«Дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі» пәнінен емтихан сұрақтары


Сыныптан тыс жұмыстар төмендегідей түрлерге бөлінеді



бет4/5
Дата25.01.2022
өлшемі27,84 Kb.
#114329
1   2   3   4   5
Байланысты:
Дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі тест

Сыныптан тыс жұмыстар төмендегідей түрлерге бөлінеді:

1. Спорт түрлерінен өткізілетін жаттықтырулар (секциялар). Дене тәрбиесі мұғалімдері арнайы орта және жоғарғы оқу орындарында оқыған кездерінде жаттыққан, теориясы мен әдістемесін оқыған, разрядтары бар спорт түрлерінен, мектепке жұмысқа орналасқан кездерінен бастап секция жұмыстарын ұйымдастырады, жаттығулар жүргізеді.

2. Мектептегі жаттығулар ұйымдастырылған спорт түрлерінен өтетін жарыстар.Спорт түрлерінен өткізілетін жарыстарға оқушылардың тұрақты айналысып жүрген спорт түрлерінің жарыстары жатады. Ол жарыстар: мектепішілік біріншілік, басқа мектептің оқушыларымен жолдастық кездесулер, аудандық, қалалық, облыстық, республикалық жарыстар және т.б. жарыстар.

3. Президенттік сынама сынақтарына дайындық және сынама нормаларын тапсыру шаралары. Президенттік сынама жұмысына жеке жоспар құрылып, комиссия құрамы бекітілуі керек.

4. Жазғы және қысқы президенттік көпсайыс. Президенттік көпсайыстан спорт түрінің жарыстарына дайындық жасап және оған қатысуға барлық оқушылар ат салысуы керек. Жас ерекшелік топтарына байланыстымектепішілік жарыстарды ұтқан оқушылар ары қарай аудандық, қалалық, облыстық жарыстарға қатысады, спорттық разрядтар нормаларын орындайды.

5. Спорт түрлерінен өткізілетін жарыстар оқушылар арасында кең тараған жалпы мектепішілік спорт түрлері жарыстары.

6.Туристік жорықтар, саяхаттар. Спорттық жорықтар, саяхаттар жергілікті жердегі тарихи орындарға, табиғаты жақсы жерлерге, тауларға, өзен, көлдерге бару, танысу, көру мақсатында бір, екі, үш одан да көп күндерге созылып өткізілуі мүмкін. Жорық кездерінде оқушылар ұзақ қашықтыққа жүк көтеріп жүру, әр түрлі кедергілерден өту, күрке (палатка) құру, от жағу, тамақ пісіру және т.б. жорық дағдыларын меңгереді.

7. Денсаулық топтары. Оқушылар мен мұғалімдердің денсаулықтарын нығайту, дене дайындығы деңгейлерін жоғарылату мақсатында жүргізілетін жаттықтырулар.

8. Спорт мерекелері. Оқу жылының ортасында, аяғында спортты насихаттау, дене тәрбиесі жұмыстарын қорытындылау, спортшыларды марапаттау, көңіл көтеру мақсатында жүргізілетін спорт кеші.


  1. Адын ала табиғатты зерттеуге, тарихи орындарды, музейді т.б сол сияқты жерлерді көруге әдейі әзірленген жұмыс түрі-

туристік жорық.

  1. Адамның дене тәрбиесі заңдылықтарын түсінуі



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет