Дене тәрбиесі пәні мұғалімдеріне арналған әдістемелік ұсыныстар


Мұғалімнің сабақ өткізуге дайындығы



бет78/130
Дата21.11.2023
өлшемі1,61 Mb.
#192484
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   130
Байланысты:
Смсамааассс

10.6. Мұғалімнің сабақ өткізуге дайындығы

Сабақтың ойдағыдай өтуі мұғалімнің жақсы даярлығына байланысты. Дайындық төмендегідей іс-әрекеттер арқылы орындалады.


Сабақтың міндетін анықтау. Дене тәрбиесі әдістемесінде барлық сабақтардың міндеттері бағытына байланысты білім беру, сауықтыру және тәрбиелеу деп үш топқа бөлінеді:
- білім беру міндетінің мақсаты – оқушыларға білім беру, жаттығуларды ептілікпен, дағдымен орындауға, оларды өмірде қолдана білуге үйрету;
- сауықтыру міндеттерінің мақсаты – дене тәрбиесі жаттығуларының сабақ кезінде оқушы ағзасына сауықтыру әсерін тигізуіне тиімді жағдай жасау;
- тәрбиелеу міндеттерінің мақсаты – оқушылардың адамгершілік және жігерлілік қасиеттеріне дене тәрбиесі жаттығуларының көмегімен әсер ету.
Осы міндеттерді басшылыққа ала отырып, әр сабаққа жеке міндеттер қойылады. Ол міндеттер сабақ өткізілетін кездегі тоқсандық жоспар - кестеге, спорт түріне байланысты алынады. Сабақ қызықты, тартымды болуы үшін құрастырылған түрде алынып, бір сабақ аясында жаттығу техникасын үйрену, өткен сабақтарда үйренген жаттығулар техникаларын жетілдіру, бір дене қасиетін дамыту сияқты міндеттер кешенді алынса дұрыс болады. Мысалы:

  • төменгі сөреден жүгіру техникасын үйрету;

  • жүгіріп келіп ұзындыққа секіру техникасын жетілдіру;

  • дене қасиеті – жылдамдықты дамыту.

Қойылған міндеттерді орындау жолдарын таңдау. Мұғалім әр міндетті орындау үшін спорт түрінің негізгі жаттығуларының техникасын үйретуге, жетілдіруге керек жетекші дайындық, бейнелеу жаттығуларына көңіл бөлуі қажет. Ол жаттығуларды орындату үшін дене тәрбиесі әдістерін, амалдарын тиімді қолдана білуі шеберлігі мен іскерлігін меңгеруі керек.
Әдістемелік-ұйымдастыру шараларын белгілеу. Мұнда мұғалім оқушылардың әрекеттерін тиімді ұйымдастыру түрлері мен әдістерін таңдайды. Олардың тұратын, отыратын орындарын, қозғалыс жолдарын белгілейді. Снарядтарды орнату, жинау жолдарын, сақтандыру әдістерін көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   130




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет