Сабақтың тақырыбы: IV тарау. Электр өрісі



бет1/3
Дата27.11.2016
өлшемі308,29 Kb.
#2600
  1   2   3
Сабақтың тақырыбы: IV тарау. Электр өрісі.
§ 31. Кулон заңы.
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларға электр өрісі тарауы бойынша мағлұмат бере отырып, денелердің электрленуі, атом құрылысы және Кулон заңы турасында түсінік беру.

Ой-өрісін, белсенділік пен қабілеттілігін, танымдық қызығушылығын дамыту.

Эксперименттік тапсырмаларды орындату арқылы өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландыру.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ.
Сабақтың әдісі: Баяндау
Сабақтың көрнекілігі: Таблицалар, тірек-сызбалар, эбонит, шыны таяқшалар, электроскоп, жібек, тері материалдар, слайдтар, султандар, электростатикалық машина, интерактивті тақта, электрондық оқулық
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру бөлімі.
Орасан зор қуатты мотордан бастап, түймедей микроқозғалқышқа дейінгі электр қозғалтқыштары Жерде өндірілген барлық электр энергиясының көп бөлігін тұтынады. Қазіргі таңда электр энергиясын өндіру, тарату және пайдалану өндірістің барлық материалдық игілігінің негізі болуда. «Электр», «Электр тогы», «Магниттер», «Электромагниттік құбылыс» деген сөздер Қазіргі заманда әр адамға таныс.

Егер пласмасса тарақтарды немесе қаламдарды киімге үйкелесе, онда ұсақ қағаздарды өзіне тартатынын көруге болады. Құрғақ шүберекпен сүртілген айна, шыны, пластинка тоөаңды және басқа ұсақ бөлшектерді өзіне тартады.

Бұл құбылыстар өте ертеден белгілі. Біздің заманымызға дейінгі 600 жылдары ертедегі гректер сары янтардың ерекше қасиеті бар екендігін байқаған. Гректер оны «электрон», ал оған қатысты құбылысты денелердің электрленуі деп атаған. Денелердің электрлену құбылысы түрлі тектегі екі дененің жанасуы, соқтығысуы, жарылуы кезінде көрініс табады.

Денелердің өзара электрлік әрекеттесуінен электр заряды деген физикалық шама туындайды. Зарядтардың екі түрі болады: + оң – шыны, - теріс – эбонит. Электр зарядтарының өзара әрекеттесуін қарастырайық. М. 62- сурет (а,ә,б).

Аттас және әр аттас зарядтардың өзара әрекетесуі туралы айта келіп, неге оң заряд, неге теріс заряд болатындығын түсіндіру.






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет