Дене тәрбиесі жүйесінің мақсаты мен міндеттері


Жоғары қозғалыс шеберлігі



бет54/76
Дата07.02.2022
өлшемі158,67 Kb.
#84696
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   76
Байланысты:
дене шынықтыру әдістемесі

Жоғары қозғалыс шеберлігі. Қимыл дағдысының жетілу үрдісі шексіз болып келеді. Оның негізгі міндеттері – оқушыны тұрмыс, еңбек, спорттық әрекет дағдыларын еркін меңгеруге үйрету. Дағдының тәжірибелік құндылығы осында. Егер оқушы спорт залда секірген биіктіктен, табиғи ортада секіре алмаса, ол дағдының тәжірибелік құндылығы болмайды.
Сонымен жоғарғы қозғалыс шеберлігі дегеніміз – қалыптасқан қимыл дағдыларын нақты өмір жағдайларында қолдану шеберлігі (жүгіру, секіру және басқа өнеркәсіптік, әскери әрекеттер). Жоғары қозғалыс шеберлігі – үйрету үрдісінің соңғы межесі. Алға қойған міндеттерді орындау үшін, қимыл дағдысын мынандай жолмен жетілдіру керек:
- жаттығуды орындау техникасының даралығы;
- қимыл дағдыларын меңгерудің нұсқауларын меңгеріп көру;
- меңгерген қимыл дағдысын әр түрлі қозғалыс әрекеттерге пайдалану шеберлігін меңгеру;
- өзгерген әрекет жағдайына сай ауысып, бейімделе білу қабілетін меңгеру;
- жаңа қалыптасқан дағдыны ерте меңгерген дағдымен әр түрлі бірлік таба қолдану шеберлігін меңгеру.
Қимыл дағдысын жетілдіру әр түрлі оқу әдістерінің көмегімен іске асырылады. Оның ішінде жетекші орынды ойын және тұтас үйрету әдістері алады. Қатені түзету немесе қозғалысты орындау техникасына өзгеріс енгізу керек болса, бөлшектеп үйрету әдісі қолданылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   76




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет