Ежелгі Грекияда дене тәрбиесін қолдану өрісі тез қарқынмен өсті. Бірақ дене тәрбиесі VIII – IV ғасырлары біздің эрамызға дейінгі құл иеленушіліктің өркендүнуі мен Грекиямен қатынасы – сол кезде жауынгер құлдарды жинау мен байлық жеке адамдарда болды. Ф.Энгельс былай дейді: «Афиндықтар дене тәрбиесі ептілігін дамытты». Балаларды жеті жасқа дейін үйде тәрбиеледі. Оларды шыдамдылыққа үйретті. 18-20 жастағылар отрядтарға
тіркелді, онда дене тәрбиесі және әскери дайындықтар өткізілді. Спортта қыздарға да көп көңіл бөлінді. Бұл елде 7-16 жас аралығындағы жеткіншектер музықалық немесе гимнастикалық мектептерде міндетті түрде дәріс алған. Грек гимнастикасы үш бөлімнен түрды:
Палестрика.
Оркестрика.
Ойын.
Полистрикаға мыналар жатады: секіру, жүгіру, найза лақтыру, күрес.
Оркестрика негізі музыкамен жасалатын ырғақты жаттығулар. Ал ойынға таяқпен, қаппен, шармен жаттығу түрлері жатады.
Ауқатты кісілердің балалары 16 жастан кейін гимназияға түскен. Ол кезде Афинада үш гимназия болды:
Лекейт.
Киносарк.
Академия.
Ұлы философтар Платон, Аристотель еңбектерінде дене тәрбиесінің жалпы тәрбиеде құнды бір бөлік болғаны айтылады.
Жастардың ойлауы мен дене тәрбиесі салауатты өмірге жақсы жемісін берді. Көне Грек дәрігері Гипократ жаттығулар әртүрлі ауырулардың алдын алуға жағдай жасайтынын айтқан.