Дене шынықтыру іс-әрекетінің дұрыс ұйымдастырылуы



бет2/3
Дата08.02.2023
өлшемі9,88 Mb.
#167946
1   2   3
«Денсаулық »
  • Білім беру саласы
  • “Ересектер” тобы
    • Мақсаты: денсаулық сақтау құзіріеттілігін қалыптастыру. Өз денсаулығына саналы көзқарасын тәрбиелеу, қозғалыс белсенділігін дамыту және дене жаттығуларын жасауға қызығушылықтарын арттыру, қимылдау біліктілік сапаларын қалыптастыру. Жас ерекшелігіне қарай толыққанды дамуына, ағзаның қоршаған ортаға беиімделу қабілетін, дене және ақыл – ойдың қабілеттілігін арттыру.
    • Дене тәрбиесі оқу іс – әрекеттің жүйесі мынадай ретпен орындалады: Дене тәрбиесі оқу іс – әрекеті музыкамен сүйемелдеу – ми әрекетін, эмоциялық қабілеті жандандыруда күшті құрал. Музыканы үнемі қолданған жағдайда балалар өздігінен музыканың үнемі қолданған жағдайда балалар өздігінен музыканың ауысуына байланысты бір қимылдан екінші қимылға, яғни жүруден жүгіруге, жүгіруден тыныс алуды қалпына келтіру жаттығуларына жеңіл ауысады. Тыныс алуды қалпына келтіру жаттығуларын вальс әуенінегізінде орындаған тиімді. Музыка қимыл – қозғалысы түрлендіріп, оны жалықтырмай, нәтижелі, тиімді және мақыаттылықпен, орындауға жетелейді. Музыкалық шығармаларды әр 2-3 апта соң таныс музыкаға қайта оралу қажет. Жылдың жылы мезгілінде дене тәрбиесі оқу іс – әрекеті таза ауада, далада өткізуі тиімді.
    • Дене тәрбиесі оқу іс – әрекеті:
    • 3 – бөлімнен тұрады.
    • 1 – Кіріспе бөлім (4-6 мин)
    • 2 – Негізгі (жалпы дамыту жаттығулары) бөлім (18-20 мин)
    • 3 – Қорытынды бөлім (3-4 мин)
    • 1) Кіріспе бөлім – Жүру, жүгіру, қатарға тұру, табанның ішкі және сыртқы жақтарымен жүру, аяқтың ұшымен, өкшемен, жартылай жүрелей отырып жүру, заттарды аттап, заттар арасымен, жыланшаирелндеп, қозғалыс бағытын өзгертіп. Осы бөлмеде өзіне алақан, бет, маңдай, бастың шашты бөлігіне массаж жасау, саусақтарымен жұмсақ доптарды қысу, бір тізбектен екі-үш тізбек жасап жүру тәрізді жаттығулар орындалады.
    • 2) Негізгі (жалпы дамыту жаттығулары) бөлімде құралмен, құралсыз орындалатын дамыту жаттығулары:Жаңа жаттығулар және алдыңғы оқу іс-әрекетінде үйренген қимыл-қозғалыстар қамтылады. Жалпы дамыту жаттығулар кешені 1-2 апта бойы қайталанады.
    • Негізгі қимыл қозғалыстар: жүру, жүгіру, секіру, лақтыру, тепе-теңдік сақтап жүру, еңбектеу және өрмелеу, музыкалық-ырғақтықты жаттығулар, сапқа тұру, сап құрылымын өзгертіп қайта тұру, саптағы бір қатардан үш,төрт қатарға қайта сап түзеп тұру.
    • 3)Қорытынды бөлімде қимыл-қозғалысы аздау спорттық ойындар ойнатылып ,тыныс алу жаттығулары орындалады.
    • Қорытынды бөлім төмендегідей бөлімдерден тұрады.
    • Жүру, тыныс алу жаттығулары
    • Жеңіл ойын тапсырмалары
    • Қимыл-қозғалысы аз ойындар.
    • Қорытынды бөлім. Баланың қызу жалынды қалпынан біршама байсалды қалыпқа келуіне мүмкіндік туғызады.Тыныс алу жаттығулары бір орында тұрып және қозғалыста орындалады. Мұрын арқылы терең демді ішке тартып 3-4 адам жасап және бірден дем шығаруға кірісу.Ал күшті ,жиі дем алған жағдайда бір сәтте мұрын мен ауыз арқылы тыныс алып,дем шығарылады.
    • 1-бөлім. Кіріспе
    • Бір қатар сапқа тұрғызу.Ұйымдастыру жұмыстарын өткізу. Тізбекпен аяқтың ұшы және өкшемен жүру, қолды белге қойып жүру,музыка ырғағына сәйкес тарсылдатып жүру,жүгіру,жүгіруді жүрумен алмастыру, алға және артқа қарай кең адымдап жүру. Бірнеше топқа бөлініп тұру, әр топқа бастаушы тағайындау.
    • 2-Бөлім жалпы дамыту жаттығулары.(негізгі қимыл-қозғалыс жаттығулары)
    • 6-дамытушы жаттығу,4-негізгі қимыл-қозғалыс жаттығулардан тұрады.
    • 3-бөлім қорытынды
    • 2-3 қимыл-қозғалысы аз ойындар ойнатылады,тынысалу жаттығулар орындалады.
    1   2   3




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет