Дене тәрбиесі бойынша сыныптан тыс жұмыстардың міндеттері мен маңызы, ұйымдастыру түрлері



бет3/3
Дата07.02.2022
өлшемі24,29 Kb.
#89415
1   2   3
Байланысты:
дене шынықтыру

Жарыстар жөніндегі ереже.
Алдын ала, бәрінен бұрын жарыс күнтізбесін жасаумен бір мезгілде «Жарыстар жөніндегі ереже» жасалуы керек. «Ережені» сол жарысты өткізуге жауапты ұйым жасайды, мысалы: облыстық деңгейдегі жарыстар жөніндегі ережені облыстық білім департаменттері, аудандық оқушылар жарыстары жөніндегі ережені аудандық оқу бөлімдері, ал мектепішілік жарыстар жөніндегі ережені дене тәрбиесінің мұғалімі жасап, мектеп директоры бекітеді.
Кез келген «Жарыс жөніндегі ереже» мынадай бөлімдерді қамтуы керек: жарыстың міндеттері, жарысқа даярлық пен оны өткізуге басшылық, жарыстың өткізілетін уақыты мен орны, командалар мен қатысушылардың құрамы, жарыс бағдарламасы, бағалау жүйесі және бағдарламаның әрбір түрі мен тәсілі, бағдарламаның нөмірлері мен спорт түрлері бойынша жеке қатысушы жеңімпаздар мен Жеңімпаз командаларға сыйлық беру мен мадақтау реттері, тапсырыс (заявка) беру мерзімдері.
«Ереже» сыныптарға, мектептерге, аудандарға, облыстарға сол жарысты өткізуден екі ай бұрын хабарлануы қажет.
Басшылық жасау. Кубокты жеңіп алу жарысын даярлау, ұйымдастыру және өткізу дене тәрбиесінің мұғалімі мен дене төрбиесі ұжымының кеңесіне жүктеледі. Баскетболдан кубокты жеңіп алу жарыстарына төрешілік ету дене тәрбиесі мұғалімі басшылық ететін терешілер алқасына жүктеледі.
Өткізілу уақыты мен орны. Кубокты жеңіп алу ойыны (уақыт аралығында) мектептің спорт залы мен алаңында өткізіледі.
Қатысушы. Кубокты ұтып алу ойындарының қатысушылары дәрігер рұқсат еткен және қанағаттанғысыз бағасы жоқ 8-11-сынып оқушылары бола алады.
Өткізілу жагдайы, Кубокты жеңіп алу ойынынан шығып қалу (ұтылған команда бәсекеден шығады) жүйесі арқылы түзілген график бойынша өткізіледі.
Әр сынып жарысқа бір ғана команда шығаруға құқылы.
Мадақтау. Финалда бірінші орын алған команда кубокпен және грамотамен, ал екінші орын алған команда грамотамен мадақталады.
Тапсырыстар (Заявки). Тапсырыстар дене тәрбиесі пәнінің мұғаліміне дейін тапсырылады. Тапсырыста командадағы қатысушылардың тізімдік құрамы көрсетіледі. Тапсырысқа сынып жетекшісі, команда капитаны және дәрігер қол қояды. Команда өкілдерінің отырысы (уақыты) өтеді.
Жарыстың багдарламасы. Жарыс бағдарламасында тек ең маңызды жене қойылған міндеттерді шешуге қажетті деген нәрселер ғана болуы қажет. Бағдарламада жас ерекшелігі топтарына бөлінген спорттық жаттығулар түрі мен спорттың түрі атап айтылады және осы түрлер сынақ түрі жағынан командалық па, жекелей ме немесе жекелей командалық па, осылар көрсетіледі. Спорттық жаттығулардың түрлері оқушылардың жас ерекшелігше сәйкес келуі керек. Кептеген мектептің жасөспірімдері жарыстарының негізіне жоғарыда тұрған ұйымдардың ұсынатын бағдарламалары мен спорттың жеке түрлері бойынша жасалған ережелер алынып жүр.
Бағдарламада жұмыс шектен тыс болмауы қажет, себебі мұның өзі жарыстың ұзақтығын созып жібереді және қатысушыларды шаршатады. Бағдарламаның көлемі мен мазмұны маусымға, оқушылардың жас ерекшеліктері мен даярлық деңгейіне сәйкес келуі керек. Дене тәрбиесі ұжымының жұмыс жоспары арқылы қарастырылған жарыс әрқашан да оқушыларды оқыту мен жаттықтыру ісіндегі атқарылған жұмыстардың қорытындысы болып табылады. Жарыс бағдарламасын құрастыра отырып, мұғалім осы жағдайларды есепке алып, бағдарламаға жетекші дене жаттығуларының негізгі түрлерін енгізеді. Бұл жаттығулар оқу бағдарламасының және Президент сынамаларының нормативтерінің орындалуымен байланысты болады. Мүмкіндігінше, жарыстар екі сағаттан аспағаны жөн. Бұған бағдарламаны біліктілікпен құрастыру арқылы ғана емес, сондай-ақ жарыстың өзін дұрыс ұйымдастыру арқылы (орындардың даяр болуы, құжаттар, бөлектенген сөрелер, төрешілер мен көмекшілер санының жеткілікті болуы, команданы дұрыс ұйымдастыру, жарыс алаңындағы тәртіп т. б.) кол жеткізіледі.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет