Білім беру бағдарламасы курс. Кредит саны 2023 жыл №1 ДӘріс тақырыбы: кіріспе. Биогеография ғылымының МӘНІ, мазмұНЫ, зерттеу бағыттары



Pdf көрінісі
бет8/9
Дата12.10.2023
өлшемі0,66 Mb.
#185102
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Дәрістер 1-7.Биогеография.3курс.География
тест 150 вопрос — копия — копия, 5 лабка, Мліметтер оры жне апараттыц жйелер пні бойынша 1 межелік , реле 3 ргр, stud.kz 187312, тест БДиКС 150 Ответы, ТИМС 2019 ойлау (2), 432812517339 №4 Лекция Ареалдың құрылымы мен типтері, ҚазбековаГүлназ ГЛЯЦИОЛОГИЯ, e51027b8071a0f1ca2e757e833b5903d 2, vMADIЭС РГР-3
№ 6-7 ДӘРІСТЕР.
ТАҚЫРЫБЫ: 
ҚҰРЛЫҚТЫҢ ФЛОРАЛЫҚ ЖІКТЕЛУІ 
 
1.Құрлықтың флоралық жіктелуі. 
2. Голарктикалық патшалық
 
Құрлықтың флоралық жүйесін жасағандардың бірі дат ботанигі Д. Скоу. Ол 1823 жылы 25 
патшалыққа, сондай-ақ олардың бөлігін провинцияларға бөлді. Критерийлердің бірі ретінде аумаққа қатысты 
әртүрлі таксондардың эндемизмінің деңгейі санатқа алынады. Бұл критерий қазіргі кезеңде де маңызды болып 
саналады. Флоралық аудандастырудың дамуында А. Энглер (1924 ж.), Л. Дильс (1918 ж.), Р. Гуд (1946 ж.), А. 
И. Толмачев (1974 ж.), т.б. ғалымдар үлкен үлес қосты. А. Л. Тахтаджян (1978 ж.) жасаған флоралық 
аудандастыру 
жүйесін 
негізге 
алынады.
Флоралық 
аудандастырудың жоғарғы бірлігі – 
патшалық. Патшалық атауы өзіндік 
флорасымен сипатталатын және 
жоғарғы эндемиктік таксондары бар 
аймақтарға беріледі. Дүниежүзінде 
барлығы: 
Голарктикалық, 
Палеотропикалық, Неотропикалық, 
Голантарктикалық, Аустралиялық 
және Кап болып 6 патшалыққа 
бөлінеді. Патшалықтар жоғарғы түр 
және 
тұқымдық 
эндемизммен 
сипатталатын облыстарға бөлінеді: 
сондай-ақ әрбір облысқа жетекшілік 
орын 
алатын 
тұқымдастардың 
белгілі бір жиынтығы тән. Құрлықтың флоралық жіктелуінде барлғы 34 облыс бар, олар өз кезегінде 
провинцияларға бөлінеді. Төменгі хронологиялық бірлік округ болып саналады. 
Голарктикалық патшалық
 
Құрлықтың флоралық жіктелуіндегі голарктикалық ең ірісі және барлық құрлықтың 
жартысынан астамын алып жатқан патшалық. Патшалық аумағының ауқымдылығына 
қарамастан, оның жекеле ген облыстарының флорасы бір-бірімен тығыз байланысты және 
шығу тегі бір.
Голарктикалық флораның құрамы шамамен, 40 эндемикалық тұқымдастан тұрады, 
артықшылығы аз, кейде 1 тұқымдас қосылады (мысалы, шейхиери тұқымдасы). 
Голарктикалық аумақта магнолиялы, лавр, сарғалдақ, шамшат, қайың, жаңғақ, қалампыр, 
қарақұмық, шай, тал, шаршы гүлді өсімдіктер, раушан гүлді өсімдіктер, бұршақ, шатыргүл, 
қоңыраубас, саргүл, қияқ, дәнді өсімдіктер және басқа да тұқымдастар кеңінен таралған. 
Қылқанжапырақтылардан қарағай және кипарис көбірек кездеседі. Папоротниктерден ең 
бастысы 2 тұқымдас таралған.
Ауқымды аумағында жүз мың және миллиондаған жылдар қарсаңында солтүстік 
тропикадан тыс флораның дамуы, алуан түрлі орталықтардың түзілуі, миграцияның күрделі 
процестері және түрлі таксондардың құрып, жойылуы жүреді. Голарктика флорасының 
қалыптасуы төрттік мұз басу, тау түзілу процесі және климат құрғақшылығының артуы 
ықпалымен жүріп жатты. Голарктикалық патшалық: Бореальды, Ежелгі Жерорта теңіздік 
және Мадреандық сияқты үш патшалықшаға бөлінеді. 
Бореальді патшалықша Голарктикалық патшалық арасындағы –ең көлемдісі, ол бай 
флорасымен сипатталады, басқаларымен салыстырғанда эндемиктік түрлер мен 
тұқымдастар 
анағұрлым 
көбірек 
кездесетіндігімен 
ерекшеленеді. 
Бореальдік 
патшалықшаның кейбір облыстарына ежелгі және қарапайым тұқымдас пен түрдің 
маңызды бөлігі тән. Оларды 4 облысқа бөліп қарастырады: 
1.
 
Циркумбореальды (Еуропа-Сібір-Канада) облысы. 
Құрлықтың ең ірі флоралық 
облысы, оның маңызды бөлігі Ресей аумағында орналасқан. Қылқанжапырақтылардан 
қарағай (Pinus), шырша (Picea), май қарағай (Abies) және балқарағай (Larix) түрлері кеңінен 


таралған. Жалпақ жапырақты ормандарға тән жапырақтылардан мына өсімдіктер таралған: 
емен (Quercus), шамшат (Facus), қайың (Betula), терек (populus), тал (Salix), шегіршін 
(Ulmus), жөке (Tilia), грек жаңғағы (Juqlanus), қызыл тал (Cornus). Сондай-ақ қара бүлдірген 
(Rubus), долана (Crataegus), алмұрт (Purus), алма (Malus), шетен (Sorbus), ырғай (Lonisera), 
жидек (Viburnum), аю бадам (Sambucus) ит жүзім (Rhamnus) , итбүлдірген (Vaccinium) 
түрлері де тән. Циркумбореальды облыс флорасында эндемиктік тұқымдастар жоқ, бірақ 
мұнда эндемиктік немесе эндемикке жуық түрлер бар. Олар ең алдымен, Пиреней 
түбегінде, Альпі мен Кавказ тауларында шоғырланған. Эндемиктік түрлер, сондай-ақ Сібір 
мен Канадағы тауларда көптеп саналады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет