А.К.Махашева
(Қазақ Мемлекеттік Қыздар Педагогикалық Университеті)
Алматы, Қазақстан Республикасы,
аinura__93_kz@mail.ru
Ғылыми жетекші: ф-м.ғ.к., профессор С.Ә.Исаев
«Информатика мен математика интеграциясы»
Түйіндеме. Мақалада жалпы білім беретін орта мектепте математика мен информатика пәндерін пәнаралық байланыс негізінде оқытудың ерекшеліктері қарастырылған. Математика сабағында компьютерді қолдану оқушылардың оқу материалын меңгеруін жылдамдатады, өз бетімен шығармашылық жұмыс жасауға үйретеді, оның дербес қабілеті мен дарындылығы дамиды, пәнге деген қызығушылығы артады, сонымен қатар оқу процесінің қарқыны жоғарылайды, оқытудың сапасы артады. Сабақ өту барысында презентациялар мен тапсырмалар орындалып, интеграциялап оқытудың нәтижесі көрсетілген.
Негізгі сөздер: информатика мен математика интеграциясы, интеграцияланған сабақтар, интеграцияланған сабақтар құрылымы, интеграция нәтижесі, презентация, тапсырмалар.
Заманауи білім берудің маңызды шарттарының бірі – әр оқушының қабілеттерін ашу, парасатты да, Отанын сүйетін, қоршаған ортаның сұлулығын қабылдай алатын, табиғат пен қоғамда болатын процестерді түсінетін адамды тәрбиелеу болып табылады. Әлемді игерудің түрлі әдістері – ғылым, мәдениет пен философияны көпқырынан қарай алуға мүмкіндік береді. Сондықтан, танымдық процестің заманауи кезеңдегі айқындаушы тенденциясы интеграция болып табылады.
Интеграция педагогикаға 1980 жылдардың басында енді. Бұл терминді педагогтардың қабылдауы, алдыңғы онжылдықтар бойы білім беруде интегративтік процестердің дамуымен дайындалды. Әсіресе, математика, физика мен информатиканың басқа білім облыстарына енуімен, әрі бұған ғылыми-техникалық прогресс, компьютерлік техника дамуы себепші болды.
Интеграция – бұл бір не басқа облыстағы жалпыланған білімдердің бір оқыту материалында мүмкіндігінше терең өзара енуі және бірігуі.
Интеграция нәтижесі – жаңа шындық, онда әр компонент өзіндік сипаттарын сақтайды. Интеграция жою, бағындыру, бірінің ішінде екіншісін жалғастыруды жоққа шығарады. Интеграцияланған сабақтар, оқушыға өзі тұрып жатқан әлем туралы, өзара көмек туралы, материалдық және әдеби мәдениеттің көпқырлық әлемінің бар екендігі туралы кең әрі анық көрсетілімін береді.
Негізгі акцент анық бір білімді үйрету емес, образдық ойлауды дамытуға берілген. Сондай-ақ интеграцияланған сабақтар, оқушылардың шығармашылық белсенділігін дамытады. Барлық оқыту пәндерінің мазмұнын пайдалануға, қоршаған өмірдің оқиғалары мен құбылыстарына жүгініп, ғылымның, мәдениеттің, өнердің түрлі облыстарынан ақпараттарды байланыстыруға мүмкіндік береді.
Интеграцияланған сабақтар туындауына қажеттілік, келесі себептердің пайда болуынан туындады:
Біріншіден, балалар қоршаған әлемнің сан алуандығы мен бірлігімен танысады, ал көбіне осы бірліктің жеке құбылыстарын үйренуге бағытталған мектеп циклының пәндері, толық құбылыс туралы көрініс бере алмайды, тек бытыраңқы фрагменттерге бөліп тастайды.
Екіншіден, интеграцияланған сабақтар оқушылардың потенциалдарын дамытып, қоршаған болмысты белсенді танып, себеп-салдар байланыстарын ойлану мен табуға итермелейді. Логика, ойлану, коммуникативтік қабілеттерін дамытады.
Үшіншіден, интеграцияланған сабақтар жүргізу – стандартты емес, қызықты. Сабақ уақытында жұмыстың әр түрлерін қолдану, оқушылардың зейінін жоғары деңгейде ұстап тұруға мүмкіндік береді, сондықтан сабақтардың тиімділігі туралы айтуға болады. Интеграцияланған сабақтар, едәуір педагогикалық мүмкіндіктер береді. Мұндай сабақтар, әрекеттердің әркелкі түрлері арасында алмастырулар есебінен оқушылардың шаршағыштығы мен артық күш жұмысауын болдыртпайды, танымдық қызығушылықты бірден арттырады, оқушыларда елестету, көңіл аудару, ойлау, сөйлеу мен есте сақтауды дамытады.
Төртіншіден, қазіргі қоғамдағы интеграция білім беруде интеграцияны талап етеді. Қазіргі қоғамға жоғары сапалы, жақсы дайындалған мамандар керек. Бұл қажеттілікті қағанаттандыру үшін: білімді, жақсы дайындалған мамандар тағайындауды, бастауыш сыныптардан бастау керек, сол үшін бастауышта пәнаралық байланысты жүзеге асыра отырып, интеграцияға жағдай жасау қажет.
Бесіншіден, өзіндік таным, өзіндік ой білдіру, мұғалімнің шығармашылығы, қабілеттерін ашуға мүмкіндік береді.
Интеграцияланған сабақтардың артықшылықтары :
Оқудың мотивациясын арттыру, оқушының танымдық қызығушылығын арттыруға, әлемнің бүтіндей ғылыми суретін қалыптастыруға және құбылыстарды бірнеше қырынан қарастыруға көмектеседі;
Жай сабақтармен салыстырғанда жоғары дәрежеде сөйлеудің дамуын, оқушылардың салыстыру, жалпылау, қорытынды жасау қабілеттерін қалыптастыруын, оқыту-тәрбиелеу процесін қарқындатып, шаршағыштығы мен артық күш жұмсауын жеңілдетеді. Зат туралы түсінігін тереңдетіп қана қоймай, ой-өрісін кеңейтеді, жан-жақты дамыған, гармониялық әрі интеллектуалды дамыған тұлға қалыптасуына әрекет етеді.
Интеграция деректер арасындағы жаңа байланыстарды табудың негізі болады, түрлі пәндердегі оқушылардың бақылауларының анықталған қорытындыларын растайды немесе тереңдетеді.
Интеграцияланған сабақтар құрылымы ерекшеленеді: сабақтың әр кезеңінде оқыту материалының айқындығы, ықшамдылығы, тығыздалғандығы, логикалық өзара келісілгендігі, материалдың жоғары ақпараттық тығыздығы. Интеграцияланған сабақтар жүргізу барысында, жалпыланған сабақтарды жүргізген жөн, бұл сабақтарда бір не бірнеше пәндер үшін аса маңызды мәселелер талқыланады.
Интеграцияланған сабақтар пәнаралық байланыстар жүйесінің маңызды бөлігі болып табылады. Бұл сабақтардың әрқайсысын екі пәндік мұғалім жүргізеді, мысалы біздің жағдайда математика мен информатика мұғалімдері. Мұндай сабақтар материалдары, қоршаған әлемде болып жатқан процестердің бірлігін көрсетеді, түрлі ғылымдардың өзара байланысқандығын оқушыларға көруге мүмкіндік береді.
Математика мен информатиканың келесідей пәнаралық байланыстары бар деп айтуға болады:
Информатика курсында мазмұндық сызықтарды зерттеген кезде математиканың пәндік мазмұнын пайдалануы. Мысалдары:
Алгоритм ұғымын математикалық есептер мысалдарымен зерттеу (әсіресе, алгоритмдік құрылымдар);
Математика облысындағы дидактикалық материалдарды қолдана отырып, ақпараттық жүйелерді (мысалы, тексттік немесе бейнередакторлар) зерттеу;
Математикалық материалдарды қолдана отырып, бағдарламалау тілдерін зерттеу (мысалы, Лого тілі геометриялық обьекттерді құру мен зерттеу үшін «жақсы»).
Информатика курсына «дәстүрлі емес» мазмұндық сызықтарды қосу (мысалы, логика элементтері мен жиындар теориясы).
Математика курсына информатиканы оқыған кезде керек болатын және математиканың дәстүрлі курсында жоқ немесе толықтай берілмеген ақпараттарды енгізу (есептеу жүйелері; логика алгебрасының заңдары; функциялар/көрсетілімдер қасиеттері, алгоритмдер, моделдер).
Математика курсын ақпараттық және коммуникативтік технологиялар көмегімен оқыту.
Математика курсында информатика курсында енгізілетін ұғымдарды зерттеу (мысалы, ақпараттық моделдің бір түрі ретінде математикалық).
Интеграцияланған курсты жасау (мысалы, «Геометрия мен Лого»).
Информатика сабақтарында, информатика-математика пәнаралық байланысы жүзеге асырылады. Бұл сабақтардағы мұғалімнің мақсаты – оқушыда ақпараттық біліктіліктің, практикада ақпараттық технологиялар көмегімен ақпараттық обьекттерді түрлендіру қабілетін қалыптастыру. Мұндай сабақтар, пәндердің байланыстарын көрнекі түсіндіруге мүмкіндік береді, практикада теориялық білімдерін пайдалануды үйретеді, компьютерде жұмыс істеу қабілеттерін арттырады, оқушылардың ақыл-ой қызметін жандандырады, білімді өздігінен алуға ынталандырады.
Әр оқушы белсенді жұмыс істеп, балаларда білуге деген құмарлығы, танымдық қызығушылығы дамиды. Интеграцияланған сабақ жасаған кезде, біріншіден математика мен инфоматика пәндерінің оқыту бағдарламалары жасалынып, кейін жалпы ұғымдары талқылана отырып тұжырымдалады. Оларды зерттеу уақыттарды белгіленіп, мұғалімдірдің өзара кеңестері жүргізіледі.
Содан кейін, ортақ бір процестерді зерттеу бағыттары қарастырылып, соңынан интеграцияланған сабақтардың тақырыптамалары мен конспекттерін жоспарлау болады.
Математика сабақтарында алған білімді оқушылардың өздері жасаған презентациялармен бекіту мен жалпылау өте тиімді. Мысалы, 8-сынып екінші тоқсанында «Төртбұрыш» тақырыбында білімді бекіту интеграцияланған сабағын өткізуге болады. Осы сабаққа дайындалған кезде оқушылар мынадай тапсырма алады: Геометрия оқулығын қолдана отырып «Төртбұрыштар» тақырыбында презентация жасау. Сабақ соңында осы бөлімді қорытындылайтын «Симметрия» тақырыбында жасалған оқушылар презентацияларын қараған пайдалы болады.
7-сыныптың алғашқы геометрия сабақтарында «Бұрыштар» көрнекі сабағын өткізуге болады, ал ол сабақтың жалғасын информатика сабағының «Компьютерлік графика. Paint-тегі суреттер» тақырыбын қайталаған кезде табады. Мысалы, есептердің шешімдерін компьютермен жазуын талап етуге болады.
Кейбір есептер мен олардың көрнекі шешімдерін қарастырайық.
Есеп 1. Суретте кескінделген барлық бұрыштың атауларын жазып шығу. (сол жақтағы сурет)
Достарыңызбен бөлісу: |