі жазылады).
Аталған электронды поштаға жіберілген сабақ жоспарын комиссия мүшелері сарапқа салып, талапқа сай жоспарды ҚҒӘО сайтына (aktobe-gnmc.kz) 27-қаңтарға дейін орналастырады.
aktobe-gnmc.kz сайтына орналасқан мұғалімдердің сабақ жоспарларын әдістемелік қоржындағы - бастауыш кластар блогынан оқып шыққан осы сайтқа кіруші кез - келген педагог рейтингке (ұнайды/ұнамайды немесе нравится/не нравится) өз дауысын береді.
Рейтинг бойынша көп ұпай жинаған және әдістемелік талапқа сай сабақ жоспарын дайындаған мұғалім ҚҒӘО Дипломымен, Мақтау қағазымен марапатталады. Қатысқан мұғалімдерге сертификат беріледі.
Шара қорытындысы 29-қаңтар күні aktobe-gnmc.kz сайтында жарияланады.
Ж. Шалабаева
Утвержденный план
|
Уточненный план
|
Кассовый расход
|
|
|
|
4. 25 % сельских :
Кол-во штатных единиц
|
Уточненный план
|
Кассовый расход
|
|
|
|
Сапарова Е.
Достарыңызбен бөлісу: |