Демеуов Ахан Калыбаевич Тулебаев Абдислам Раймбекович Жаңбыр Нұрлыбек Қаржауұлы «Спорттың таңдаған түрінен кәсіптік жаттықтырушылық қызметін жетілдіру»


Спорттық дағдылардың тұрақтылығының негізгі ережелері мыналар



бет30/58
Дата08.02.2022
өлшемі0,72 Mb.
#119548
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   58
Байланысты:
Спорттың таңдаған түрінен кәсіптік жаттықтырушылық қызметін жетілдіру

Спорттық дағдылардың тұрақтылығының негізгі ережелері мыналар:
1. Дағдыны тұрақтандыру оның бекітілетін ерекшелік белгілерінің көрінуі әрекетті қайталап орындау процесінде стандарттыға қарағанда жеңіл орындалады. Осыдан келіп келесі ереже шығады:басында әрекетті бүтіндей орындау дағдыларын бекітуді қозғалыс әдістерінің ең жақсы үйлесімді параметрлерінен ауытқуды туғызуға қабілетті қозғаушы күштерді мүмкіндігінше болдырмау жағын ұйымдастыру қажет және мұндай ауытқуды болдырмау үшін жүктеме мен демалысты реттеу, дағдыларды бекітіп, қалыптастыруға жәрдемдесетін сабақтың құрылымындағы жаттығуларды дұрыс бөлу, сыртқы орта жағдайын қалыптастыратын сәйкес техникалық құралдарын, тренажерларды, осы заманғы озық қондырғыларды пайдалану.
2. Тұрақтандырудың оңды сипатын қамтамасыз ету, яғни дағдыны тұрақтандыруға бағытталған барлық күш салу мәнін жоймау үшін қателік болмауы шарт. Сондықтан, жаттығудың тұрақтылығы салыстырмалы:оны қатесіз және қозғалыстың бекітілген параметрларінің дәлдігімен қайталау қажет. Тұрақтандыру кезеңінде және техникалық дайындықдың барлық сатыларында қабілетті дәл реттеуге және динамикалық параметрлерін анықтауға тәрбиелеуді үйлестіру, бүтіндей әрекеттердің ауыспалы сәттерін басқару қажет.
3. Жаттығудың үлкен циклының нақтылы сатысында жаттыққандығын дамытудың жалпы негізгі мақсатымен сәйкестендіріп көшірмеге(стереотип) айналдырмай оған қажетті тұрақтылық беретін жарыстық әрекеттердің дағдыларын бекіту мақсатқа лайықты болады.
4. Жарыстық әрекеттің қалыптасқан дағдыларын бекіту процесінде тұрақтандыруды қалыптастыратын жаттығулардың барлық параметрлері жаттығудың осы циклында белгіленген мақсатқа жетуге біртіндеп жақындауы тиіс.
Сонымен бірге, спортың жылдамдық-күш түрлерінде жылдамдық-күш сапалары біртіндеп барынша өсуі көрінетін жағдайда бірінші жоспарда дағдыларды тұрақтандыру проблемасы алға шығады. Мұнда зоналық қарқындылықты меңгеру әдісі қолданылады. Яғни, егер бірінші кезеңде жаттығулар негізіне ауырлықсыз 90 % аспайтын қарқындылықпен орындалса, тұрақтандыру кезеңінде бұл жаттығулардың елеулі бөлігінің қарқындылығы басында 90%-93%, ал содан кейін жарыстық әректке барынша жақындайды. Жылдамдық-күш қабілеттерініњ аса көп көрінуін талап етпейтін спорт түрлерінде дағдыларды қалыптастырып, бекіту кезінде қозғалыс әдістерінің басты белгілерін тұрақтандыруды бірден қарқындылығы бойынша мақсатты деңгейдегі қолданыста қамтамасыз етуге болады.
Спорттық әдістің сенімділігі қалыптасқан дағдыларды сайыстың өзгермелі жағдайына сәйкестендіріп мүмкіндігіне қарай ,атап айтқанда дағдының вариативтілігіне қарай (өзгермелілігі) өзгертуге болады. Алайда дағдының тұрақтылығы мен динамикалығы тек (кереғар емес, сонымен бірге өзара себепші ьолады. Олардың байланысы әрекеттің берілген кинематикалық(дененің қозғалысын тексеретін механикалық бөлім) параметрлері оның әртүрлі жағдайда қолданылуы кезінде сол күйінше қалуы мүмкін.
Жарыстық әрекеттің әдістерінің мақсатқа лайық вариативтілігі олардың ақталған айнымалығымен сипатталады, яғни олар жарыс жағдайында бірдей және әрекеттің нәтижелілігін сақтауға жәрдемдеседі. Ол бекітілген қозғалыс формасынан ауытқуға әкеледі, бірақ жарыстық мақсатқа жетуге қажеттіліктен артық емес мөлшерде жіберіледі. Әртүрлі спорт түрлерінде оның вариативтілік дәрежі бірдей емес.
Спортшының бекітілген дағдыларды жетілдіру кезіндегі әдістік дайындығының негізгі міндеттерінің бірі спорт түрінің ерекшеліктеріне қарай сәйкес келетін вариативтілігін қамтамасыз ету болып табылады. Бұл жаттығудың жекелеген формаларының, фазаларының жеклеген сипаттамасын бағытты түрлендіру жолымен іске асырылады. Түрлендірудің әртүрлі әдістерінің бастапқы негізгі жарыстық әрекеттің және жаттығудағы мақсатқа сәйкес жедел нұсқаулардың өзгеруінен, нәтижелілігіне тұрақты тапсырманы үйлестікпен берумен қортындыланады. Жарыстық жағдайдың барысында үздіксіз өзгеріске ұшырайтын стандартты емес әрекет құрамы бар спорт түрлері үшін (спорт ойындары, жеке сайыстар) бағытталған түрлендіру диапазоны барынша кең. Мысалы, футболда жарыстық әрекеттің тиімділігі жаттығуда қаншалықты шапшаңдыққа, тұрақтылыққа, доптың ұшу траекториясының биіктігіне, дәлдігіне, соққының ұзақтығына және т.б. мақсат ету кең ауқымда пайдаланылуына тәуелді болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   58




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет