Дәнді бұршақ дақылдары



бет6/8
Дата08.02.2022
өлшемі0,85 Mb.
#98073
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Топырактану 10 лек

Ылғалға талаптары. Дәнді бұршақ дақылдарына дәнді астық дақылдарына карағанда көп мөлшерде ылғал қажет. Мәселен, тұқымның өне бастауы үшін олар өздерінің массасының 110-140% ылғал сіңіруі керек, ал транспирациялық коэффициенті 400-ден 800-ге дейін өзгереді. Олар сыз сулары төмен топырақтарды нашар көтереді. Атбас бұршақ, майбұршақ, бөрібұршақ, сонымен бірге асбұршақ та ылғалға жоғары талап қояды, сондықтан оларды ылғалды аудандарда өсіреді. Құрғақшылыққа төзімді өсімдіктер қатарына ноқат пен ноғатық жатады, ал жасымық пен бадана аралық жағдайды иеленеді.

  • Ылғалға талаптары. Дәнді бұршақ дақылдарына дәнді астық дақылдарына карағанда көп мөлшерде ылғал қажет. Мәселен, тұқымның өне бастауы үшін олар өздерінің массасының 110-140% ылғал сіңіруі керек, ал транспирациялық коэффициенті 400-ден 800-ге дейін өзгереді. Олар сыз сулары төмен топырақтарды нашар көтереді. Атбас бұршақ, майбұршақ, бөрібұршақ, сонымен бірге асбұршақ та ылғалға жоғары талап қояды, сондықтан оларды ылғалды аудандарда өсіреді. Құрғақшылыққа төзімді өсімдіктер қатарына ноқат пен ноғатық жатады, ал жасымық пен бадана аралық жағдайды иеленеді.
  • Жарыққа талаптары. Күннің үзактығына қатынас деңгейі бойынша дәнді бұршақ дяқылдарын үш топқа ажыратады: ұзақ күннің өсімдіктері (асбұршақ, жасымық, ноғатық, бөрібұршақ, атбас бұршақ), олардың өсіп-даму кезеңдері жарық күннің ұзаруына байланысты қысқара береді; қысқа күннің өсімдіктері (майбұршақ және бадананың кейбір түрлері - маш), бұлардың өсіп-жетілу кезеңі күннің қысқаруына карай жеделдетіледі; бейтарап өсімдіктер тобы (бадана мен ноқаттың көптеген сорттары). Алайда дерлік әрбір дәнді бұршақ дақылының күннің ұзақтығына бейтарап қарайтын сорттары болады. Қысқа күннің өсімдіктерінің өсіп-жетілу (вегетациялық) кезеңі солтүстік жағдайында ұзара түседі, ал ұзақ күннің өсімдіктерінде бұл құбылыс оңтүстік жағдайында байқалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет