Тарих және құқық факультеті мамандықтары бойынша студенттердің өзіндік жұмысын жоспарлау, ұйымдастыру және бақылау мәселесі бойынша ақпарат.
Дүниежүзі тарихы және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасы 050505 – «Аймақтану», 050202 – «Халықаралық қатынастар», 050501 – «Әлеуметтану» мамандықтары (бакалаврлар) бойынша мамандарды даярлауды жүзеге асырып, 050114 – «Тарих» (педагогикалық), 050203 – «Тарих» (ғылыми) мамандықтарына қызмет көрсетеді. Сонымен қатар кафедра университеттің барлық мамандықтарында әлеуметтану және саясаттану пәндерінің оқытылуын қамтамасыз етеді. Оқыту күндізгі және сырттай оқу түрлері бойынша қазақ және орыс бөлімдерінде жүргізіледі.
Кафедрадағы оқу-әдістемелік жұмыс мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті білім беру стандарттары негізінде жүзеге асырылып, оқу үрдісі типтік және жұмыс жоспарлары, мамандықтардың типтік және оқу бағдарламалары мазмұнына сәйкес құрылған.
Кафедра ПОҚ-ы міндетті компоненттік пәндер және таңдау курстары (90-ға жуық пәндер) бойынша сабақтар жүргізеді. Сабақтар ПОӘК сәйкес өтеді. ПОӘК пәннің мақсат-міндеттері, оқу әдістемесі, сабақтың мазмұны мен кестесі, СОӨЖ және СӨЖ тапсырмалары, қолданылатын әдебиеттер, жазбаша жұмыстардың (рефераттар, курстық жұмыстар) тақырыптары, пән бойынша студенттердің білімін тексеру және бағалау схемалары, бақылау сұрақтары мен тапсырмалары қамтылған.
Кафедрада СӨЖ-ді ұйымдастыру мен сапалы өткізуге үлкен көңіл бөлінеді. СӨЖ-ді ұйымдастыру студенттердің білім сапасын арттыруға бағытталған. Студенттердің өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру барысында ғылыми мақалалар мен түпдеректерді рецензиялау және талдау, оқу курстары мәселелері бойынша рефераттар қорғау, өзекті әлеуметтік мәселелер бойынша әлеуметтанулық зерттеулер жүргізу, жекелеген тақырыптар бойынша презентациялар дайындау әдістері қолданылады. Оқытушылар іскерлік ойындар, тренингтер, оқу пәндерінің тараулары бойынша кроссвордтар жасау сияқты инновациялық және интерактивті технологиялардың элементтерін қолданады. Студенттер ПОӘК материалдарына қарай әртүрлі тақырыптар бойынша рефераттар дайындайды, деректер арқылы ғылыми материалдарға, монографияларға талдау жасап, олар бойынша семинар сабақтарына қажетті және СОӨЖ сабақтарына қысқаша конспектілер жасақтайды. Кафедра ПОҚ-ы студенттердің пән бойынша жаңа деректерді қолдануына ықпал етіп отырады.
Мәселен, «Шетелдер тарихнамасы» пәні бойынша студенттердің өзіндік жұмыстары диспуттар, конференциялар және іскерлік ойындар түрінде өткізіледі (Х.И. Қожабергенова – доцент, Ж.М. Арыстангалиева - оқытушы). «Дін әлеуметтануы» пәні бойынша студенттер өзіндік жұмыс ретінде баяндамалар дайындап, «Діннің ғылыми негіздемесі» тақырыбындағы дөңгелек үстелге қатынасты (Т.Т. Шайхиев – аға оқытушы). «Әлеуметтану» пәні бойынша студенттер баяндамалар дайындайды, «Әлеуметтанулық ойдың даму тарихы» және «Қоғам» тақырыптары бойынша студенттер рефераттар жазып, «Әлеуметтік әрекеттер және әлеуметтік қарым-қатынастар» тақырыбы бойынша диспуттар жүргізеді. Студенттердің өзіндік жұмысы «Шетел әлеуметтануының тарихы» пәні бойынша әлеуметтанудың классиктерінің еңбектеріне талдау жасау, көрсетілген тақырыптарға эссе жазу түрінде жүргізіледі (Д.Б. Абулкасова - доцент). «Әлеуметтану» пәні бойынша өзіндік жұмыс ретінде студенттер эмперикалық әлеуметтік зерттеу бағдарламаларын жасаумен, қорғаумен айналысып, «Әлеуметтанулық ойдың даму тарихы» тақырыбы бойынша кроссвордтар жасайды, жазылған рефераттарын оқып, терминдердің сөздігін жасайды.
Тарихи пәндер бойынша студенттердің өзіндік жұмыстары картамен жұмыс, кестелер, сөздіктер құру, саяси лидерлердің портреттерін суреттеу т.б. түрінде болады.
Қазақстан Республикасы тарихы кафедрасында оқу жылы басында оқытушыларының студенттермен өзіндік жұмыстарын қабылдау кестесі факультеттің деканымен бекітіліп, жасалған. Кестеге сай әр оқытушы белгіленген уақытта студенттерден өзіндік жұмысын қабылдайды. Сонымен қатар кафедраның қазан айындағы ғылыми-әдістемелік семинарда өзіндік жұмыстардың өткізу әдістемесін қалай өткізу керектігін талқылап, СӨЖ-ді әр түрлі әдіс-тәсілдермен өткізу жолдары талқыланып, оқытушылар өзара тәжірибе алмасады. СӨЖ-ді тиімді жолдармен өткізу арқылы оқытушылар студенттерден өз бетімен дидактикалық тапсырмаларды орындауға, танымдық қабілетін арттыруға және белгілі бір мәселе бойынша өз ойларын ашық айтуға үйренеді. СӨЖ тапсырмаларын әр оқытушы жыл басында оқу-әдістемелік кешенінде көрсетілген. СӨЖ негізінен студенттердің шығармашылық жұмыстарын дамыту және ізденушілікке дағдыландыру мақсатында красворд құрастыру, реферат жазу, нақты тақырыпқа сай презентация жасау, дебат түрлерінде дайындалады. Мысалы кафедра оқытушылары Ж.Е.Оразғалиева, Г.Т.Жалекеновалар презентациялар жасау арқылы, Л.С.Серикова мен Ж.А.Исмурзин, А.О.Амировтар баяндама мен ғылыми жобалар жасау негізінде, Ж.Қ.Мухангалиева мен Ж.К.Тастаевалар аннотация жаздыру мен бақылау тапсырмаларын орындату әдіс-тәсілдері арқылы өткізеді. СӨЖ-дің материалдарын әр оқытушы өзінің папкасында сақтайды. Электронды түрде тапсырылған СӨЖ материалдары кафедраның компютерінде сақтаулы. СӨЖ-ді бағалау дәстүрлі түрде өтеді. Бағалау кезінде оқытушылар жұмыстың мазмұны мен көлеміне оны тапсыру уақытына да байланысты.
«Философия және құқық негіздері» кафедрасында СӨЖ сабақтарында студенттер көпшілік тапсырмаларды ауызша түрде орындайды. Ол болашақ мамандардың сөйлеу мәдениетін, риторикасын дамытады;
Кейбір СӨЖ сабақтарының тапсырмалары слайдтар түрінде орындалып, бейнепроектор арқылы аудиторияға көрсетіліп, ауызша қорғалады (презентация).
Сабақтың сұрақ-жауап, пікір алмасуы, диспут, дөңгелек үстел, баяндама, схема, үлестірме материалдар, талқылау түрінде жүргізіледі;
СӨЖ – білім алушылардың оқу дәрісханасында және одан тыс, оқытушының жетекшілігімен және оның қатысуынсыз жүзеге асырылатын дербес қызметі. Құқықтық пәндер бойынша өзіндік жұмыстар дәріс, семинар сабақтарында, оқу мәселелеріне байланысты кафедрада кеңес беруде, жеке тапсырмалар бергенде кітапханада, үйде орындалады.
Дәріс кезінде студенттер ең қажетті мәліметтер алады. Оқытушы Н.Ж.Ауелбаева студенттердің дәріске бағдарлана білу, мәліметтерді шығармашылық қабылдау, терең, берік меңгеру, белсенді сабаққа араласып отыру қабілеттіліктерін дамытудың маңыздылығын ерекше назарға алады. Дәрісті мұқият тыңдау және конспектілеу –студенттің қарқынды ақыл-ой қызметіне мүмкіндік туғызады. Дәріс – қысқаша, студенттің өз сөзімен, түсінігімен конспектіленуі керек. Дәріс материалын терең меңгеру үшін оны лектордың ұсынған қосымша әдебиеттерімен толықтырған жөн.
Құқық негіздері пәнінен өзіндік жұмыстарға негізінен – мемлекеттің белгілері, нысаны тақырыптары бойынша сызбанұсқалар, құқық ұғымы, қызметтері тақырыптары бойынша кестелер құру; конституция ұғымы мәні жөнінде терминологиялық сөздік, сөзжұмбақтар жасау, азаматтық, отбасы құқығы негіздері туралы реферат, баяндамалар жазу, еңбек құқығы негіздері тақырыбы бойынша жеке еңбек шартының үлгісін құру, т.б. жазбаша тапсырмалар орындау, ауызша түсіндіру тапсырмалар беріледі. (Ұ.Қ.Құмарова, Г.С.Куанышбаева).
Азаматтық, кәсіпкерлік құқық пәндері бойынша студенттер өзіндік жұмыстарды Парламенттің заңдарынан, президенттің жарлықтары, Үкіметтің қаулылары т.б. нормативтік актілерден мысалдар келтіріп, оларға түсіндірме береді, баспасөз материалдарынан құқықтық ақпарат жинап, презентация жасайды. (А.Т.Темергалиева).
Халықаралық құқық пәні бойынша өзіндік жұмыстарда студенттер халықаралық ұйымдар, халықаралық келісім-шарттар, т.б. мәселелер жөнінде хабарламалар әзірлейді, Интернет жаңалықтарына, құқықтық ғылыми-тәжірибелік журналдар мақалаларына талдау жасайды. (Н.Ж.Ауелбаева, Ұ.Қ.Құмарова).
Соттық сөйлеу пәнінен өзіндік жұмыстарда студенттер сот процесіндегі адвокат, прокурордың сөйлейтін сөздерінің үлгісін құрады, Қазақстандағы және шетелдерде болған нақты азаматтық, қылмыстық істер бойынша сот процесінде сөйлеген белгілі адвокаттардың, прокурорлардың сөздеріне өзіндік талдау жасайды, құқықтық баға береді, пікірі таластырады. (Н.Ж.Ауелбаева, А.В.Курьянов).
Құқық білім беру әдістемесі пәнінен студенттер өзіндік жұмыстарда құқық пәнінен мектепте сабақ жүргізу үшін әрбір тақырып, бойынша сабақ жоспарын құрып, оны топ ішінде өткізіп көрсетеді. (А.Т.Темергалиева)
Құқықтық пәндер кафедрасында СӨЖ ұйымдастыру келесі жағдайларда жүргізіледі:
рефераттар жазу мен қорғау;
бақылау жұмыстарын дайындау;
есеп шығару;
коллоквиумдар;
іскерлік ойындар (сот процесінен, тергеу іс әрекеттерінен үзінді келтіру, дебаттар);
дөңгелек үстел;
өткен дәріс мәліметтерінен қайта талдау;
курстық жұмыстарды орындау мен оларды қорғауға дайындық жүргізу;
конкурстық жұмыстарға дайындалу және оларды орындау;
практикалық сабақтарға дайындалу;
үй тапсырмалары;
іс жүргізушілік құжат жобаларын құрастыру.
Линиялық оқу жүйесіндегі СӨЖ кестесін оқытушының белгіленуімен, ал кредиттік оқу жүйесіндегі СӨЖ кестесімен ПӨӘК кестесіне сәйкес жасалынады.
Кафедрада оқытушылар студенттермен пән бойынша әртүрлі құжаттарды құрастырып, сызбамен жұмыстанады, сған студенттер белсенді қатысады. Сабақтар өте қызғылықты өтеді. Студенттер тақырып бойынша жаңа, қызықты ақпараттар береді. ОСӨЖ–да әртүрлі нормативтік актілермен танысады. Студенттер де заңнамалардың толық жетілдірулеріне өз ұсыныстарын білдіреді.
Студенттердің өзіндік жұмысын жоспарлау, ұйымдастыру және қадағалауды жетілдіру бағытында жоғарыда көрсетілген мәліметтерді атай отырып, алдағы уақытта төмендегідей жұмыстарды орындау ұсынылады:
ПОӘК-ке студенттердің өз бетімен жасайтын жұмыстарын орындауы бойынша әдістемелік нұсқауларға түзетулер енгізу, толықтыру (пән оқытушылары, кафедра меңгерушісі).
СӨЖ тапсырмаларын сапалы түрде құрастыру мақсатында кафедрада тексеру (кафедра меңгерушісі).
Кафедралардың ғылыми-әдістемелік семинарларында оқытушылар құрамының СӨЖ-ді өткізуі жайын талқылап отыру (кафедра меңгерушісі).
Тарих және құқық факультеті
деканының м.а Хайдаров Е.Е.
Достарыңызбен бөлісу: |