Демократиялық институттар мен адам құқықтары жөніндегі бюро Қазақстан республикасы



Pdf көрінісі
бет1/5
Дата24.11.2019
өлшемі0,58 Mb.
#52336
  1   2   3   4   5
Байланысты:
6035554.a4

Демократиялық институттар мен адам құқықтары жөніндегі бюро

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

2004 жылғы 19 қыркүйектегі жəне 3 қазандағы

ПАРЛАМЕНТТІК САЙЛАУ

Сайлауды байқау жөніндегі ЕҚЫҰ/ДИАҚБ миссиясының

есептемесі

Варшава

2004 жылғы 15 желтоқсан

МАЗМҰНЫ

I.

ЖАЛПЫ ШОЛУ

................................................................................................................................ 1

II.

КІРІСПЕ ЖƏНЕ АЛҒЫС БІЛДІРУ

............................................................................................... 3

III.

САЯСИ ЖАҒДАЙ

............................................................................................................................. 4

IV.

ЗАҢНАМАЛЫҚ ШЕҢБЕР

.............................................................................................................. 5

V.

САЙЛАУДЫ ДАЙЫНДАУ ЖƏНЕ ӨТКІЗУ

................................................................................ 6

A.

С

АЙЛАУ КОМИССИЯЛАРЫ

............................................................................................................... 6

Б.

С

АЙЛАУДЫ БАСҚАРУ

....................................................................................................................... 7

В.

Э

ЛЕКТРОНДЫ ДАУЫС БЕРУ ЖҮЙЕСІ

............................................................................................... 8

Г.

С

АЙЛАУШЫЛАРДЫҢ ТІЗІМДЕРІ

.................................................................................................... 10

VI.

ПАРТИЯЛАР МЕН КАНДИДАТТАРДЫ ТІРКЕУ

................................................................... 11

VII.  САЙЛАУ АЛДЫНДАҒЫ НАУҚАН

........................................................................................... 12

VIII. БАҚ

..................................................................................................................................................... 14

A.

Н

ЕГІЗГІ МəЛІМЕТТЕР



......................................................................................................................... 14

Б.

БАҚ 

 ҚЫЗМЕТІН ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ

................................................................................................

14

В.

БАҚ 

МОНИТОРИНГІ

....................................................................................................................... 16

IX.

ШАҒЫМДАР ЖƏНЕ АПЕЛЛЯЦИЯЛАР

.................................................................................. 18

X.

ƏЙЕЛДЕРДІҢ ҚАТЫСУЫ

........................................................................................................... 20

XI.

ҰЛТТЫҚ АЗШЫЛЫҚТАРДЫҢ ҚАТЫСУЫ

........................................................................... 20

XII. ЖЕРГІЛІКТІ БАЙҚАУШЫЛАР

.................................................................................................. 21

XIII. ДАУЫС БЕРУДІ ЖƏНЕ ДАУЫСТАРДЫ САНАУДЫ БАЙҚАУ

......................................... 22

A.

Д

АУЫС БЕРУ

................................................................................................................................... 22

Б.

Д

АУЫСТАРДЫ САНАУ

..................................................................................................................... 24

В.

Н

əТИЖЕЛЕРДІ ШЫҒАРУ

................................................................................................................. 25

XIV. САЙЛАУДЫҢ ЕКІНШІ ТУРЫ

.................................................................................................... 26

XV. САЙЛАУДЫҢ НƏТИЖЕЛЕРІН ЖАРИЯЛАУ

......................................................................... 27

XVI. ҰСЫНЫСТАМАЛАР

..................................................................................................................... 28

A. 

Қ

ҰҚЫҚТЫҚ ШЕҢБЕР

...................................................................................................................... 29

Б. 

С

АЙЛАУДЫ ДАЙЫНДАУ ЖəНЕ өТКІЗУ



.............................................................................................. 29

В. 

Э

ЛЕКТРОНДЫ ДАУЫС БЕРУ

........................................................................................................... 30

Г. 

БАҚ

................................................................................................................................................. 30

Д. 

Ə

ЙЕЛДЕРДІҢ ҚАТЫСУЫ

................................................................................................................. 30

ГЛОССАРИЙ

.............................................................................................................................................. 31

ҚОСЫМША: САЙЛАУ АЛДЫНДАҒЫ НАУҚАНДЫ БҰҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТ

ҚҰРАЛДАРЫНДА ШОЛУ МОНИТОРИНГІ

........................ERROR! BOOKMARK NOT DEFINED.

ЕҚЫҰ/ДИАҚБ ТУРАЛЫ МəЛІМЕТ

..................................................................................................... 36

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

2004 жылғы 19 қыркүйектегі жəне 3 қазандағы

ПАРЛАМЕНТТІК САЙЛАУ

Сайлауды байқау жөніндегі ЕҚЫҰ/ДИАҚБ миссиясының

 

қорытынды

есептемесі

1

I. 

ЖАЛПЫ ШОЛУ

Қазақстан  Республикасының  Орталық  сайлау  комиссиясының  (ОСК)  шақыруы

бойынша  Еуропадағы  қауіпсіздік  жəне  ынтымақтастық  жөніндегі  ұйымының

жанындағы  Демократиялық  институттар  мен  адам  құқықтары  жөніндегі  бюро

(ЕҚЫҰ/ДИАҚБ) 2004 жылғы 19 қыркүйектегі  Мəжіліске  (Парламенттің  төменгі

палатасына)  сайлауды  байқауға  қатысты.  Сайлаудың 3 қазандағы  екінші  турын

байқау  алдыңғысына  қарағанда  шағын  ауқымда  өткізілді.  ЕҚЫҰ/ДИАҚБ

парламенттік  сайлауды  бағалауды  олардың  ұлттық  заңнамаға,  ЕҚЫҰ 1990 жылғы

Копенгаген құжатына жəне басқа халықаралық стандарттарға сəйкестігі тұрғысынан

жүргізді.

19 қыркүйектегі Мəжіліске сайлау 2003 жылғы жергілікті билік органдарына сайлау

мен 1999 жылғы  парламенттік  сайлаудың  кезінен  кейінгі  алғашқы  сайлау  болды.

Дегенмен  соңғы  парламенттік  сайлаумен  салыстырғанда  бірқатар  ілгеілеушлік

болуына қарамастан, елеулі кемшіліктер орын алды, ал сайлау процесінің өзі ЕҚЫҰ

қатысушы-елдердің  міндеттемелеріне  жəне  демократиялық  сайлаудың  басқа

халықаралық стандарттарына толық дəрежесінде сəйкес келмеді.

Осы кемшіліктерге қарамастан, төмендегідей жетілдірулер байқалды:

•  Сайлау  туралы  заңға  енгізілген  түзетулер  бүкіл  сайлау  процесінің  ашықтығын

арттыру  үшін  негіз  болып  табылады,  солай  болғанымен  де,  сайлау  туралы

заңнама ЕҚЫҰ қатысушы-елдердің міндеттемелеріне сəйкес болу үшін одан əрі

жетілдіру қажет;

•  Оппозициялық партия Қазақстанның Демократиялық Таңдауы (ҚДТ) партиясын

қоса алғанда, он екі саяси партияны тіркеу;

•  Теледебаттардың  жеті  раунды  өздерінің  шектеулі  деңгейіне  қарамастан,

партияларға  қоғамды  өздерінің  көзқарастары  туралы  ақпараттандыруға

мүмкіндік  берді.  Алдындағы  сайлауда  орын  алған  бұқаралық  ақпарат

құралдарын жабу немесе журналистерді қудалау жағдайлары болған жоқ;

•  Жергілікті  байқаушылар  оларға  əркез  пайдалануға  мүмкіндік  беріле

бермегенімен,  сайлау  процесіне  көбірек  қол  жеткізу  мүмкіндігін  қамтамасыз

еткен анағұрлым көбірек заңды құқықтар алды;

•  Билік  орындары  өздерінің  ЕҚЫҰ  алдындағы  міндеттемелерінің  əрекетіне

жатпайтын халықаралық байқаушыларға ашықтығын көрсетіп бақты;

•  Орталық  сайлау  комиссиясының 

(ОСК)


  сайлаушыларға,  əсіресе  электронды

дауыс беруге үйретуге орай салған күштері кəсіби деңгейде жəне тиімді болды.

                                                     

1

 



Осы есептеме сондай-ақ қазақ жəне орыс тілдерінде де жасалды. Алайда, ағылшынша нұсқасы

аталмыш шолу үшін бірден-бір ресми құжат болып табылады.



Қазақстан Республикасы – Парламенттік сайлау

Бет: 2

2004 жылғы 19 қыркүйек жəне 3 қазан

ЕҚЫҰ ДИАҚБ қорытынды есептемесі

Негізгі  кемшіліктердің  қатарына  сайлауды  басқару  ашықтығының  жеткіліксіздігі

жəне сайлау туралы заңнаманы тиімді жəне риясыз іске асыру үшін қажетті ақылға

қонымды  саяси  еріктің  жеткіліксіздігі  жатады.  Кейбір  кемшіліктер  сайлау  туралы

заңнамада  кездесетін  проблемалардан  туындайды.  Қазіргі  сайлаудың  қазақстандық

заңнамамен, 

ЕҚЫҰ, 

Еуропа 


Кеңесінің 

алдындағы 

сайлауға 

қатысты


міндеттемелеріне 

жəне 


демократиялық 

сайлаудың 

басқа 

халықаралық



стандарттарынан алшақтығы бар элементтер қатарына төмендегілер жатады:

•  Екі  оппозиция  жетекшісі  көпшілік  саяси  уəжделген  деп  қарастыратын  айыптар

тағылу себепті сайлауға жіберілмеді;

•  ОСК  өз  бетінше,  алалап  жəне  жабық  түрде  əрекет  етті  жəне  Сайлауды  байқау

миссиясына (СБМ) белгілі болғандай, сайлау туралы заңмен көзделгендей ресми

сайлау алды науқанының барысында шешімдер қабылдау үшін ашық отырыстар

өткізген жоқ;

•  Сайлау комиссияларының құрамына саяси тұрғыдан теңдестірушілік жетіспеді;

•  Сайлау  науқаны  бойынша  хабар  беруде  БАҚ  мониторингі,  əсіресе  президентті

қолдайтын  партиялардың пайдасына көбірек мойын бұратындығын байқатты;

•  Президентті  қолдайтын  партияларды  қолдауға  байланысты  сайлаушыларға

əсіресе жергілікті билік органдарының кейбір лауазымды тұлғалары мен жұмыс

істейтін  орнындағы басшылар едеуір қысым жасады;

•  Электронды  дауыс  беруді  пайдаланатын  сайлау  учаскелерінің 10%-ында  қағаз

бюллетеньдер  мен  электронды  жүйені  қатар  пайдалану  туралы  кеш  (сайлау

күнінің қарсаңында) қабылданған шешім ұйымдастырушылық қиыншылықтарға,

қосарлас  дауыс  берудің  əлуеттегі  ықтималдығына  жəне  нəтижелерді  кестелеу

рəсімдерін қажетсіз күрделендіруге əкеліп соқты;

•  Шағымдар мен апелляцияларды қарау процесі тиімді жəне ашық болмады.

Осы  сайлауда  электронды  дауыс  беруді  енгізу  əсіресе,  барлық  үлкен  қалалардағы

сайлаушыларға  қолдануға  тура  келетін  болып  шыққан  кезде,  қайшылықтарға  толы

болды.  Кейіннен  сайлаушыларға  электронды  дауыс  беруді  пайдаланатын  сайлау

учаскелерінің 10%-ында  қағаз  бюллетеньдер  мен  электронды  жүйені  қатар

пайдалануды таңдауға мүмкіндік берілді. Қазақстан үшін бірегей электронды дауыс

беру  жүйесінің  тиімді  жақтары  бар,  бірақ  оның  қазіргі  конфигурациясында  қарап

ашықтығының  жеткіліксіз  екендігін  көреміз,  себебі  дауыстарды  қолмен  санап

тексеруге мүмкіндік бермейді.

Екі  турда  да  сайлау  күні,  əсіресе,  сайлаушыларды  тіркеуді  дұрыс  жүргізу  жөнінде

проблемалар  туындады.  Сайлаушылардың  қағаз  жəне  электронды  тізімдерінің

арасында  елеулі  алшақтықтар,  сондай-ақ  сайлаушыларды  сайлау  күні  тізімдерге

қосымша  енгізудің  көмескі  жəне  жабық  рəсімдері  орын  алды.  Көптеген

сайлаушылар тектері сайлаушылардың тізімдеріне енгізілмеуіне байланысты сайлау

учаскелерінен кейін қайтарылды.

Сайлау  учаскелерінің  деңгейінде  дауыстарды  санау  жəне  жоғары  тұрған  сайлау

комиссияларының  деңгейінде  мəліметтерді  жинақтау  да  өзіндік  қиындықтар

туғызды.  Барлық  жағдайларда  жергілікті  байқаушыларға  хаттамалардың

көшірмелері берілмеді, ал нəтижелері заң талап ететіндей, əрбір сайлау учаскесінде

ілінген  жоқ.  Осының  барлығы  сайлау  учаскелерінің  шектерінен  тыс  хаттамаларды

өзгерту  немесе  қайта  жазу  фактілерімен  бірге  ашықтықты  жəне  нəтижелердің

шынайылығын тексеру кепілдіктерін елеулі бұзу болып табылды.



Қазақстан Республикасы – Парламенттік сайлау

Бет: 3

2004 жылғы 19 қыркүйек жəне 3 қазан

ЕҚЫҰ ДИАҚБ қорытынды есептемесі

ОСК  əрбір  сайлау  учаскесі  бойынша  түпкілікті  нəтижелерді  СБМ  мен  басқа

ұйымдарға  жариялауға  уəде  берді,  бұл  дауыс  санау  жəне  мəліметтерді

қорытындылау  ашықтығына  айтарлықтай  үлес  болып  табылар  еді.  Өкінішке  орай

ондай елеулі қадам осы кезге дейін жасалған жоқ.

Жаңа Мəжілістің құрамын түгелдей дерлік президентті қолдайтындар деуге болады.

Парламенттің  тек  бір  депутаты  ғана  оппозициялық  партиядан  сайланған  еді,  бірақ

ол  кейіннен  бұл  орыннан  бас  тартты.  Бір  де  бір  оппозициялық  партия  сайлаудың

нəтижелерін мойындаған жоқ. Мəжілістің бұрынғы құрамының спикері əрі сонымен

бір  мезгілде  негізгі  президентті  қолдайтын  «Отан»  партиясының  тізімі  бойынша

бірінші кандидат та сондай-ақ сайлау барысындағы бұзушылықтарды себеп ретінде

келтіріп, жаңа Мəжілістегі депутаттық орыннан бас тартты.

Осы  есептемеде  сайлау  туралы  заңды  одан  əрі  жетілдіру  жөнінде  ұсыныстамалар

бар. Қазақстан Республикасы 1999 жылғы сайлаудан кейін  ЕҚЫҰ сайлауға қатысты

міндеттемелеріне  сəйкестік  бойынша  бірқатар  игі  қадамдар  жасағанымен,  кейбір

маңызды  мəселелер  шешілмей  қалып  отыр.  Көптеген  ұсыныстамалар 2006 жылғы

президенттік  сайлауға  дейін  толық  іске  асырылған  болар  еді.  Алайда,  сайлауды

ЕҚЫҰ  міндеттемелеріне  сəйкес  өткізуге  аса  маңызды  талап  заңды  риясыз  жəне

кəсіптік  ұстануды  қамтамасыз  ету  бойынша  шынайы  ұмтылыс  пен  саяси  ерік

деңгейі  болып  қалып  отыр.  ЕҚЫҰ/ДИАҚБ  Қазақстанның  билік  орындары  мен

азаматтық қоғамына сайлау процесін жетілдіруге орай жəрдемдесуге дайын.

II.

КІРІСПЕ ЖƏНЕ АЛҒЫС БІЛДІРУ

Қазақстан  Республикасы  ОСК  шақыруына  сəйкес,  ЕҚЫҰ/ДИАҚБ 2004 жылғы 10

тамызда  сайлауды  байқау  жөніндегі  миссия  (СБМ)  құрды.  Миссияны  Елші  Роберт

Л.  Барри  (АҚШ)  басқарды.  СБМ  Астана  жəне  Алматы  қалаларындағы

сарапшылардың негізгі тобының 15 адамынан,  сондай-ақ  сегіз  аймақта  орналасқан

16 ұзақ мерзімді байқаушылардан тұрады.

Қазақстан  Республикасындағы  парламенттік  сайлау 2004 жылғы 19 қыркүйекте

өткізілді.  Сайлаудың  екінші  туры 2004 жылғы 3 қазанда 67 бірмандатты

округтардың 22-сінде болып өтті.

Сайлау күніне дейін ЕҚЫҰ/ДИАҚБ СБМ 34 ЕҚЫҰ қатысушы-елдерінен 305 қысқа

мерзімді байқаушылар, соның ішінде ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясынан ЕҚЫҰ

Атқарушы  Төрағасы  ЕҚЫҰ  қысқа  мерзімді  байқаушыларын  арнайы  үйлестіруші

етіп  тағайындаған  ЕҚЫҰ  Парламенттік  Ассамблеясының  вице-президенті  Игорь

Осташ мырза (парламент депутаты, Украина) жетекшілік еткен 33 байқаушы кірді.

Сонымен  қатар,  Еуропа  Кеңесінің  Парламенттік  Ассамблеясы  Тана  де  Зулуета

ханым  (парламент  депутаты,  Италия)  жетекшілік  еткен 10 парламент  мүшесінен

құралған делегация жіберді. 19 қыркүйекте сайлауды байқау жөніндегі халықаралық

миссияның  (СБХМ)  құрамы  бүкіл  елдегі  жалпы  саны 9400 сайлау  учаскелерінің

1300  астамында  болып  шықты.  СБХМ    байқаушылары 16 əкімшілік-аумақтық

бірліктердің 10-ында болды.



Қазақстан Республикасы – Парламенттік сайлау

Бет: 4

2004 жылғы 19 қыркүйек жəне 3 қазан

ЕҚЫҰ ДИАҚБ қорытынды есептемесі

3  қазандағы  сайлаудың  екінші  турының  барысында  ЕҚЫҰ/ДИАҚБ  СБМ  Елшісі

Любомир Копайдың (Словакия) жетекшілігімен жұмыс істеді жəне оның құрамына

сарапшылардың негізгі тобының 5 қызметкері жəне алты ЕҚЫҰ қатысушы-елінен 6

ұзақ  мерзімді  байқаушы  кірді.  Сайлау  күні 22 округтың  жетеуіндегі 93 сайлау

учаскелерінде  байқауды 24 байқаушы,  соның  ішінде  ЕҚЫҰ  қатысушы-елдерінің

елшіліктерінен 10 қысқа мерзімді байқаушы жүзеге асырды. Екінші турға қатысты

СБМ мəлімдеме жасамағанымен, тиісті байқаулар осы есептемеге енгізілді.

Сайлауға  дейін  СБМ  екі  аралық  есептеме,  сондай-ақ 2004 жылғы 20 қыркүйекте

алдын  ала  нəтижелер  мен  қорытындылар  туралы  Мəлімдеме  жариялады.  Осы

қорытынды  есептемені  аталмыш  есептемелердің,  ЕҚЫҰ/ДИАҚБ  Миссиясының

2004 жылдың маусым айында дайындалған есептемесінің, сондай-ақ ЕҚЫҰ/ДИАҚБ

2004  жылдың  тамыз  айында  дайындалған  Қазақстан  Республикасындағы  сайлау

туралы Конституциялық заңына Бағасының контекстінде оқу қажет.

2

ЕҚЫҰ/ДИАҚБ Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі мен Орталық



сайлау  комиссиясына,  сондай-ақ  басқа  ведомстволар  мен  азаматтық  қоғамның

ұйымдарына,  халықаралық  ұйымдарға,  ЕҚЫҰ  Алматы  Орталығына,  ЕҚЫҰ

қатысушы-елдерінің  Қазақстандағы  елшіліктері  мен  консулдықтарына  байқау

барысында көрсеткен жəрдемі мен ынтымақтастығы үшін алғысын білдіреді.



III.

САЯСИ ЖАҒДАЙ

1995  жылғы 30 тамыздағы  референдумда  қабылданған  Конституцияға  сəйкес,

Қазақстан президенттік республика болып табылады. Қазақстанда Мəжілістен жəне

Сенаттан  тұратын  екі  палаталы  парламент  бар. 1998 жылғы  өзгертулер  мен

толықтырулары  бар  Конституция  үшті  президентік  басқару  жүйесін  көздейді,  ал

Парламенттің  билігі  Президент  ұсынатын  заңдарды  қабылдаумен  немесе

қабылдамаумен шектеледі. Кезекті президенттік сайлау 2006 жылға белгіленіп отыр.

77  орыны  бар  Мəжіліс  халықтың  дауыс  беруі  арқылы  сайланады, 67 депутат  бір

мандатты  округтардан,  ал 10 депутат 7-пайыздық  барьер  кіретін  жалпы  ұлттық

пропорционалды өкілдік формуласына сəйкес партия тізімдері бойынша сайланады.

Сайлау  процесі  бюллетеньдердің  екі  бөлек  түрін  көздейді.  Сайлау  туралы  заң

сайлаудың  екінші  турын,  егер  бір  мандатты  округтар  бойынша  күресте

кандидаттардың бір де бірі 50 пайыздан артық дауыс жинамаған жағдайда, өткізуді

көздейді. 39 депутаттан тұратын Жоғарғы палата – Сенат төте  дауыс беру  арқылы

сайланбайды.

19 қыркүйектегі сайлау 1999 жылдың қазан айындағы сайлаудан кейінгі Мəжіліске

алғашқы  сайлау  болды.  ЕҚЫҰ/ДИАҚБ  ол  сайлауды 1999 жылдың  қаңтар  айында

өткізілген  президенттік  сайлау  секілді,  ЕҚЫҰ  сайлауға  қатысты  міндеттемелеріне

толық  түрде сəйкес келе қоймайды деп бағалады.

Қазақстан 2009 жылға  ЕҚЫҰ  төрағалығына  мүдделі  екендігін  білдірді,  сондықтан

осы  сайлау  демократиялық  сайлау  процесіне  ынта-ықылас  көрсетуге  мүмкіндік

берді.  Билік  орындары  өздерінің  демократиялық  реформаларға  талпынысын

əлденеше дүркін танытты.

                                                     

2

 http://www.osce.org/odihr/index.php?page=elections&div=analyses&country=kz



Қазақстан Республикасы – Парламенттік сайлау

Бет: 5

2004 жылғы 19 қыркүйек жəне 3 қазан

ЕҚЫҰ ДИАҚБ қорытынды есептемесі

IV.

ЗАҢНАМАЛЫҚ ШЕҢБЕР

Мəжіліске  сайлаудың  заңнамалық  шеңберін  айқындайтын  басты  құқықтық  құжат

Қазақстан  Республикасының 2004 жылы  түзетулер  мен  толықтырулар  енгізілген

«Қазақстан  Республикасындағы  сайлау  туралы»  Конституциялық  заңы  болып

табылады.  Осы  өзгертілген  Заң  ЕҚЫҰ  қамқорлығымен  Қазақстанның  билік

орындарымен  ынтымақтастықта  ұйымдастырылған 2000 жылғы  дөңгелек  үстелдер

сериясы бастау жасаған сұхбаттың нəтижесі болып табылды.

ЕҚЫҰ/ДИАҚБ 

өзінің 

«Қазақстан 



Республикасындағы 

сайлау 


туралы»

Конституциялық заңға берген бағасында жасалған бірқатар өзгертулер айтарлықтай

ілгерілеу  болғанымен,  ЕҚЫҰ  мүше-елдерінің 1990 жылғы  Копенгаген  құжатында

баяндалған  демократиялық  сайлауға  қатысты  міндеттемелеріне  толық  сəйкестікке

келтіру  үшін    Сайлау  туралы  заңды  одан  əрі  қарай  түзете  түсу  қажет  екенін  атап

көрсетті.  Аталмыш  бағада  Сайлау  туралы  заңға  толықтырулар  мен  түзетулердің

сайлау  процесіне  оң  əсер  етуі  мүмкін  дəрежесі  сайып  келгенде  институттар  жəне

осы Заңды тиімді жəне риясыз іске асыру мен сақтау үшін жауап беретін лауазымды

тұлғалар көрсететін саяси ерік деңгеймен айқындалады деп атап өтілді.

Сайлау  туралы  заңда  сақталып  қалған,  өткізілген  бағалау  барысында  анықталған

кейбір, – сайлануға  құқықты  шектеу

3

,  тіркеуден  алуға  əкелетін  шамадан  тыс



санкциялар

4

, сайлау комиссияларындағы жан-жақты жəне плюралистік өкілдік үшін



жеткілікті  кепілдіктердің  болмауы

5

,  берілген  шағымдар  бойынша  шешімдер



қабылдаудың  ашық  жəне  тиімді  рəсімінің  болмауы

6

,  БАҚ  туралы  заңнаманы



сақтамау

7

 секілді кемшіліктер бүгінгі парламенттік сайлауда байқалды.



Соңғы  сайлаудың  негізгі  түйінді  мəселелерінің  бірі  оны  басқарудағы  ашықтықтың

жеткіліксіздігі болып табылады. ОСК жəне төменгі деңгейдің сайлау комиссиялары

шешімдерді 

көбінесе 

жекеше 

түрде, 


мүдделі 

тараптарға 

уақытында

хабарландырусыз  немесе  оларға  ойын  білдіруге  мүмкіндік  берусіз  қабылдап

отырды.  Кандидаттар  сайлаудың  қарсаңында  тіркеуден  алынған  кейбір

жағдайларда, 

тиісті 

шешімдер 



уақытында 

хабарланбаған. 

Бұл 

сайлау


комиссияларының  қызметінің  жариялылық  жəне  ашық  сипаты  туралы  заңды

талаптарға қайшы келеді (20.1-бет).

Сайлау  туралы  заңға  түзетулермен  қатар,  сондай-ақ  сайлауға  қатысты  жалпы

заңнамалық  шеңберді  жетілдіру  қажет.  Сайлау  процесіне  тікелей  қатысты  нақты

қағидалар  шын  мəнінде  шектеулік  болып  табылады.  Соңғы  сайлау  да  сондай-ақ

аталмыш қағидалар жергілікті билік органдарына өз бетімен шешімдер қабылдауға

мүмкіндік береді деген қауіп туғызады. Мысалы, Сайлау туралы заң партиялар мен

кандидаттарға  сайлаушыларға  қол  жеткізу  мүмкіндігін  береді,  бірақ  іс  жүзінде

президенттің 

«Бейбіт 


жиналыстар, 

жиындар, 

шерулер, 

пикеттер 

мен

демонстрациялар  ұйымдастыру  жəне  өткізу  тəртібі  туралы»  Жарлығы  жергілікті



                                                     

3

 



Мысалы, «Ақ Жол» партиясының тең төрағасы Болат Əбіловтың кандидатурасы жала жапқаны

үшін  шартты  сотталу  негізінде  алынып  тасталды.  ДИАҚБ  осының  алдында  шамалы  құқық

бұзушылықта  үшін  сотталған  тұлғалардың  сайлау  құқықтарын  шектемеуге  ұсыныстама

жасаған еді.

4

 

Толығырақ VI Партиялар мен кандидаттарды тіркеу бөлімінен қараңыз.



5

 

Толығырақ V Сайлауды басқару бөлімінен қараңыз.



6

 

ТолығырақIX Шағымдар жəне апелляциялар бөлімінен қараңыз.



7

 

Толығырақ VIII БАҚ бөлімінен қараңыз.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет