Дене өз пішіні мен көлемін сақтайды. Денені құрайтын зат қандай күйде болады?



Дата15.05.2020
өлшемі21.12 Kb.

  1. Дене өз пішіні мен көлемін сақтайды. Денені құрайтын зат қандай күйде болады?
    A) Газ тәрізді
    B) Сұйық
    C) Қатты
    D) Газ тәрізді немесе сұйық
    E) Тура жауап беру мүмкін емес

  2. Рычагтың ұзын иініне 2,5 кН күш түсіріп, рычагтың қысқа иініне ілулі тұрған массасы 1 т жүкті көтереді. Жүкті 0,8 м биіктікке көтергенде,күш түсірілген нүкте 4 м биіктікке түсті.Рычагтың ПӘК-і. (g = 10 )
    A) 40 %.
    B) 60 %.
    C) 80 %.
    D) 70 %.
    E) 50 %

  3. Массасы 100 кг арбаша горизонталь бетте бір қалыпты қозғалады.Оған массасы 10 кг құмы бар қап құлайды. Арбашаның жылдамдығы
    A) 1,1 есе кемиді.
    B) 2,1 есе артады.
    C) 3,1 есе кемиді.
    D) 4,1 есе артады.
    E) 5,1 есе артады.

  4. «Арқан тарту» ойынында екі топ сайысуда. Бірінші топ арқанды өзіне қарай 200Н күшпен тартады, ал екінші топ 100Н күшпен тартады. Екі топтың тең әрекетті күші:
     A) 500Н
     B) 100Н
     C) 400Н
     D) 300Н
     E) 250Н

  5. Өрт сөндіру машинасының сиренасы екі секунд сайын қосылады. Бақылаушыға жақындап келе жатқан машина сиренасының дыбысын, ол 1,8 с сайын еститін болса, машинаның жылдамдығы:
     A) 122 км/сағ
     B) 120 км/сағ
     C) 102 км/сағ
     D) 180 км/сағ
     E) 90 км/сағ

  6. Суға батырылған шыны шарға 2500 Н Архимед күші әсер етеді. Осы шардың көлемі.... (ρсу = 1000 кг/м3; g = 10 м/с2 ). 
     A) 0,25 м3
     B) 25 дм3 
     C) 0,1 м3 
     D) 1 м3 
     E) 0,025 м3

  7. Жүк көтергішті 4 тонна болатын машинаға өлшемі 250*120*65мм құрылыстың кірпіштің қанша данасын тиеуге болады ? ρк=1800кг/м3//

А)1100

B)1120


С)1040

D)1140

E)1220


8. Жолдың үштен бір бөлігін адам 15км/сағ жылдамдықпен велосипедпен жүріп өтеді, ал жолдың қалған бөлігін 5 км/сағ жылдамдықпен жаяу жүреді. Барлық жолдағы оның орташа жылдамдығы қандай болады?

A) 6,4 км/сағ

B) 6,67 км/сағ

C) 10 км/сағ

D) 5,4 км/сағ

E) 7 км/сағ

9. Екі поезд бір-біріне қарама-қарсы 72 км/сағ жане 54 км/сағ жылдамдықпен жүріп келеді.

Бірінші поезд ішіндегі жолаушы екінші поездың өзінің жанынан 14 с ішінде өткенін

байқайды. Екінші поездың ұзындығы қандай?



  1. 490 м

  2. 280 м

  3. 210 м

  4. 90 м

  5. 510 м

10. Тынық суда ұзындығы l=250 м теплоход тұрақты u жылдамдықпен түзу бағытта қозғалады. Жылдамдығы v=60 км/сағ катер теплоходтың соңынан басына дейiн жүзіп барып, керi қайтып оралуына t=54 с уақыт өткен болса, теплоходтың u жылдамдығы неге тең?/

A) 40 км/сағ

B) 16,67 км/сағ

C) 23,2 км/сағ

D) 23,33 км/сағ

E) 33,33 км/сағ

11. Көмір шахтасына түскен шахтерлар барометр арқылы атмосфералық қысымның 109297 Па екенін көреді, ал сол кезде жер бетіндегі атмосфералық қысым 103965 Па болған. Шахтаның тереңдігін анықта

A) 420 м

B) 380 м


C) 480 м

D) 400 м


E) 360 м

12. U-формалы ыдыста су болған. Кейін оның бір жағына биіктігі 25 см болатын жеңіл сұйықтық құйған кезде, екінші жағында су деңгейі 10 см-ге көтерілген еді. Жеңіл сұйықтықтың тығыздығы қандай?

A) 0,9 г/мл

B) 0,6 г/мл



C) 0,8 г/мл

D) 0,75 г/мл

E) 1,2 г/мл

13. Ұзындығы 80 см, ал биіктігі 40 см болатын аквариум сатып алынған. Оған толтыра сұйықтық құйған кезде, аквариумның бүйір қырына 720 Н қысым күші әсер еткен. Сұйықтықтың тығыздығы неге тең?

A) 1 г/мл

B) 1,2 г/мл

C) 0,7 г/мл

D) 0,8 г/мл

E) 0,9 г/мл

14. Балқыма 0,1 м3 темірден және 1080 кг алюминийден жасалынған. Балқыманың тығыздығын анықта. (темір тығыздығы 7,8 г/мл, алюминий тығыздығы 2,7 г/мл)

A) 3,26 г/мл

B) 2,82 г/мл

C) 3,72 г/мл

D) 4,54 г/мл

E) 5,36 г/мл

15. Массасы 200 г болатын магнит кесегін вертикаль бағытта орналасқан темір қабырғаға жабыстырған. Магнит кесегі вертикаль төмен бағытта бірқалыпты қозғалуы үшін, оған вертикаль және төмен бағытталған 10 Н күшпен әсер ету қажет. Магнит кесегі вертикаль жоғары бағытта бірқалыпты қозғалуы үшін, оған қандай ең аз күшпен әсер ету қажет?

A) 14 H

B) 10 H


C) 16 H

D) 22 H


E) 18 H

16. Дененің ауадағы салмағы 9,6 Н, ал судағы салмағы 4,8Н екені белгілі болды. Дененің материалының тығыздығын анықта.



A)
B)
C)
D)
E)

17. Жол бойымен ұзындығы 2 км болатын жауынгерлер легі (колонна) 10 м/с жылдамдықпен жүріп келеді. Жауынгерлер легінің соңынан оның басына қарай жылдамдығы 20 м/с болатын мотоциклші жолға шыққан. Мотоциклші қандай уақыт ішінде жауынгерлер легінің басына жетеді?

A) 240 c

B) 200 c

C) 180 c


D) 220 c

E) 190 c


18. Массасы 100 кг денені горизонталь жазықтық бойымен қозғалтқан кезде 4,5 кДж жұмыс жасалған. Егер бұл кезде денеге әсер етіп тұрған үйкеліс күші дене салмағының 0,15 бөлігін құрайтын болса, онда дене қандай қашықтыққа орын ауыстырған? Дене бірқалыпты қозғалған деп есептеңдер.

A) 35 м
B) 15 м


C) 20 м
D) 25 м
E) 30 м

19. Өзеннің түбінде 4 м тереңдікте жатқан көлемі 0,6 м3 тасты су бетіне көтеру үшін жасалынатын жұмысты есепте. Тас тығыздығы 2500 кг/м3, су тығыздығы 1000 км/м3.

A) 76,4 кДж

B) 62,4 кДж


C) 42,5 кДж
D) 40,6 кДж
E) 34,4 кДж

20. Катер өзен бойында орналасқан екі елді мекен арасын ағыс бойымен 8 сағатта, ал кері қарай 12 сағатта жүзіп өтеді. Дәл сондай арақашықты катер көл бетінде қанша уақытта жүзіп өтер еді?



A) 7,2 сағ
B) 9,6 сағ
C) 8,4 сағ
D) 6,8 сағ
E) 9,2 сағ

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет