Тәрбиелік мақсаты: Өзін-өзі басқаруға, бақылауға, бағалауға баулу, әр оқушының қабілетін дамытып, еңбек етуге баулу, кәсіптік бағдар беру.
Әдіс-тәсілдер: Баяндау, демонстрациялау, есептер шығару, бейнефильмдер көрсету, тексеру, бағалау, көрнекілік.
Сабақ түрі: дәстүрлі сабақ (жаңа сабақ).
Сабақтың пәнаралық байланысы: Математика, информатика, химия, биология, қазақ тілі.
Көрнекі құрал: Плакаттар, слайд, электрондық оқулық, компьютер, графопроектор.
Сабақта пайдаланған технологиялар: Сатылай кешенді талдау, сын тұрғысынан ойлауға баулу, деңгейлеп-саралап оқыту.
І. Ұйымдастыру кезеңі: Сынып оқушыларын түгендеп, оқу құралдарының толық болуын қадағалау.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: 1. Физикалық диктант.
Денеге басқа денелер әрекет етпеген кездегі жылдамдығын сақтау құбылысы инерция деп аталады.
Арбаның жолындағы кедергі неғұрлым аз болған сайын, ол соғұрлым ұзағырақ қозғалады.
Денеге басқа денелер әрекет етпесе, ол тыныштық күйде болады немесе жермен салыстырғанда түзу сызықты бірқалыпты қозғалады.
Инерция құбылысына бір мысал келтір. Көліктің ішінде кетіп бара жатқан жолаушы көлік кенет тоқтағанда алға қарай еңкейіп, ал жылдамдығын күрт арттырғанда артқа қарай шалқаюы, т.б.
Бірқалыпты түзу сызықты қозғалыс теңдеуі?
Бірқалыпты түзу сызықты қозғалатын дененің жылдамдығының формуласы?
Бірқалыпты түзу сызықты қозғалатын дененің белгілі бір уақыт ішінде жүрген жолының формуласы?
Бірқалыпты түзу сызықты қозғалатын дененің қозғалысына кеткен уақыттың формуласы?
Физикалық диктантқа берілген уақыт біткеннен соң оқушылар бір-бірін мына бағалау нормасы бойынша бағалайды. «5» - 8-7, «4» - 6-4, «3» - 3-2, «2» - 1.
Достарыңызбен бөлісу: |