В.
Н
əТИЖЕЛЕРДІ ШЫҒАРУ
Нəтижелерді шығару рəсімі көптеген жағдайларда біртұтас жиынтық хаттаманы
пайдаланбаудан шиеленіскен электронды жəне қағаз бюллетеньдермен дауыс беру
бойынша нəтижелерді шығарудың қатар жүруіне байланысты қиындай түсті.
Кейбір СБХМ байқаушылары
нəтижелерді шығару орындарына, мысалы,
Атырау
қаласында жəне Оңтүстік Қазақстан облысының № 65 сайлау учаскесінде, кірудің
қиындықтары туралы хабарлады. Мониторингімен қамтылған жағдайлардың 17%
байқаушылар қандай да бір деректер енгізуді байқамаған. Жергілікті байқаушылар
да сондай-ақ өздерінің
нəтижелерді шығаруға
қол жеткізу кезінде көрген
қиыншылықтары туралы хабарлады.
СБХМ байқаушылар, партиялардың өкілдері мен жергілікті байқаушылар сайлау
учаскелерінің төрағаларының нəтижелерді тапсыруға талпыныстарынан соң
хаттамаларды қайта жазу жағдайлары туралы хабарлады. Кей жағдайлардла бұл
шағын алшақтықтарды түзету үшін жасалды, алайда, хаттамаларды қайта жазу
əсіресе, хаттамалар байқаушылар мен партиялардың өкілдеріне берілмеген, сондай-
ақ сайлау учаскелерінде ілінбеген жағдайлардың көптігін есепке алғанда, ашық
рəсім болып табылмады.
Сайлаудан кейінгі күндерде ұзақ мерзімді байқаушылар одан жоғары деңгейдің
комиссияларына барып шықты. Ол комиссиялар əсіресе бір мезгілде қағаз жəне
электронды бюллетеньдер бойынша дауыс беру жүргізілген сайлау учаскелерінде
жиынтық хаттамалар құрастыруда қиыншылықтарға тап болған. Кандидаттардың
Қазақстан Республикасы – Парламенттік сайлау
Бет: 26
2004 жылғы 19 қыркүйек жəне 3 қазан
ЕҚЫҰ ДИАҚБ қорытынды есептемесі
сенім жүктелген тұлғалары жəне жергілікті байқаушылар жоғары деңгейдің
комиссияларының жұмысын шағын ауқымдарда қадағалады.
XIV. САЙЛАУДЫҢ ЕКІНШІ ТУРЫ
Сайлаудың екінші туры 3 қазанда 22 сайлау учаскесінде өтті. Екінші турға
ЕҚЫҰ/ДИАҚБ СБМ жүргізген байқаудың ауқымы бірінші турмен салыстырғанда
шағын болды жəне 93 сайлау учаскелерінде болып шығу нақты статистикалық
пысықталған талдау үшін жеткіліксіз болды. СБМ байқаушылары 8 сайлау
округында, əсіресе, Алматы қаласындағы №№ 3, 5 жəне 7 сайлау округтарында
қатысты.
Бірінші турдың кезінде аталған проблемалардың көпшілігі сондай-ақ екінші турда
да орын алды, дегенмен, сайлау жүргізу процесінің өзі Шымкент, Қызылорда жəне
Көкшетау қалаларында жақсарған. Электронды дауыс берілетін сайлау
учаскелерінде тағы да қағаз бюллетеньдерді қатар пайдалану орын алды. УСК
мүшелерін осы күрделі рəсімге дайындау үшін ешқандай қосымша оқыту болған
жоқ. Сондай-ақ көбейген міндеттер санымен жұмыс істеу үшін қандай да бір
қосымша адам ресурстары тартылмады. Осының барлығы Алматы қаласын кейбір
учаскелік сайлау комиссияларындағы бей-берекетсіздікке əкеп соқты. Жоғарыда
айтылғандай, екінші турда қағаз дауыс беруден бөлек электронды дауыс беру
қабылданбады.
Сайлаушылардың тізімдеріне қатысты көлеңкелі жағдай орын алды. Учаске
төрағаларының деректері бойынша, кей жағдайларда 19 қыркүйектен кейін
сайлаушылардың тізімдері өзгертілген. Алайда, осындай хал-жағдай тіпті бір сайлау
округының шектерінде түрленіп отырды жəне төрағалар сайлаушылардың тізімдері
19 қыркүйектегідей болды деп мəлімдеді. Тізімдерге толықтырулар енгізу рəсімдері
жабық жəне дəйексіз болып қалды. Кейбір УСК сайлаушылардан түрлі құжаттар
табыстауды талап етті, ал сол мезгілде басқалары тізімдерге толықтыруларды
телефон қоңырауы арқылы енгізіп отырды.
Кейбір сайлау учаскелерінде тізімдерге сайлаушылардың аз бөлігі, ал басқаларында
ондап енгізілді. Алматы қаласының екі сайлау учаскесінде сайлау күні əрбір тізімге
қосымша 700 сайлаушы енгізілгені байқалды. сонымен қатар, сайлаушылардың
тізімдері мен тізімдері СБМ байқаушыларына немесе жергілікті байқаушыларға
əркез берілген жоқ.
Кейбір төрағалардың бірнеше дүркін дауыс берудің жолын кесу үшін қағаз жəне
электронды тізімдерді қайта тексергені хабарланды, алайда, байқаумен қамтылған
сайлау учаскелерінің көпшілігінде ондай жағдай байқалмады. Осындай хал-жағдай
сайлау тізіміне қосымша енгізудің көмескі рəсімдерімен бірге бірнеше дүркін дауыс
беруге мүмкіндік жасады. Сайлаушылардың өздері əртүрлі сайлау учаскелерінде бір
мəртеден артық дауыс бергенін мəлімдеген екі жағдай белгілі болды.
Сайлаушылардың бірі оны өзінің жұмыс берушісінің бұйыруы бойынша істегенін
айтты. Бір халықаралық байқаушы жəне кейбір жергілікті байқаушылар № 5 сайлау
округында сайлаушылардың əртүрлі сайлау учаскелеріне апарылғанын хабарлады.
Қазақстан Республикасы – Парламенттік сайлау
Бет: 27
2004 жылғы 19 қыркүйек жəне 3 қазан
ЕҚЫҰ ДИАҚБ қорытынды есептемесі
Сайлаушылардың тізіміне 700-ден астам сайлаушы студенттер енгізілген
алматылық университеттердің бірінде күні бойы өздерінің дауыс беру кезегін
тосқан студенттердің үлкен жиыны байқалды. Студенттер өздерін университет
басшылығы дауыс беруге мəжбүр еткенін хабарлады. Бұл Сайлау туралы заңның
10.3 бабына қайшы келеді.
Прокуратураның дереу килігуін қажет еткен кейбір елеулі даулар туындап
отырғанымен, дауыстарды санау жəне дауыс беруді жабу рəсімдері жалпы алғанда
ойдағыдай өтті. Жергілікті байқаушылар мен партиялардың өкілдерінің қол жеткізу
проблемалары қалды. Байқаушылар мен өкілдерге сайлаушылардың тізімдерін
көрсетуден бас тартумен қатар, байқаушылар мен өкілдер хаттамалардың
көшірмелерін ала алмаған бірнеше жағдай болды. Бұл Сайлау туралы заңға жəне
жариялылық принциптеріне қайшы келеді. Хаттама заң бойынша талап етілетіндей,
сайлау учаскесінде ілінген небəрі бір жағдай байқалды. Бірінші турдағы секілді,
электронды дауыс берілетін сайлау учаскелеріндегі жабу рəсімдері бұлыңғыр болды
жəне көбінесе деректерді жазу құрылғысы тиісті түрде мөрленбеді.
XV.
САЙЛАУДЫҢ НƏТИЖЕЛЕРІН ЖАРИЯЛАУ
ОСК сайлаудың бірінші турының алдын ала нəтижелерін 20 қыркүйекте жариялады,
алайда, нəтижелер бойынша ресми шешім мен партия тізімдері бойынша дауыс
берудің нəтижелері бойынша айқындаманы ОСК тек 27 қыркүйекте жариялады. Бұл
заңнама шеңберінде болғанымен, нəтижелерді одан ерте жариялауға болушы еді.
Бұл кідірістің неліктен болғаны түсініксіз. Екінші тур бойынша нəтижелерді ОСК 4
қазанда жариялады.
ОСК алдында оны істеуді міндетіне алғанымен, сайлау учаскелері шығарған
нəтижелерді жарияламады. Сайлау туралы заң оны нақты түсіндірмейді, бірақ 12.16-
1 жəне 14.9 Баптар сайлау учаскелері шығарған нəтижелер ОСК веб-сайтында
жариялануға тиіс екенін айтатын болу керек. Мүдделі тұлғалардың сайлау
учаскелерінің деңгейінде жасалған хаттамаларды түпкілікті нəтижелермен
салыстыру үшін оларды қайта тексере алатыны негізгі ашықтық элементі болып
табылады.
ОСК деректері бойынша партиялық тізімдердің пропорционалды жүйесі бойынша 7
пайыздық барьерден Мəжіліске өткен төрт саяси партия өтті. Барлық берілген
дауыстардан «Отан» 60,61%, «Ақ Жол» – 12,04%, «Асар» – 11,38% жəне «АИСТ»
блогы – 7,07% алды. 7 пайыздық барьерге ҚКП/ҚДТ блогы өте жақын қалды –
3,44%. Ресми деректер бойынша, сайлауға қатысқан сайлаушылар пайызы 56,49%
құрады.
67 бір мандатты округта 45 депутат тиісті сайлау учаскелерінде берілген
дауыстардың 50%-ын алды жəне бірінші турда сайланды. Қалған 22 сайлау
округтарында ең көп дауыстар санын алған екі кандидаттың арасында қосымша
сайлау өткізілді.
Қазақстан Республикасы – Парламенттік сайлау
Бет: 28
2004 жылғы 19 қыркүйек жəне 3 қазан
ЕҚЫҰ ДИАҚБ қорытынды есептемесі
Сайлаудың түпкілікті нəтижелері төмендегідей түрде бөлінді:
Партиялар жəне блоктар
Партиялық
тізім
Бір
мандатты
округ,
1-інші тур
Бір
мандатты
округ,
2-інші тур
Жалпы
орын саны
«Отан» партиясы
7
26
9
42
«Ақ Жол» партиясы
1
1
«Асар» партиясы
1
2
1
4
«АИСТ» блогы
1
9
1
11
ҚКП/ҚДТ блогы
0
Демократиялық партия
1
1
«Ауыл» Социал-
демократиялық партиясы
0
Қазақстанның патриоттар
партиясы
0
Қазақстанның халық
коммунистік партиясы
0
«Руханият» партиясы
0
Өз-өзін ұсынған
кандидаттар
8
10
18
Барлығы
10
45
22
77
Сондай-ақ кейбір өз-өзін ұсынған кандидаттар нысандық немесе нысансыз түрде
қандай да бір партиялармен үлестес болды деген жорамалдар бар. Сонымен,
партиялардың Парламенттегі нақты өкілдігін фракциялар қалыптастырылғаннан соң
көруге болады. Демек, «Отанның» Парламенттегі өкілдігі жоғары болады, өйткені
көптеген сайланған өз-өзін ұсынған кандидаттар «Отанмен» үлестес болған.
Сайлаудан соң оппозиция сайлаудың нəтижелерін жарамсыз деп жариялауға
нəтижесіз талпыныстар жасады жəне сайлауды заңсыз деп жариялаған мəлімдеме
жасады.
«Ақ Жолдан» Парламентке сайланған жалғыз кандидат сайлауды өткізу процесіне
қарсылық білдіру ретінде өзінің мандатынан бас тартты. Бұл Мəжілісте ресми
оппозиция болмайды деген сөз. Мəжілістің ескі құрамының Спикері жəне «Отан»
партиясының тең төрағасы себеп ретінде сайлау барысындағы бұзушылықтарды
келтіріп, депутаттық орынынан бас тартты.
XVI. ҰСЫНЫСТАМАЛАР
2006 жылғы президенттік сайлау өткізу керектігін есепке ала отырып, осы
есептемеде аталған сайлау процесінің кемшіліктерін түзету үшін қажетті
реформаларға назар аудару керек. ЕҚЫҰ/ДИАҚБ сайлау ЕҚЫҰ міндеттемелеріне
сəйкес болу үшін Қазақстан Республикасының билік органдары мен азаматтық
қоғамының қарастыруына төмендегідей ұсыныстамалар береді. Сонымен қатар,
ЕҚЫҰ/ДИАҚБ Сайлау туралы заңның толық бағасының құрамында бар
ұсыныстамаларды тағы қайталайды, олардың біразы төменде берілген.
Қазақстан Республикасы – Парламенттік сайлау
Бет: 29
2004 жылғы 19 қыркүйек жəне 3 қазан
ЕҚЫҰ ДИАҚБ қорытынды есептемесі
A.
Қ
ҰҚЫҚТЫҚ ШЕҢБЕР
1. Сайлау туралы заңның жала жабушылық үшін сотты болған кандидаттарды
тіркеуден бас тарту туралы қағидаларын алып тастау керек. Сайлау туралы
заңның кандидаттарға қаржылық есеп-қисаптағы елеусіз қателіктер үшін
құқықтарынан бас тарту туралы қағидаларын өзгерту керек.
2. Заңға саяси партиялардың сайлау учаскелеріндегі кең өкілдігіне кепілдік
жөнінде түзетулер енгізу керек.
3. Сайлау туралы заң сайлау алдындағы науқан ресми басталарға дейінгі үгіттің
нақты айқындамасын беруге тиіс.
4. Заңның мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдарының сайлау алдындағы
науқанды теңдестіре көрсетуі туралы қағидаларын түсіндіріп, Сайлау туралы
заңға сайлау уақытында БАҚ реттейтін заңның талаптарының орындалуын
бақылау бойынша Орталық сайлау комиссиясының немесе басқа ведомствоның
өкілеттіктері туралы түзетулер енгізу керек.
5. Заң қағаз бюллетеньдерді дауыс беруге арналған машиналар жасайтын жəне
келесі қайта санай үшін сақталатын уақытта электронды дауыс беруді тұрақты
жəне анық жазбасын талап ететін болуға тиіс.
6. Ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында заң Орталық сайлау комиссиясынан
сайлау учаскелері бойынша түпкілікті нəтижелерін жариялауды нақты талап
етуге тиіс.
7. Сайлау туралы заңға тиісті құзыретті органдарды жəне олардың ашық əрі
тəуелсіз қызметін, сондай-ақ шағымдар мен апелляциялар беру жəне олар
бойынша шешімдер шығару мерзімдерін қоса, шағымдар мен апелляциялар беру
рəсімдерін нақты айқындау туралы түзетулер енгізу керек. Заң сайлау
комиссияларының апелляциялар бойынша шешімдер қабылдау міндеттерін
түсіндіруге тиіс.
8. Сайлау туралы заңға мандаттардың партияларға емес, сайланған кандидаттарға
тиесілі болу керектігі туралы түзетулер енгізу керек. Соның ішінде, сайланған
кандидат нақты орындардың бөліну формуласынан тəуелсіз өзінің саяси
көзқарасын өзгертудің, партияны таратудың немесе саяси партияға қатысты
сайлаудан кейінгі шешімнің нəтижесінде мандатын жоғалтпауға тиіс.
9. Сайлау процесінің аспектілерін қозғайтын заңнамалық актілер, мысалы, Саяси
партиялар туралы заң, Əкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекс,
Жемқорлықпен күрес туралы заң, БАҚ туралы заң жəне басқа заңдар бар.
Оларды Сайлау туралы заңға сəйкестік тұрғысынан қайта қарау керек.
Б.
С
АЙЛАУДЫ БАСҚАРУ
10. Президенттік сайлауға дейін процеске жалпы сенімді арттыру мақсатында саяси
баланс пен плюралистік өкілдікті қамтамасыз ету үшін Орталық сайлау
комиссиясының құрамын өзгерту керек.
11. Орталық сайлау комиссиясына сайлау алдындағы науқанның уақытында
ашықтық, жариялылық жəне құқық нормаларына сəйкес тұрақты жəне ашық
отырыстар өткізуді жəне шешімдер қабылдауды көздеу керек.
12. Сайлау комиссияларының шешімдері уақытында жазбаша түрде қабылдануға
жəне жұртшылыққа жеткізілуге тиіс.
13. Сайлаушылардың тізімдерін жəне оларды жасау рəсімдерін мұқият түрде қайта
қарау керек. Сайлаушылардың қағаз жəне электронды тізімдерінің арасындағы
Қазақстан Республикасы – Парламенттік сайлау
Бет: 30
2004 жылғы 19 қыркүйек жəне 3 қазан
ЕҚЫҰ ДИАҚБ қорытынды есептемесі
қайшылықтар мəселесін шешу керек. Сайлау күні сайлаушылардың тізімдеріне
қосымша есімдер енгізу туралы қағиданы реттеу керек.
14. Соңғы сəтте кандидатураларды тіркеуден алу туралы шешімдер қабылдаудың
күшін жою керек.
15. Мəжіліске келесі сайлауға дейін тіркелген сайлаушылар санындағы алшықтықты
қысқарту үшін сайлау учаскелерінің шекараларын өзгерту керек.
16. Сайлаушыларды белгілі бір кандидаттарды немесе партияларды қолдауға мəжүр
ету мақсатында оларға қысым көрсететін немесе оларға қоқан-лоққы көрсететін
лауазымды тұлғалар мен жергілікті орындардың басшыларын сотпен қудалауға
белсенді түрде күш салу керек.
17. Төмен деңгейдегі сайлау комиссияларының мүшелерін 2004 жылғы Сайлау
туралы заңға түзетулер бойынша жан-жақты оқытуды жүргізу қажет. Оқудың
тиімділігі үшін оны жеткілікті қаржыландыруды көздеу керек.
В.
Э
ЛЕКТРОНДЫ ДАУЫС БЕРУ
18. «Сайлау» электронды дауыс беру жүйесіне қоғамның сенімін нығайту үшін қағаз
бетінде есепке алуды жəне дауыстарды қайта санау мүмкіндігін енгізіп, ПИН-
кодтар қолдануды доғару керек. Электронды дауыс беруді сертификаттаудың
тəуелсіз ішкі жүйесі болуға тиіс.
19. Жүйеге дауысты есепке алуды жеңілдету жəне көзі нашар көретін адамдарға
көмектесу үшін өзгертулер енгізу керек.
20. «Сайлау» біртіндеп енгізілуге жəне сайлаушылардың арасында түсіндірме
жұмыс жүргізу арқылы қолдануға тиіс.
Г.
БАҚ
21. БАҚ иелері басылымдардың редакциялық тəуелсіздігін құрметтеу үшін оларды
меншіктену түрлерін кеңейтуге қадамдар жасау керек.
22. Орталық сайлау комиссиясымен қатар партиялар мен кандидаттар да сондай-ақ
дебаттарды реттеу бойынша шешімдер қабылдауға қатысуға тиіс.
23. Қылмыстық кодекстің жəне мемлекеттік істердің құпиялылығы туралы заңның
жала жабуға қатысты қағидаларын саяси мақсатта пайдалануды болдырмас үшін,
мысалы, жалақорлықты қылмыстық емес, азаматтық құқық бұзушылық ретінде
айқындап, оларды өзгерту керек.
Д.
Ə
ЙЕЛДЕРДІҢ ҚАТЫСУЫ
24. Мəжілістегі пропорционалдық өкілдік негізінде сайланатын орындарды,
кандидаттардың тізімдеріндегі əйелдер бойынша квоталарды немесе
партиялардың арасындағы партиялық тізімдерге əйелдердің көбірек санын енгізу
туралы ерікті келісімді қоса алғанда, Мəжіліске сайланатын əйелдердің қатарын
арттыру
мүмкіндігін
қарастыру
керек.
Қазақстан Республикасы – Парламенттік сайлау
Бет: 31
2004 жылғы 19 қыркүйек жəне 3 қазан
ЕҚЫҰ ДИАҚБ қорытынды есептемесі
ГЛОССАРИЙ
Əкім: Облыс жəне одан төмен деңгейдегі атқарушы билік органының басшысы .
Əкімшілік: Облыс жəне одан төмен деңгейдегі кез келген жергілікті өзін-өзі
басқарудың атқарушы органы.
Мəжіліс: Қазақстан парламентінің төменгі палатасы.
Мəслихат: Облыс жəне одан төмен деңгейдегі заң шығарушы орган.
Облыс: Қазақстанның 16 аймағының кез келгені.
«Сайлау»: Қазақстанда қолданылатын электронды дауыс беру жүйесі.
Теңге: Қазақстанның ұлттық валютасы.
Қазақстан Республикасы – Парламенттік сайлау
Бет:
32
2004 жылғы 19 қыркүйек жəне 3 қазан
ЕҚЫҰ ДИАҚБ қорытынды есептемесі
ҚОСЫМША: САЙЛАУ АЛДЫНДАҒЫ НАУҚАНДЫ БҰҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТ
ҚҰРАЛДАРЫНДА ШОЛУ МОНИТОРИНГІ
«Хабар» телеарнасы – Жаңалықтар бағдарламасы (19 тамыз-17 қыркүйек)
1 Саяси партиялардың арасында уақыт бөлу
1.2 Саяси күштерге шолу сарыны
0,0%
5,0%
10,0%
15,0%
20,0%
25,0%
30,0%
35,0%
40,0%
45,0%
50,0%
«Отан»
«Асар»
АИСТ
«Ақ Жол» ҚКП/ҚДТ
блогы
«Ауыл»
ҚДП
ҚХКП
«Руханият» ҚПП
Өз-өзін
ұсынғандар
Уақыт (%)
Қазақстан Республикасы – Парламенттік сайлау
Бет: 33
2004 жылғы 19 қыркүйек жəне 3 қазан
ЕҚЫҰ ДИАҚБ қорытынды есептемесі
0,0%
10,0%
20,0%
30,0%
40,0%
50,0%
60,0%
70,0%
80,0%
90,0%
100,0%
«Отан»
«Асар»
АИСТ
«Ақ Жол» ҚКП/ҚДТ
блогы
«Ауыл»
ҚДП
ҚХКП
«Руханият» ҚПП
Өз-өзін
ұсынғандар
теріс
бейтар.
оң
Қазақстан Республикасы – Парламенттік сайлау
Бет:
33
2004 жылғы 19 қыркүйек жəне 3 қазан
ЕҚЫҰ ДИАҚБ қорытынды есептемесі
«Қазақстан-1» – Жаңалықтар бағдарламасы (19 тамыз-17 қыркүйек)
2 Саяси партиялардың арасында уақыт бөлу
2.1 Саяси күштерге шолу сарыны
0,0%
10,0%
20,0%
30,0%
40,0%
50,0%
60,0%
70,0%
«Отан»
«Асар»
АИСТ
«Ақ Жол» ҚКП/ҚДТ
блогы
«Ауыл»
ҚДП
ҚХКП
«Руханият» ҚПП
Өз-өзін
ұсынғандар
Уақыт (%)
0,0%
10,0%
20,0%
30,0%
40,0%
50,0%
60,0%
70,0%
80,0%
90,0%
100,0%
«Отан»
«Асар»
АИСТ
«Ақ Жол» ҚКП/ҚДТ
блогы
«Ауыл»
ҚДП
ҚХКП
«Руханият» ҚПП
Өз-өзін
ұсынғандар
теріс
бейтар.
оң
Қазақстан Республикасы – Парламенттік сайлау
Бет:
34
2004 жылғы 19 қыркүйек жəне 3 қазан
ЕҚЫҰ ДИАҚБ қорытынды есептемесі
31 арна – Жаңалықтар бағдарламасы (19 тамыз-17 қыркүйек)
3 Саяси партиялардың арасында уақыт бөлу
3.1 Саяси күштерге шолу сарыны
0,0%
5,0%
10,0%
15,0%
20,0%
25,0%
30,0%
35,0%
40,0%
«Отан»
«Асар»
АИСТ
«Ақ Жол» ҚКП/ҚДТ
блогы
«Ауыл»
ҚДП
ҚХКП
«Руханият» ҚПП
Өз-өзін
ұсынғандар
Уақыт (%)
0,0%
10,0%
20,0%
30,0%
40,0%
50,0%
60,0%
70,0%
80,0%
90,0%
100,0%
«Отан»
«Асар»
АИСТ
«Ақ Жол» ҚКП/ҚДТ
блогы
«Ауыл»
ҚДП
ҚХКП
«Руханият» ҚПП
Өз-өзін
ұсынғандар
теріс
бейтар.
оң
Қазақстан Республикасы – Парламенттік сайлау
Бет:
35
2004 жылғы 19 қыркүйек жəне 3 қазан
ЕҚЫҰ ДИАҚБ қорытынды есептемесі
КТК – «прайм-тайм» Жаңалықтар бағдарламасы (25 тамыз-17 қыркүйек)
4 Саяси партиялардың арасында уақыт бөлу
4.1 Саяси күштерге шолу сарыны
0,0%
5,0%
10,0%
15,0%
20,0%
25,0%
30,0%
35,0%
40,0%
45,0%
50,0%
«Отан»
«Асар»
АИСТ
«Ақ Жол» ҚКП/ҚДТ
блогы
«Ауыл»
ҚДП
ҚХКП
«Руханият» ҚПП
Өз-өзін
ұсынғандар
Уақыт (%)
0,0%
10,0%
20,0%
30,0%
40,0%
50,0%
60,0%
70,0%
80,0%
90,0%
100,0%
«Отан»
«Асар»
АИСТ
«Ақ Жол» ҚКП/ҚДТ
блогы
«Ауыл»
ҚДП
ҚХКП
«Руханият» ҚПП
Өз-өзін
ұсынғандар
теріс
бейтар.
оң
Қазақстан Республикасы – Парламенттік сайлау
Бет:
36
2004 жылғы 19 қыркүйек жəне 3 қазан
ЕҚЫҰ ДИАҚБ қорытынды есептемесі
ЕҚЫҰ/ДИАҚБ
Демократиялық институттар мен адам құқықтары жөніндегі бюро (ДИАҚБ) –
қатысушы мемлекеттерге «адамның құқықтары мен негізгі бостандықтарын толық
құрметтеуді қамтамасыз ету, заңдылық негізінде əрекет ету, демократия
принциптерін іске асыру жəне …демократиялық институттар құру, нығайту жəне
қорғау, сондай-ақ бүкіл қоғамның масштабында шыдамдылық көзқарас
принциптерін дамыту» (1992 жылғы Хельсинки құжаты) үшін ықпалдасатын ЕҚЫҰ
институты.
Варшавада (Польша) орналасқан ДИАҚБ 1990 жылы Париж саммитінде Ерікті
сайлау жөніндегі бюро ретінде құрылды жəне өзінің жұмысын 1991 жылдың мамыр
айында бастады. Бір жылдан соң Бюро кеңітілген мандатты бейнелеу мен адам
құқықтары мен демократияландыру бойынша аспектілерді енгізу үшін өзгертілді.
Қазіргі уақытта Бюрода 100-ден астам адам жұмыс істейді.
ДИАҚБ сайлауды байқау саласында Еуропаның бас агенттігі болып табылады. Бюро
ЕҚЫҰ аймағында өтетін сайлаудың ұлттық заңнамаға жəне халықаралық
стандарттарға сəйкестігін бағалау үшін жыл сайын мыңдаған байқаушыларды
орналастыруды үйлестіреді жəне ұйымдастырады. Қолданылатын бірегей əдістеме
сайлау процесінің барлық элементтерінің мəніне жан-жақты бойлауға мүмкіндік
береді. Ықпалдасу бойынша жобалардың көмегімен ДИАҚБ қатысушы
мемлекеттерге өздерінің сайлау шеңберін жетілдіруге көмектеседі.
Бюроның демократияландыру бойынша қызметі төмендегі тақырыптарды қамтиды:
заңның үстемдігі, азаматтық қоғам, орын ауыстыру бостандығы, гендерлік теңдік,
заңнамалық қолдау жəне адам саудасы. ДИАҚБ жыл сайын нығайту жəне ЕҚЫҰ
міндеттемелеріне сəйкестікті қамтамасыз ету мен демократиялық құрылымдарды
дамыту мақсатында ықпалдасу бойынша мақсатты бағдарламаларды іске асырады.
ДИАҚБ қатысушы мемлекеттердің ЕҚЫҰ адам өлшемі бойынша міндеттемелерінің
мониторингін жүргізеді жəне адам құқықтарын қорғауды арттыруға ықпалдасады.
Бюро сондай-ақ жыл сайын қатысушы мемлекеттердің ЕҚЫҰ адам өлшемі
бойынша міндеттемелерін орындауын талдау жəне нақты тақырыптарды талқылау
үшін бірнеше кездесуден ұйымдастырады.
ДИАҚБ қатысушы мемлекеттерге сығандарға қатысты саясатты жүзеге асыру
туралы мəселе бойынша ұсыныстамалар береді. Бюро сыған қоғамдастықтары үшін
мекемелердің құзыретін кеңіту жəне құру бойынша жұмыс істейді, сондай-ақ
сығандардың саяси органдарға қатысуын көтермелейді. Бюро ұлттық жəне
халықаралық құрылымдардың арасында сығандар мəселесі туралы ақпарат алмасу
бойынша анықтамалық пункт ретінде бой көрсетеді.
ДИАҚБ бүкіл қызметі ЕҚЫҰ қатысушы мемлекеттерімен, ЕҚЫҰ институттарымен
жəне жергілікті орындардағы қызметпен, сондай-ақ басқа да халықаралық
ұйымдармен тығыз ынтымақтастықта жəне үйлестікте жүзеге асырылады.
ДИАҚБ туралы қосымша ақпаратты веб-сайттан қараңыз: (
www.osce.org/odihr
).
Достарыңызбен бөлісу: |