Демеуов Ахан Калыбаевич Тулебаев Абдислам Раймбекович Жаңбыр Нұрлыбек Қаржауұлы «Спорттың таңдаған түрінен кәсіптік жаттықтырушылық қызметін жетілдіру»



бет33/58
Дата08.02.2022
өлшемі0,72 Mb.
#119548
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   58
Байланысты:
Спорттың таңдаған түрінен кәсіптік жаттықтырушылық қызметін жетілдіру

1-ші топ – дене және психикалық сапаларын шегіне дейін көрсететін, олар үшін спортшылардың белсенді қозғалыс қызметі тән спорт түрлері. Бұл спорт түрлеріндегі спорттық нәтиже спортшының өзінің жеке қозғалыс мүмкіндігіне тәуелді. Бұл топқа спорттың көпшілік түрлері жатады (жеңіл атлетика,спорт ойындары, жеке сайыс, суға жүзу және т.б.);
2-ші топ - операциялық негізін арнайы техникалық қатынас құралдарын басқарудың әрекеті құрайтын спорт түрлері (автомобиль, мотоцикл, яхта, самолет және т.б.). Бұл спорт түрлеріндегі нәтиже техникалық құралдарды тиімді басқара білуімен және оны дайындау сапасына байланысты;
3-ші топ - қозғалыс белсенділігі арнайы қарудан нысанаға тигізу жағдайымен қатаң лимиттелген спорт түрлері (мылтық ату, садақ ату);
4-ші топ – спортшының модельдік – конструкторлық қызмет нәтижесі салыстырылатын спорт түрлері (авиамодель, автомодель және т.б.);
5-ші топ – негізгі мазмұны абстракталы - қисындық сипаттағы жарыста қарсыласын ұту сипатындағы спорт түрлері (шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ, нарды т.б.);
6-шы топ - әртүрлі спорт түрлері топтарына кіретін спорт түрлерінен құралған көпсайыс (спорттық бағдарлау, түлкі аулау, биатлон, теңіз көп сайысы, қызметтік көпсайыс және т.б.).
Егер жақсы жолға қойылған спортшыны дайындау жүйесі болса ғана жоғары спорттық нәтижелерге жетуге болады.
Спортшының жоғары спорттық жетістіктерге жетуге ең жақсы дайындық дәрежесін қамтамасыз ететін және өзара тиімді қарым-қатынас негізінде жаттығу-жарыстық процестің ұйымдастыру түрлері мен жағдайының әдістемелік негіздерінің жиынтығы болып табылады.
Спортшының дайындық жүйесі өзіне ірі төрт қызметтік жүйені ендіреді:

  • іріктеу және спорттық бағдарлау жүйесі;

  • спорттық жаттығу;

  • жарыс жүйесі;

  • хаттығу-жарыстық процестің жаттығудан және жарыстан тыс қозғаушы күштері.

Спортшының негізгі дайындық-жаттығу қызметі спорттық жаттығу жағдайында іске асады. Ол жаттығу жүйесіне құрылған және спортшының спорттық жетілдірілуін басқаруға бағытталған, сонымен бірге оның жоғары нәтижелерге жету дайындығын қамтамасыз ететін спортшының негізгі дайындық түрі болып табылады.
Спортшыны дайындау жүйесіндегі маңызды компоненті спортшыны дайындаудың мақсаты, құралы және әдісі ретінде қатысатын жарыс болып табылады. Жарыс спортшының қызметі іске асатын, оның белгілі дәрежедегі қабілетін әділ салыстырып анықтауға мүмкіндік беретін және оның максимальды көрінуін қамтамасыз ететін арнайы өрісті жүйе ретінде анықталады.
Жарысқа қатысу үшін ең жоғары дайындық пен жоғары спорттық нәтижелерге жету барлық дайындық жүйесін осы заманғы озық ғылыми-әдістемелік қамтамасыздандырумен ғана мүмкін. Осыдан келіп, ең жаңа ғылыми мәліметтер мен озық спорттық тәжірибе негізінде жинақталған спортшыны дайындау жүйесінен "спорт мектебі" деген ұғым туындайды (бокс мектебі, балуандар мектебі және т.б.).
Спорттық тәжірибеде спорттық қызмет және жарыстық қызмет ұғымдары кең таралған, көбінесе оларды синоним ретінде қолданады, алайда олардың әрқайсысының мазмұны мен мағынасы жағынан елеулі айырмашылығы бар. Спорттық қызмет спорт үшін көп қырлы қоғамдық құбылыс ретінде тән, өйткені адам қызметінің әртүрлі өрісін қозғайды. Спорт саласына әртүрлі кәсіптегі көп адамдар санын тартпай максимальды нәтижеге жету мүмкін емес. Социологтар, дәрігерлер, педагогтар, физиологтар, инженерлер, басқару аппаратынан, өнер саласынан, материалдық - техикалық қамсыздандыру және көптеген басқалары елімізде спорттық жұмыстың жұмыс жүргізілуін қамтамасыз етеді. Сонымен бірге, бұл адамдардың қызметі қоғам өмірінің әлеуметтік және әкономикалық жағдайымен айқындалады.
Айтылғандарды ескере отырып, спорттық қызмет спорт аясында (сфересында) адамныңмүмкіндігінше, барынша сауығуы мен жетілуін қамтамасыз етудегі тәртіпке келтірілген ұйымдастыру қызметі болып табылады. Оның негізгі принциптері мен формалары қоғамдағы спорттың әлеуметтік жұмыс істеу жағдайымен анықталады.
Ресми жарыстар қатынасындағы жарыстық қызмет өзінің абсалюттік мәнінде жеке жарыстық қызмет болып табылады. Бұл жағынан келгенде де тәртіп бойынша адамның психикалық және дене күші шегіндегі, соңғы мақсаты қоғамдық маңызды және жеке нәтижелерге жету болып табылатын ресми жарыс жағдайындағы іске асырылатын адамның ерекше қозғалыс белсенділігі болып табылады.
Спортшылардың өзіндік жарыстық қызметі жарыстарда іске асырылады. Жарыс – адам мүмкіндіктерін және этикалық өзара қарым-қатынастарын білудің қозғаушы күштері, сонымен бірге адамдар арасындағы немесе адамдар топтарымен қарым-қатынас түрі.
Жарыстық қызметтің соңғы нәтижесі спорттағы көрсеткіштердің сапалық деңгейімен немесе сонымен сипатталатын спорттық жетістікке жету болып табылады.
Спорттық жетістік – бұл спорттық шерберліктің және спортшының қабілетінің нақтылы нәтижеде көріну көрсеткіші.
Спорттық және жарыстық қызмет, әртүрлі деңгейдегі жарыстарды ұйымдастыру және өткізуге, спорттық қозғалысқа органикалық кіреді, өйткені спорттық қоғалыстың барлық бағытында жалпы көпшіліктік қарапайым спорт және жоғары жетістіктер спорты тұр. Осыдан келіп спорттық қозғалыс – бұл жалпыкөпшілік, бұқаралық спорт және жоғары нәтижелер спорты аясындағы спорттық тәжірибе, әлеуметтік ағым.
"Спорт" ұғымымен қатар "дене мәдениеті" немесе олардың үйлестігі "дене тәрбиесі және спорт" ұғымдары жиі пайдаланылады. Спорт дене мәдениетінің ажырамайтын бөлігі, ірі компоненті болып табылады. Дене мәдениетінің әлеуметтік қызметінің бүтіндей қатары спортқа да тарайды. Алайда спорт түрлерінің барлығы дене мәдениетіне жата бермейді. Бұл дене мәдениеті ұғымын (термині) қоғам және жеке тұлға мәдениетінің органикалық бөлігі, адамның өмір тәжірибесіне дене дайындығы, өзінің жағдайын жақсарту (оптимизациялау) және дамыту қозғаушы күші ретінде қозғалыс белсенділігін үйлесімді пайдалану деп түсіну дұрыс. Шахмат, дойбы, бридж, моделдік-конструкторлық сияқты спорт түрлері спорттық жетістіктерге дайындықтың басты құралы ретінде дене жаттығуларын пайдаланумен тікелей байланысты емес.
Спорт дене мәдениетінің құрамдас бөлігінің бірі болғанымен, ол оның аясынан шығып, белгілі дербестікте болады.
Біздің елімізде және бүкіл әлемде спорттық қозғалыс тәртіп бойынша жалпы көпшілік спорт тәжірибесін (практикасын) қамтиды. Балалар, жас жеткеншектер, жасөспірімдер және ересектердің миллиондаған саны спортпен шұғылданып, өзінің денсаулығын нығайтады, адамдармен сұқпаттасып қуанышқа бөленеді, таңдаған спорт мамандығында өзін жетілдіреді, өзінің дененің шарықтаған шегін (кондиция), жалпы төзімділігін арттырады және өз мүмкіндігіне сәйкес спорттық нәтижелерге жетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   58




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет