Дене тәрбиесі пәні мұғалімдеріне арналған әдістемелік ұсыныстар



бет88/130
Дата21.11.2023
өлшемі1,61 Mb.
#192484
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   130
Байланысты:
Смсамааассс

1.3. Сыныптан тыс спорт -
көпшілік жұмыстарын жоспарлау

Сыныптан тыс спорт – көпшілік жұмыстарын жоспарлаудың негізгі құжаты - көпшілік-спорт шараларының жылдық күнтізбелік жоспары. Ол жоспар төмендегідей бөлімдерге бөлінеді:


1. Көпшілік қатысатын жарыстар: шаңғы, жеңіл атлетика, кростар, Президенттік сынамалар жарысы, әр түрлі конкурстар, көңілді старттар («Ал қане, жігіттер»).
2. Мектептегі кең тараған спорт түрінен жарыстар.
3. Басқа мектептермен өткізілетін жолдастық кездесулер.
4. Аудан, қала біріншіліктері.
5.Спорт түрлерінен іріктеу жарыстары.
6. Спорттық мерекелер, көрнекі орындаулар (насихаттау) түрлері.
Бұл жоспарды құрастырған кезде ауданның, қаланың жоспарын есепке ала отырып жасау керек. Жоспарды құрастырғанда оқу жылының басындағы қыркүйек айында өткізілетін жарыстардан бастап оқу жылының аяғы мамыр айындағы қорытынды спорт мерекесіне дейінгі барлық спорттық шаралар қамтылуы қажет. Спорттық шаралар рет-ретімен өздерінің жүргізілетін кезеңдеріне байланысты құрастырылады. Көпшілік спорт шараларының үлгі ретінде ұсынылып отырылған жылдық күнтізбелік жоспары:

1кесте





р/с

Спорт шараларының
атауы

Өткізілетін
уақыты

Қатысатын адамдар

Өткізуге жауапты
адамдар


















1.4 Оқу күні ішіндегі дене тәрбиесі -
сауықтыру шаралары

Оқушылармен оқу күні ішінде жүргізілетін дене тәрбиесі-сауықтыру шаралары: сабаққа дейінгі гимнастика, сергектік сәттер, ұзартылған үзіліс кезіндегі дене тәрбиесі жаттығулары мен қозғалмалы ойындар.


Бұл жұмыстарды атқару мынандай міндеттерді орындауға көмектеседі: оқушылардың қозғалыстары белсенді болады, денсаулықтары нығайтылады, қимылдары жетіледі, әдемілендіреді, жаттығулардың керектігін ұғынады, ақыл-ой және ағзаның жұмыс қабілеттіктері жақсарады, тәртіпке және ұйымшылдыққа деген дағдылары қалыптасады.
Осы жұмыстардың мазмұнын ойластыру, әдістерін белгілеу, ұйымдастыру үшін төрт түрлі мәселені шешу, ескеру керек:
1. Оқушылардың жас ерекшеліктері мен дене дайындығы деңгейін ескеру.
2. Күні бойы орындалатын оқу, жұмыс, қозғалыс сипатын ескеру.
3. Орындалатын жаттығулардың ағзаға әсерін ескеру.
4. Жаттығуларды орындайтын жерді, уақытты, оқушылардың киім түрін.
Төмендегідей жағдайларды дұрыс ойластырғанда ғана оқу күні ішінде жүргізілетін дене тәрбиесі – сауықтыру шаралары оқушы ағзасын сауықтырады, педагогикалық тиімді әсер береді:
- өткізілетін жер санитарлық-гигиеналық талапқа сай болғанда;
- мектептің педагогикалық ұжым мүшелері ұйымдастыру жұмыстарына көбірек қатысқанда;
- сабақтан жаттығуларға, жаттығулардан қайта сабаққа ауысу физиологиялық заңдылықтарды есепке ала орындалғанда;
- жаттығу дұрыс көрсетілсе, қысқа дұрыс түсіндірілсе, оқушылар ұғатын терминдер қолданылса;
- сауықтыру шараларының қозғалыс тығыздығы,жүктемесі дұрыс орындалса;
- оқушыларды қызықтырып,еліктіріп әкететін әсерлі жаттығулар, қозғалмалы ойындар ойналса.
Күн тәртібі ішіндегі дене тәрбиесі - сауықтыру шараларына жеке-жеке тоқталып, оқушылармен орындау сипатын, тәртібін түсіндіре кетейік.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   130




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет