Project -» View Sourse командасын орындайық. Код редакторында (Бас терезенің коды бейнелетін пішіннің емес) жаңа астар пайда болады. Мұнда Бас терезе көрінбейді, бірақ барлық жобаны басқарады және жалпы пішінсіз де жұмыс істей алады. Оған өз кодыңды орналастырып және Паскальдағы сияқты бағдарлама жазуымызға болады.
Барлық жаңа жобалар бірден өзі жасалатындар қатарына енгізіледі, яғни олар бағдарламаның жұмысын бастаған кезден жобаның Бас пішінімен бірге құрылып көбейе береді.
Бағдарламада біз мұнымен айналыспаймыз, алайда бір уақытта бірнеше пішіннің жасалуы бағдарламаның орнын азайтады және қаншама уақыт алады. Сондықтан да қажетті сәтте ғана тиісті пішінді жасауды үйренуді ұсынамын.
Біріншіден, пішіннің өздігінше жасалуын тоқтату керек. Ол үшін Project -» Options командасын орындаңыз. Көрінген терезеде: Main Form(Бас Пішін), Auto-create (өздігінен жасалатын) және AvaiLable(қол жетімді) түріндегі жоба пішіндері бейнеленеді. Мұнда бізге пішінді өздігінше жасалатын түрден қолжетімді түрге көшіруіміз қажет. Ол: “>” батырмасын (керісінше амал – “<”) басу арқылы орындалады.
Сонымен Form1 Бас пішіні өзі жасалады, ал қосымша Form2 пішінін біз бағдарламада қажетіне қарай өзіміз құрамыз. Егер біз осы айтылғанды жасамаған болсақ, онда экранда жаңа пішін шығару үшін былай деп жазсақ жеткілікті :
Form2.Show; // жай пішін үшін
Form2.ShowModal; // модальды пішін үшін
Егер біз қосымша пішіндерді қолжетімді түрге көшірген болсақ, онда осындай пішінді шақыру алдында, оның бар-жоқтығын былайша тексеру қажет:
Достарыңызбен бөлісу: |