Байланысты: Спорттың таңдаған түрінен кәсіптік жаттықтырушылық қызметін жетілдіру
Қозғалыс біліктілігі – бұл қозғалыс әрекетін орындауда тапсырылған қозғалыс үлгісін құруда шұғылданушының назарын елеулі шоғырландыру кезіндегі сәйкес келетін қозғалыс алғы шартына байланысты оның әдісі жайлы белгілі бір білім негізінде қозғалыс әрекетін орындау қабілеттілігі.
Қозғалыс біліктілігінің қалыптастыру процесінде сананың басты рөлімен қозғалыстың үйлесімді жолдарын іздеу пайда болады. Қозғалыс әрекетін көп рет қайталау нәтижесінде қозғалысты автоматты түрде орындауға біртіндеп әкеледі және қозғалыс біліктілігі оның кезінде қозғалыс автоматты түрде басқаратындай дәрежеде әдісті меңгерумен сипатталатын дағдыға айналады, ал бұл әрекет жоғары сенімділігімен айырмаланады.
Спорттық жаттығу процесінде қозғалыс біліктілігі жәрдемші қызмет атқарады.Ол мына екі жағдайда көрінуі мүмкін:
1) Барынша күрделі қозғалыс әрекеттерін алдағы уақытта үйрену үшін ұштастыру жаттығуларын меңгеру қажет болған жағдайда.
2) Сәйкес келетін қозғалыс әрекетінің әдістерін қарапайым меңгеруге қол жеткізу қажет болған жағдайда біліктілікті қалыптастыру қозғалыс дағдыларының алдағы қалыптасуының алғы шарты болып табылады.
Егер қажетті әсер ету жүйесі жиі, дәл берілсе және шамамен стереотипті,яғни көшірмесі болса қалыптасқан қазғалыс дағдылары тұрақты болады.