Білім беру бағдарламасы курс. Кредит саны 2023 жыл №1 ДӘріс тақырыбы: кіріспе. Биогеография ғылымының МӘНІ, мазмұНЫ, зерттеу бағыттары



Pdf көрінісі
бет1/9
Дата12.10.2023
өлшемі0,66 Mb.
#185102
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Дәрістер 1-7.Биогеография.3курс.География



«БИОГЕОГРАФИЯ» ПӘНІ БОЙЫНША ДӘРІСТЕР 
«6В05205 - География» білім беру бағдарламасы 
3 курс. Кредит саны – 5 
2023 жыл 
№ 1 ДӘРІС 
ТАҚЫРЫБЫ:КІРІСПЕ. БИОГЕОГРАФИЯ ҒЫЛЫМЫНЫҢ МӘНІ, МАЗМҰНЫ, ЗЕРТТЕУ 
БАҒЫТТАРЫ 
1.Биогеография пәні және оның міндеттері мен мақсаттары 
 
2. Биогеографияның зерттеу бағыттарының салалары 
3. Практикалық мәні. 
 Биогеография - 
(гректің тіршілік Жер жазамын деген сөздерінен шыққан) тірі организмдердің 
жер шарына таралуы мен оның өзгеру себетптерін зерттейтін ғылым. Биогеография екі ғылымның – 
биология мен географияның ұштасуынан қалыптасқан ғылым.
Пәнді зерттеу объектісі - тірі организмдер өмір сүретін Жер планетасының кеңістігі сияқты 
биосфера және оның компоненттері. 
Биогеографияның міндеттері:
-
Жер шарының әртүрлі учаскелерінің флорасы мен фаунасын зерттеу;
-
флора мен фаунаның ерекшеліктерін зерттеу негізінде жер шарын аудандастыру;
-
өсімдіктер мен жануарлар популяциясының биогеографиялық карталарын жасау;
-
жануарлар мен өсімдіктердің жеке таксондарының таралуын зерттеу;
-
ағзалардың таралуын түсіндіру үшін қазіргі қауымдастықтардың пайда болу себептерін және 
жердің даму тарихын талдау. 
Биогеография - жер шарындағы әр түрлі биоценоздың, сондай-ақ жануарлар мен өсімдіктердің, 
микроорганизмдердің бірлестіктерінің таралуы мен орналасу заңдылықтарын және олардың әр түрлі 
ендікте топтануын табиғи жағдайына, геологиялық тарихына байланысты зерттейтін ғылым саласы.
Биогеография организмдер мен олардың бірлестіктерінің географиялық таралуын 
қарастырады. Биогеография тек қана жалпы бірлестіктердің таралуын ғана зерттеп қоймайды
сонымен бірге бірлестіктердің компоненттерін зерттейді. Бұл ғылымның негізгі міндеті – бір 
жағынан жалпы қоршаған ортамен және факторларының, екінші жағынан бірлестіктер мен 
олардың компоненттерінің арасындағы себеп салдар байланыстарының географиялық аспектілерін 
зерттейді. Сондықтан да биогеография экология (организмдер арасындағы қарым қатынасты
олардың популяциялары мен бірлестіктердің қоршаған ортамен байланысын зерттейді) және 
биоценология (тірі ағзалар бірлестіктерінің құрылымын, динамикасын, классификациясын 
қарастырады) сияқты биологиялық ғылымдармен тығыз байланысты. Биогеографиялық
заңдылықтар мен фактілерін білу, биосфера ресурстарын тиімді пайдалану және қорғау 
проблемаларын шешуде қажеттілігі зор. Биогеографияның спецификасы бір жағынан белгілі бір 
мекеннің органикалық дүниесі жайлы кешенді ақпарат алуда, ал екінші жағынан алынған 
мәліметтерді салыстырмалы - географиялық тұрғыда талқылап, сараптау болып табылады. 
Биогеография салыстырмалы - географиялық зерттеу әдістері арқылы биосфераға түрлі жоспарлы 
және кездейсоқ ықпалдың нәтижелерің жоспарлай алады.
Биогеографияның негізгі мақсаты: 
Өсімдіктер мен жануарлардың жеке түрлерін, таралу ерекшеліктерін әртүрлі облыстардың 
фаунасы мен флорасының ерекшеліктерін анықтау; 
Әртүрлі аудандардағы өсімдіктер жабындысы мен жануарлар дүниесін фаунасы мен 
флорасының ерекшеліктерін зерттеу негізінде биологиялық аудандарға ажырату, биогеография 
пәнінің негіздерінің, бөлімдерінің басқа ғылымдармен тығыз байланыстылықтарын түсіндіру; 
Өсімдіктер мен жануарлардың таралуын географиялық тұрғыдан қарастырып, ареал, 
патшалық, т.б ұғымдарын талдау; 
Өсімдіктер мен жануарлардың тіршілік процесінің экологиялық жағдайларға тәуелділігін 
анықтап, жалпы географиялық заңдылықтармен байланыстылығын түсіндіру; 


Табиғи ортаның ресурстарын биогеография ілімі негізінде тиімді пайдаланудың жолдарын 
талдау; 
Биогеографиялық зерттеулердің практикалық маңызын талдау арқылы іс жүзінде 
қолданудың түрлерін анықтау; 
Өсімдіктер мен жануарлардың жеке түрлерінің таралу ерекшеліктері мен әр түрлі 
облыстардың фаунасы мен флорасының ерекшеліктерін анықтау; 
Әр түрлі аудандардағы өсімдіктер жабындысы мен жануарлар дүниесінің фаунасы мен 
флорасының ерекшеліктерін зерттеу негізінде флоралық және фауналық аудандарды 
биогеографиялық аудандарға ажырату; 
Организмдердің қазіргі кездегі таралу себептерін және олардың сәйкестігін анықтау. 
Биогеография ғылымы биология мен географияның түйісуі нәтижесінде дамып оның 
әдістерін және жаңа жалпы заңдылықтарды анықтауға мүмкіндік береді. Ондай мақсаттарға 
жету үшін климаттың, геоморфологияның, гидрогеологияның, топырақ географиясының 
заңдылықтарын жақсы білу қажет, себебі картаға биогеографиялық объектілерді дұрыс 
түсіріп, масштабты дұрыс құра біліп, картаға легенда жасай білу керек. 
Биогеография салалары.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет