Демеуов Ахан Калыбаевич Тулебаев Абдислам Раймбекович Жаңбыр Нұрлыбек Қаржауұлы «Спорттың таңдаған түрінен кәсіптік жаттықтырушылық қызметін жетілдіру»



бет55/58
Дата08.02.2022
өлшемі0,72 Mb.
#119548
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   58
Байланысты:
Спорттың таңдаған түрінен кәсіптік жаттықтырушылық қызметін жетілдіру

Сұрақтар

  1. Әдістік дайындықты спортшының қандай нәтижелерге жетуге бағытталған әрекеті болып табылады.

  2. Әдістік спорттық-тәсілдік дайындық дегеніміз

  3. Арнайы спорттық-тәсілдік дайындық дегеніміз

№15 Семиар сабақ. Тақырыбы: Тәрбие жұмысын жүргізудегі кәсіби-педагогикалық дағдыларды арттыру


Жоспары:



  1. Таңдаған спорт түріндегі тәрбие жұмыстары

Спорттық - тәсілдік дайындық - өзгеше (спецификалық) жарыстық процесте спорттық сайысты жүргізудің тиімді жолдарын меңгеруге бағытталған педагогикалық процесс. Спорттық-тәсілдік дайындыққа мыналар кіреді : таңдап алған спорт түрінің тәсілдерінің жалпы ережесін, төрешілік және жарыс ережелерін, жоғары дәрежелі спортшылардың әдістік-тәсілдік тәжірибесін оқып үйрену; алда болатын жарыста өз тәсілін құра білуді меңгеру; тәсілдік құрылымдарды іс жүзінде меңгеру үшін жаттығуда және бақылау жарыстарында қажетті жағдайдың үлгісін жасау. Оның нәтижесі спортшының немесе команданың белгілі дәрежедегі дайындық деңгейін қамтамасыз ету болып табылады. Тәсілдік дайындық әртүрлі әдістік тәсілдерді пайдаланумен, олардың орындалу әдістерімен, шабуылдау, қорғану, қарсы шабуылдау тәсілдерін таңдауымен және олардың формаларымен (жеке, топтық немесе командалық) тығыз байланысты.


Тәсілдік дайындықты іс жүзінде жүзеге асыру келесі міндеттерді шешуді болжалдайды: жекпе-жек туралы бүтіндей түсінік, мағлұматтың болуын қамтамасыздандыру; жарыстық сайысты жеке өз әдіс үлгісімен (стилінде) жүргізуді қалыптастыру; қабылданған шешімді қарсыластыњ ерекшеліктері, сыртқы орта жағдайы, төрешілік, жарыстық жағдай, спортшының өзінің жеке жағдайы және т.б. ескерілген үйлесімді әдістері мен әрекеттерінің арқасында шешу және өз уақытында іске асыру.
Спортшының жоғары тәсілдік шеберлігі дене күші, әдістік, психикалық дайындалғандық жақтарының жақсы деңгейінде негізделеді (қолданады). Спортшының спорттық әдістік шеберлігінің негізін тәсілдік білімділік, біліктілік, дағдылар мен тәсілдік ойлау сапасы құрайды.
Спортшының тәсілдік біліміне таңдап алған спорт түріндегі қалыптасып, дағдыға айналған принциптері мен үйлесімді тәсілдік әдістері туралы мәліметтерін жатқызуға болады. Тәсілдік білім тәсілдік біліктілік және дағдылар түрінде іс жүзінде қолданылады.
Тәсілдік білім, біліктілік және дағдылардың қалыптасуымен бірлікте тәсілдік ойлау қабілеті дамиды. Ол спортшының тез түйсікпен қабылдау, бағалау, ақпаратты шығару және қайта өңдеу қабілеттерімен сипатталып, сайыстың тәсілдік міндеттерін шешуге елеулі әсер етіп, қарсыластыњ әрекеті мен жарыс қортындысының жағдайын алдын-ала болжап білу, ең бастысы – табысқа жеткізуге бірнеше варианттардың ішінен барынша мүмкіндігі бар вариантын табудың қысқа жолын табу.
Тәсілдік дайындықтың екі түрі айырмаланады : жалпы және арнайы.
Жалпы тәсілдік дайындық таңдап алған спорт түріндегі спорттық жарыстарда табысқа жету үшін қажетті білім мен тәсілдік дағдыларды меңгеруге бағытталған; арнайы тәсілдік дайындық - нақтылы жарыста және белгілі қарсыласқа қарсы табысты өнер көрсету үшін қажетті, білім мен тәсілдік әрекеттерді меңгеру.
Тәсілдік дайындықтың ерекше құралдары мен әдістеріне "тәсілдік жаттығулар" деп аталатын арнайы дайындық және жарыстық жаттығуларды орындаудың тәсілдік формасы қызмет атқарады. Олар басқа жаттығатын жаттығулардан былай айырмаланады :

  • берілген жаттығуларды орындау кезінде тапсырма бірінші кезекте тәсілдік міндеттерді шешуге бағытталған ;

  • жаттығуларда іс жүзінде жекелеген тәсілдік әдістер мен спорттық сайыс жағдайлары үлгіленеді ;

  • қажетті жағдайларда жарыстың сыртқы жағдайы да үлгіленеді.

Дайындық сатысына байланысты тәсілдік жаттығулар жеңілдетілген жағдайда пайдаланылады; күрделіленген жағдайда; жарыстық жағдайға максимальды жақындатылған жағдайда.
Жаттығуда тәсілдік жаттығуларды орындау жағдайын жеңілдету әдетте жаңа күрделі біліктілік пен дағдыларды қалыптастыру немесе бұрын қалыптасқанды жаңадан қайта өзгерту қажет болуы мүмкін. Егер үйретілген тәсілдің формасын күрделілігі азырақ операцияларға бөлу (бөліну мен мысалы, спорт ойындарындағы және жеке сайыстардағы, арақашықтықтағы позициялық тартыс кезіндегі шабуылдау, қорғану, қарсы шабуылдау және т.б.) жолымен оңайлатып, жеңілдету арқылы қол жеткізуге болады.
Арттырылған қиындықтағы тәсілдік жаттығуларды пайдаланудың мақсаты үйретілген тәсіл түрінің сенімділігін қамтамасыздандыру және тәсілдік қабілеттерді дамытуға ынталандыру. Мұндай жаттығуларда іске асырылатын жалпы әдістемелік тәсілдерге мыналар сәйкес келеді :
а/ қарсылас жағынан қосымша тәсілдік қарсы әрекеттің қосылуымен байланысты тәсілдер. Спортшы (команда) сонымен бірге жарыстық жағдайға қарағанда тәсілдік міндеттерді шеше отырып, барынша елеулі қарсы әрекетті жеңу қажеттілігін басынан өткізеді. Мысалы: бірнеше қарсыластарымен (айқасу барысында кезекпен ауысып) жаттығу айқасында (ұстасуында) ойындық жаттығуларда және Біреу екеуге қарсы , Үшеу бесеуге қарсы жаттығу ойындарында жоспарлаған тәсілдік түпкі ойын іске асыру және т.б. ; тапсырылған әдістік-тәсілдік әдістермен барынша кең ауқымдағы әдістер арсеналын пайдалануға рұқсат етілген қарсыласының қарсылығын жеңу ;
ә/ кеңістік және уақытша әрекет ету жағдайын шектеуге байланысты әдістер;
б/ пайдаланылатын тәсілдік варианттарды міндетті түрде кеңейтумен байланысты әдістер
в/ жарыстық мақсатқа жету үшін мүмкіндік берілген талаптану санын шектеуге байланысты әдістер;
Спортшыға тәсілдік ойлауды жетілдіру процесінде келесі қабілеттерді дамытуы қажет: тез қабылдау, бірдей сезіну, талдау және жасалынған жағдайға және өзінің дайындық деңгейі мен оперативтілік жағдайына сәйкес жарыстық жағдайды бағалай білуі тиіс; қарсыласының әрекетін алдын-ала білу; өзінің әрекетін жарыстың мақсатына және нақтылы сайыстық жағдай міндеттеріне сәйкес құру.
Тәсілдік ойлау қабілетін жетілдірудің негізгі ерекше әдісі тікелей қарсыласымен немесе шартты қарсыласымен жаттығу әдісі болып табылады.
Спорттық тәсіл негіздерін оқытып үйрету және жетілдірумен қатар мыналар қажет:

  • тәсілдік заңдылықтар мен оның тиімді формалары жайлы білімді тереңдету және үнемі толықтырып отыру;

  • спорттағы бәсекелес қарсыласы туралы жүйелі түрде "барлау" жүргізу (ақпар жинау), оған қарсы тәсілдік айлалы әдістерді дайындау;

  • спорттық-тәсілдік біліктілік пен дағдыларды, үлгілерді және т.б. тереңдету және жаңартып отыру.

  • тәсілдік ой түюге тәрбиелеу

Спорттық жаттығудың мазмұнының практикалық бөлігі ретінде тәсілдік дайындық негізгі сайыстық алдындағы және негізгі жарыстардың аралығындағы сатыларында барынша толық көрнекті ұсынылған.
Жауапты жарысқа тікелей дайындық сатысында тәсілдік дайындықтың әдістемесі бірінші кезекте алдағы өтетін сайыста пайдаланылатын тәсілдердің бүтіндей формасын барынша толық үлгілеу мүмкіндігін қамтамасыз етуі тиіс. Мұнда үлгілеудің мақсаты алдағы сайыс жағдайына барынша дәл келетін өңделіп дайындалған тәсілдік ойды және жоспарды іс жүзінде байқап тексеріп көру.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   58




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет