Білім беру бағдарламасы курс. Кредит саны 2023 жыл №1 ДӘріс тақырыбы: кіріспе. Биогеография ғылымының МӘНІ, мазмұНЫ, зерттеу бағыттары



Pdf көрінісі
бет6/9
Дата12.10.2023
өлшемі0,66 Mb.
#185102
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Дәрістер 1-7.Биогеография.3курс.География

1.Биосфера 
2. Географиялық орта дамуын негізгі кезеңдері 
3. Географиялық ортаның табиғи кешендері 
4. Биогеоценоз құрылымы, биогеоценоздың негізгі компоненттерінің ерекшеліктері 
Біздің планетамыздың маңызды тіршілік қабаты - биосфера. Биосфера қабатына - 
литосфераның беткі қабаты тереңдігі –30-60, кейде 200 м, гидросфера түгелімен және 
атмосфераның төменгі қабаты 10 – 15 км биіктіікті қамтиді. Тірі организмдердің миллиард 
жылдық тарихында тау жыныстары мен су атмосфера өзгерді. Атмосфераның қазіргі газдық 
құрамы өсімдіктермен мен жануарлардың тіршілік әрекетінен пайда болды. Ауадағы оттегі 
өсімдіктердегі фотосинтез процессіне байланысты. Ал атмосфераға көмірқышқыл газі 
жануарлардың тыныс шығаруынан келеді. Су ағзалары гидросфераның тұздық режиміне әсер 
етеді. Жердің беткі құнарлы қабатын – топырақ деп атаймыз. Топырақтың түзілүіне 
биологиялық фактор әсер етеді немесе тірі организмдердің әсері болады. Академик 
В.И.Вернадский – жер бетінде ең күшті күш – тірі организмдердің әсері деді. 
Биосфера деп атмосфера, гидросфера және литосферамен шектесіп жатқан тірі 
организмдер мекендейтін планетамыздың сыртқы қабығын айтамыз. Биосфера бүкіл 
құрлықты, теңіздер мен мұхиттарды қамтиды. Вертикальді бағытта биосфера 10 – 15 км дейін 
барады, 15 км – ден жоғары оттегі мен су болмайды да ультракүлгін сәулелер тіршілік етуге 


мүмкіндік бермейді. Биосфераның жер астындағы шегі 60 км жетеді. Ал горизонтальды 
бағытта биосферада шек жоқ, тіпті Арктика мен Антарктиданың литосферасы мен 
гидросферасында тірі организмдер кездеседі. 
Егер тірі заттардың барлығын жер бетіне жайсақ қалыңдығы 0,5 см қабат құрылған болар 
еді. Сонда осы қабаттың оннан бір бөлігі мұхиттарда кездесетін жануарлар дүниесінен 
тұрады. Жер бетіндегі жануарлар 1/ 250 мөлшеріне, ал өсімдіктер дүниесі 10
9
бөлігіне тең 
болады. Органикалық материяның массасы 10
19
- 10
20
г, яғни оның көлемі 10
5
– 10
6
км
3

Өсімдіктердің массасы жануарлардың массасына қарағанда 10.000 –100.00 есе артық 
болатыны белгілі. 
Біздің планетамыздағы барлық өсімдіктер фитосфера (гректің фито – өсімдік, гео – жер 
және сфера – қабық ) құрайды, яғни жердің өсімдікті қабығын құрайды. Фитосфера өсімдіктер 
тіршілік ететін тропосфераның төменгі қабатын қамтиды, мұндағы негізгі массалар: 
өсімдіктердің тозаңы, споралары мен тұқымдары, сонымен қатар фитосфераға топырақ және 
топырақ астындағы өсімдік тамырлары, әр түрлі микроорганизмдер мен топырақтағы 
жануарлар кіреді. 
Тірі қабат ең жұқа қабат болып есептеледі. Биосфераның жоғарғы шекарасы 
ультракүлгін сәулелерінің қарқындылығымен анықталады. Ал төменгі шекарасы мұхит 
түбінде. Нағыз тіршіліктің қайнаған көзі Жердің беткі қабаты. Осы жерде өлі және тірі 
табиғат арасында тоқтаусыз байланыстар жүреді. 
Географиялық орта ұзақ уақыттың ішінде өздігінен дами алады. Оның дамуын негізгі 
үш кезеңге бөліп қарастыруға болады: 
I кезең – жер су пайда болғанға дейінгі күн энергиясын жинаушы планета екендігі. 
Жер планета түрінде қалыптасқаннан кейін Күннен белгілі бір қашықтықта орналасып
жерге күн сәулесінің белгілі бір мөлшері 
түсе бастады. Бірақ ондай сәуленің мөлшері 
алғашқы атмосфераның қасиетіне байланысты болды. Осы энергияның біразы сол кездегі 
литосфераның қасиетіне қарай жерде де қалып қойды. Белгілі бір уақыт аралығында (ұзақ 
уақыт өткесін) жер бетінде су пайда бола бастады.
II кезең – географиялық қабықтың дамуы – cу пайда болумен күн энергиясының 
жинақталуы. Су сапалы жаңа жағдай жасады, су мен күн энергиясының қарым – 
қатынасының нәтижесінде көп мөлшерде күн энергиясы бөліне, тасымалдана және 
жинақтала бастады. Ол өз тарапынан материя өмір сүруінің органикалық формаларының
шығуына әсерін тигізді. 
Міне, осы кезден бастап географиялық ортаның дамуының ІІІ кезеңі басталады. Ең 
алдымен күн радиациясымен судың әрекеттесуі нәтижесінде бөлініп шыққан энергияны жер 
бетінде көп уақыт сақтап тұру және жинақтай алатын қабілеті бар географиялық ортаның 
жаңа құрамдас бөлігі 
– өсімдіктер дүниесі пайда болды. 
Өсімдіктер дүниесі осы қосымша энергияны жинақтағаннан кейін ғана географиялық 
ортаның басқа құрамдас бөліктері топырақ пен жануарлар дүниесі өсімдіктер жинақтаған 
энергияның еншісінен тіршілік етеді. 
География орта дамуының қозғаушы күші жердің табиғи элементтері мен күн 
радиациясының арасындағы өзара әсерге қарама – қарсы күш болып табылады. Даму 
төмендегі сатыдан жоғарғы сатыға қарай жүреді. Соның нәтижесінде географиялық орта 
сапалық айырмашылықтары бірнеше табиғи кешендерден тұрады. Олардың негізгі 4 кешені 
бар: 
1.Табиғи климаттық кешен - бұл жердің жоғарғы қабатын түгел қоршап жатады. Ол 
қабатты тропосфера деп атайды. Тропосфера - жер бетінен экватор тұсында шамамен 18 км, 
полюстерде – 6 км, ал 10 - 12 км биіктікке дейін созылатын атмосфераның төменгі қабаты. 
Ол атмосферадағы барлық су буларын қамтып, өте мөлдір болып келеді де, жерден шыққан 
жылудын бірсыпырасын өзіне сіңіреді. Бұл жағдай осы қабаттағы булар мен бұлттардың 
болуына байланысты. Сондықтан тропосфера көбінесе жер беті арқылы қызады. Оған 
температураның жоғарыдан төмен қарай тез жылуы (шамамен әрбір км биіктікте - 5
о
) дәлел
бола алады. Температураның мұндай өзгеруі ауаның вертикальды бағытта орналасуына, су 


буларының қанығуына, бұлттардың түзілуіне, жауын – шашынның жаууына және басқа да 
ауа райымен байланысты құбылыстарға әкеп соғады да, климат пен ландшафтының 
вертикальды зоналарын құрайды. Табиғи климаттық кешеннің компоненттеріне ауа, күн 
радиациясы, табиғи су, минералды шаңдар, вирустар, бактериялар кіреді. 
2.Табиғи ландшафт кешені - Жердің географиялық қабығының дамуында табиғи жолмен пайда 
болған. Өзінің географиялық құрылымымен, яғни ландшафтың жекелеген кешентерінің арасындағы 
өзара байланысы және әрекеттерімен, ұсақ территориялар бірліктерінің үйлес ерекшеліктерімен, 
құбылыстардың мерзімдік ритмикасының өзіне тән қасиеттерімен басқа аумақтардан сапасы жағынан 
айрықша болатын географиялық қабықтың біркелкі аумағы. Мұның компоненттеріне: тау 
жыныстары, рельеф, күн радиациясы, ауа, су, өсімдіктер, топырақ және жануарлар кіреді. 
3.Табиғи литосфералық кешен. Литосфера - жердің сыртқы қатты қабаты, ол өзінен жоғарғы 
жатқан гидросферамен шектеседі. Жер қабығының жоғарғы бөлімі - шөгінді қабық, ол шөгінді тау 
жыныстарынан тұрады. Литосфералық кешенді негізгі құрамы: шөгінді және кристалды тау 
жыныстары, су және төменгі сатыдағы организмдер. 
4.Табиғи мұхиттық кешен - мұның компоненттеріне: су, күн радиациясы, ауа, өсімдіктер және 
жануарлар кіреді. Әрбір табиғи кешенде органикалық емес заттар мен органикалық заттардың бір – 
бірімен тығыз байланыста екенін аңғарамыз. 
№ 5 ДӘРІС.
ТАҚЫРЫБЫ: АРЕАЛОГИЯ МӘСЕЛЕЛЕРІ
1.Палеоэндемиктер.
2. Неоэндемиктер. 
Ареал - (латынның 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет