«Delphi программалау тілі»


Əдебиеттер: [1]-[7], қ[1]-[5]



бет39/66
Дата11.09.2020
өлшемі1,77 Mb.
#77807
түріПрограмма
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   66
Байланысты:
Delphi программалау тілі

Əдебиеттер: [1]-[7], қ[1]-[5]




  1. Семинар, практика сабақтарының жоспары – қарастырылмаған.



  1. Практикалық (семинарлық, студиялық) сабақтар жоспарланбаған.

СОӨЖ сабақтарға əдістемелік нұсқаулар

Пəнді оқыту негізінен дəріс, СОБӨЖ жəне өзіндік жұмыстар түрінде жүргізіледі. Оқу материалының мазмұны дəрісте беріліп, теориялық білім түсініледі. Пəнді оқу нəтижесінде студенттер объектілі-бағдарлы программалау тілі Borland Delphi ортасында программалау негізімен танысады. Пəнді оқыту барысында студенттердің төменгі курста оқыған Паскаль программалау тілінен алған білімдерін қолдана жəне одан əрі тереңдете отырып, оның объектілі- бағдарлы кеңейтілуі үйретілерді. Windows ортасында жарыққа шыққан жəне объектілі- бағдарлы программалау негізінде құрылған программалау тілі- Delphi ОБП тілінің мүмкіндіктерін пайдаланып, қарапайым Windows қосымша жасауға үйретуді көздейді. Студенттер программалаудың қазіргі заманғы кең қолданылатын түрі объектілі- бағдарлы методологиясымен танысады.

Құрылымдық программалау тілдеріне қарағанда Delphi ОБП тілінде жасалған программалар студенттердің қызығушылығын туғызып, программалауға деген құлшынысын арттырады. Күнделікті өздері қолданып жүрген Windows қосымшаларды жасау (мысалы, Калькулятор, Блокнот т.б.) студенттердің өз іс-əрекетіне деген сенімділігін туғызып, оларды өз бетінділікке, шығармашылыққа тəрбиелейді. Сонымен қатар, студенттер Delphi ОБП құралдарын қолданып, пернетақталық жаттықтырғыш, əртүрлі тестілеу жəне үйретуші программаларды жасауға үйренеді.

Delphi ОБП тілінде қосымшалар жасау компьютерде программалау əдістері мен дағдыларын дамыту жəне программалау курсынан білім мазмұнын қорытындылау болып табылады. Delphi ОБП тілін үйрену жоғарғы курстарда курстық жəне дипломдық жұмыстар үшін түрлі қосымшалар жасауға көмегін тигізеді. Қазіргі кезде түрлі жобалардың интерфейстері, оқыту программалары жəне электрондық оқулықтар Delphi ОБП тілінің құралдарын қолданып жасалынады.

Өздік жұмыста Borland Delphi программалау ортасында студенттер тақырып бойынша берілген есепке байланысты жоба құрастыып, оның программа кодын жаза білу, оны орындату, түзету, нəтижесін талдауды жүзеге асырады. Оқытушы басшылығымен өткізілетін өзіндік жұмыста оқу материалының теориялық қосымша сұрақтары талданады, қосымша берілген есеп жобалары жасалып, тексеріледі жəне талқыланады. Бақылау сұрақтарының жауаптары тексеріледі. Студенттің үй жұмысында бұрын алған білімдерін бекітуге арналған тапсырмалар беріледі.

Студенттердің білімін тексеру өзіндік жұмыс тапсырмаларын орындауы, шығармашылық жұмыс, коллоквиум, тестілеу түрінде ұйымдастырылады. Шығармашылық жұмыста студенттер Borland Delphi программасының құралдарын қолданып түрлі тестілеу, бақылау, оқыту, жаттығу программаларын өздігімен жасап, оларды презентациялайды. Шығармашылық жұмыс студенттің алған білімін қорытындылау, шығармашылық белсенділігін арттыру, өз бетімен жұмысын жоспарлай алу, пəн бойынша алған білімін өз бетінше қолдана алу сияқты қасиеттерін дамытады. Пəнді оқытуда Delphi программасынан электрондық оқулығы қолданылады. Ол арқылы студент əр тақырып бойынша өз білімін толықтырады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   66




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет