Дене шынықтыру сабағында басты назар аударатын мәселе-жаттығуларды орындау кезіндегі қауіпсіздік. Сондықтан да мұғалім барлық жабдықтар мен снарядтардың жарамдылығы мен қауіпсіздігін мұқият қадағалауы қажет



бет4/5
Дата14.10.2022
өлшемі194,04 Kb.
#153128
1   2   3   4   5
Байланысты:
Бейімделген дене мәдениеті

4.1.Қашықтық бойы жүгіру
Қашықтық бойына жүгірген кезде спортшы неғұрлым жоғары жылдамдық алып, оны ұзағырақ сақтауға тырысады.. Жүгіру жылдамдығы көбіне спортшының ұтымды қозғалысы мен ентікпей жүгіре білуіне байланысты. Жоғары жылдамдықты сақтау үшін адым алшақтығы мен жиілігін сәйкестендіре білу керек. Әдетте ерлер арасындағы озық спринтерлердің адым алшақтығы 210-250 см (8-9 табан өлшемі) болса, әйелдер арасындағы үздік спринтерлердің адым қашықтығы 185-215 см, ал адым жиілігі секундына 5-5,5 қадам болады.
Аяқ жерге тигенде табанның алдыңғы бөлігі негізгі қызмет атқарады. Серпілген кезде серпуші аяқтың жамбас, тізе, тобық буындары жазылады. Жүгірген кезде жамбас ілгері- кейін белсенді қимылдайды. Екі қолда жүгіріс кезінде сермеліп толық қызмет атқарады. Спринтердің қозғалыс ұтымдылығы оның жүгіріс барысында аса маңызды қызмет атқармайтын мүшелердің бұлшық еттеріне күш салмауында, яғни жеңіл, еркін жүгіріп, ынтықпаудың амалын жасау қажет .
4.2.Мәреге жету
Жүгіріс барысында жоғары жылдамдықты қашықтық бойынша сақтау керек және мүмкіндігінше мәре сызығына жақындаған кезде жылдамдықты барынша үдете түскен дүрыс. Жүгіріс спортшының кеудесі мәре сызығы бойымен жүргізілген вертикалды шалған кезде аяқталады. Оны тезірек шалу үшін соңғы адымдарда алға қарай төспен ұмтылу керек, бұлшық өзі де «төспен ұмтылу» әдісі деп аталады. Бұның басқа да тәсілі бар, яғни жүгіруші мәреге жетер кезде иіліңкіреп, сол мезетте бір қабырғасына бұрылып лентаны қарымен шалады. Мәреге ұмтылу техникасын меңгермеген жүгірушілер мәре сызығынан бар жылдамдығымен жүрігіп өтуді үйрену керек.

  1. Жастың негізгі ережелері

Қысқа қашықтыққа жүгіру жарыстары ұзындығы 200-ден 400 м дейінгі стадиондарда өткізіледі, 100 м қашықтыққа жүгіру түзу жүгіру жолында өткізіледі, 200-400 м тіке қашықтыққа жүгіру. Сағат тіліне қарсы бағытта өткізілуі тиіс.
Әрбір қатысушы өз жолымен жүгіру керек. Жолдың ені 125 см бояу керек. Қысқа қашықтыққа жүгіру кезінде қатысушы старттық колодкаларды қолданады. Финиште жүгіру жолының екі жағына фиништік бағаналар қолданылады. Бағаналардың биіктігі 137 см. Бағаналарға 122 см. Биіктікте ақ жіп тартылады (ерлер үшін), қалған қатысушылар үшін 110 см, биіктікте болады.
Спортта дайындалу үшін қатысушыға 1 минут уақыт беріледі, Қатысушылардың қайсысы болса да жүгіруге берілген белгіден бұрын жерден қолын немесе аяғын көтерсе, сол қатысушыға ескерту беріледі. Сол қатысушы екінші рет ережені бұзса, жарыстан алынып тасталады. Әр қатысушы өз жолымен жүгіру керек.
Қатысушылардың қорытындыларын төрешілер мен хронометршілер анықтайды.
Қолдың хронометраж кезінде бірінші келген спортшының үш хронометршінің көмегі арқылы өлшенеді. Секундомер көрсеткіштері әртүрлі болса 2 бірдей көрсеткішті алады.
Үш көрсеткіштің үшеуі де әртүрлі болса (12,4; 12,6; 12,7) онда олардың ішінен орташасы 12,6с алынады. Егер де спортшының келген уақытын 2 секундомермен өлшенген жағдайда, төменгі уақыт жазылады



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет