- poDesktopCenter және poScreenCenter мәндерінде Пішін
экранның немесе жұмыс столының ортасында
орналасады.
- poMainFormCenter мәні бойынша Пішін бас терезенің
ортасында көрінеді.
- poOwnerFormCenterмәні арқылы Пішін шақырылған
терезенің ортасынан пайда болады.
Сіз Пішіннің қалыпты түрде не ең кіші немесе ең үлкен өлшемде көрінуін оның WindowsStateқасиетінің – wsNormal, wsMinimized, wsMaximized сәйкес мәндері бойынша бағдарламалауыңызға болады. Барлық терезенің тақырыбында жиыру, жаймалау және жабу батырмалары бола бермейді.
Олардың болу не болмауын BorderIconsқасиеті арқылы басқарады. Ол үшін обьектілер инспекторының сол жағында таңбасын ашатын – True, оны жабатын – False мәндері бар. Ал Пішіннің biSystemMenu=False мәнінде терезені ALT+F4батырмаларының көмегімен жабу қажет.
Пішіннің шекараларын басқару қызметін BorderStyle қасиеті атқарады. Оның: