2. Үй тапсырмасына берілген тәжірибе жұмысы.
Тарелкаға бірі шикі бірі піскен екі жұмыртқа салынған. Екі жұмыртқаны айналдырып бір мезетте тоқтатқанда, шикі жұмыртқаның тоқтатқаннан кейін де қозғалысын жалғастыратынын байқаймыз. Неліктен?
Жауабы: Шикі жұмыртқаның ішіндегі сұйық заты инерция құбылысының салдарынан қозғалыстың басында алған жылдамдығы мен қозғалысын жалғастырады.
Жаңа тақырып:
Денелердің бір-біріне әрекет етуі өзара әрекеттесу болып табылады. Өзара әрекеттесу – күрделі құбылыс. Мысалы, үстел үстінде тұрған кітап пен үстел бетінің өзара әрекеті, ағаш жапырағы мен ескен желдің өзара әрекеті, нәтижесінде жапырақтың жерге түсуі, бұтақта отырған құс ұшып шығарда орл бұтақты кері итереді. Қайықта отырған адам суды ескекпен есе отырып, сумен әрекеттеседі. Соның нәтижесінде қайық ілгері қарай жылжып, су ескектің көмегімен кері серпіледі, т.б.
Электрондық оқулықтан денелердің өзара әрекеті бейнефильмін тамашалау.
Бұл келтірілген мысалдар денелердің бір-біріне ықпалы әрдайым өзара әрекеттік сипат алатынын көрсетеді. «Топтау стратегиясы» бойынша көрсетсек:
Электрондық оқулықтан денелердің өзара әрекеттесуіне бірнеше мысал көрсету.
Үстел үстіне біреуі болат шардан жасалған, екіншісі пластмас шардан жасалған шар қоямыз. Серіппелі пластинканы иіп, арасын жіппен байлап, екі шардың арасына қоямыз. Жіпті сіріңкемен күйдірсек екі шар екі жаққа қарай ұшады. Болаттан жасалған шар аз жол жүріп барып тоқтайды, ал пластмастан жасалған шар көбірек жол жүріп барып тоқтайды.
m1- пластмас шардың массасы, S1- пластмас шардың жүрген жолы
m2- болат шардың массасы, S2- болат шардың жүрген жолы.
S1=2 S2 ,
S1 S2 ,
,
m1 m2.
Пластмас шардың жылдамдығы:
Болат шардың жылдамдығы: .
Енді пластмас шармен болат шардың алатын жылдамдықтарын анықтайық:
Пластмас шардың жылдамдығы болат шардың жылдамдығынан көп.
Денелердің өзара әрекеттесуін бақылай отырып, бір дененің жылдамдығы көбірек, ал екіншісінікі азырақ өзгеретінін байқаймыз. Мысалы, екі бала коньки теуіп жүр. Коньки киіп тұрған ересек бала кішірегін итеріп жібергенде кішірек бала орынынан тез қозғалады және алысырақ жерге орын ауыстыралды.
Денелердің өзара әрекеттесу кезіндегі жылдамдығының өзгеру дәрежесін анықтайтын физикалық шама масса деп аталады.
Оны m әріпімен белгілейді.
Жоғарыдағы тәжірибеден мынадай қорытынды шығады:
Екі дененің массасының қатынасы олардың өзара әрекеттесуі кезінде тыныштық күйінен шыққанда алатын жылдамдығының қатынасына кері пропорционал болады, яғни
Электрондық оқулықтан «Инерттіліктерді салыстыру», «Дене массасы мен инерттілігі» тақырыбында тәжірибелерді көрсету.
Әсерлесу кезінде жылдамдық аз өзгерсе дененің инерттілігі жоғары, массасы үлкен болады, ал жылдамдығы көп өзгеретін дененің инерттілігі төмен, массасы аз болады.
Сонымен масса – дененің инерттілігін сипаттайтын шама.
Қандай да бір дененің массасын өлшеу үшін оны бірлік ретінде қабылданған дененің массасымен салыстыру қажет. ХБЖ-де масса бірлігіне килограмм (кг) алынған. Бұл платина мен иридийдің қорытпасынан құйылып жасалған цилиндр түріндегі эталондық гірдің массасы.
Килограммның халықаралық үлгісі Париж қаласының эталондар мұражайында сақтаулы. Күнделікті тұрмыста шамалары әртүрлі таразы гірлері сақталады.
Таразының тепе-теңдік жағдайында дененің массасы гірлердің массасына тең болады. Оның мыңдық, миллиондық, үлгісі – грамм, миллиграмм, тонна пайдаланылады:
1 т = 1000 кг = 103 кг 1 кг = 0,01 ц
1 кг = 1000 г = 103 г 1 г = 0,001 кг = 10-3 кг
1 г = 1000 мг = 103 мг 1 мг = 0,001 г = 10-3 г
1 кг = 1000 000 мг = 106 мг 1 мг = 0,000001 кг = 10-6 кг
Электрондық оқулықтан масса ұғымына мысалдар мен таразы туралы түсінік беріледі.
Таразының түрлері көрсетіледі және айтылады: Оқу таразысы, аналитикалық таразы, тұрмыстық таразы, электрондық таразы, рычаг таразы, жел лебін сезетін таразы, темір жол вагонын өлшейтін таразы т.б.
Алып денелер мен кіші бөлшектердің массасын арнайы есептеу арқылы алады. Мысалы, күннің массасы Мк = 1,99*1030 кг электрон массасы mэ = 9,1*10-31 кг.
Демонстрациялау.
Тапсырма: Ағаш білеушенің және пробканың (тығын) массасын мектеп таразысы арқылы өлшеу, қателігін анықтау.
m 1= 53 г m 1= (53 0,1) г
m 2= 15 г m 2= (15 0,1) г
Демонстрациялау: Екі арбаша алып, біреуінің үстіне ауыр жүк салып, екіншісіне жеңіл жүк салып екеуін де бірге қойып бірдей магниттік күш салып тартамыз. Сонда жеңіл арбаша ауырға қарағанда жылдамырақ қозғалады.
Пластилинді екіге бөліп, біреуін домалатып, екіншісін жалпақтаймыз. Сонда екеуінде суға салсақ домалақ пластина суға батады да, жалпағы батпайды. Бұдан дененің массасы дененің көлеміне байланысты екенін көреміз.
Болат шармен пластмас шарды бірдей көлемдегі ыдыстағы суға саламыз, болат шар суға батады да, пластмас шар су бетінде қалқып жүреді. Бұдан дененің массасы дененің тығыздығына байланысты болатыны оқушылар көреді.
Сонымен масса туралы мысалдарды көре отырып оқушылар өздері қорытынды жасайды:
Жаңа сабақты оқушылардың түсінгендігін анықтау үшін тапсырма берілді. Масса мен жылдамдықты салыстыра отырып оқушылар өздері «Венн диаграммасын» толтырулары керек.
«Бес жол» стратегиясы:
1 жол (зат есім) – масса
2 жол (сын есім) – ауыр, жеңіл
3 жол (етістік) – дененің жылдамдығының өзгеруі, инерттілігінің артуы, кемуі.
4 жол (сезіміңді білдір) – артық масса қолайсыз, ыңғайсыз.
5 жол (синоним) – инертті, қуаттырақ, күштірек, басымырақ.
1. «Ұжымдық есептер» шығару:
11-жаттығу
1) Массаның төменде келтірілген мәндерін кг арқылы өрнекте: шыбынның қанаты 0,00005 г, тенис добы 2,5 г, футбол добы 400 г, автомобиль 1,45 т.
4) Роликті коньки киген екі бала бір-бірінен кері итеріліп, қарама-қарсы жаққа қарай сәйкес 3 және 4 м/с жылдамдықпен сырғанап кетті. Бірінші баланың массасы 40 кг. Екінші баланың массасы неге тең?
2. «Логикалық есептер» шығару:
1) 1 кг темір ауыр ма, әлде 1 кг мақта ауыр ма?
2) Бірдей екі жәшіктің біреуіне ірі, екіншісіне ұсақ бытыра салынған. Қайсысының массасы үлкен?
3) Шөмеледегі шөпті престеу (тығыздау) кезінде дененің массасы өзгере ме?
3. «Деңгейлік есептер» шығару:
І – деңгей
1) 3 г 200 мг массаны кг-мен өрнекте.
2) №261 есептер жнағы 1-суреттегі ІІ-ші арбашаның m массасын есептеп шығар. Масштаб 2 см/с.
ІІ – деңгей
1) Арбашалардың массасы 1 және 3 кг, жылдамдығы 0-ге тең. Өзара әрекеттескен кезде үлкен арбаша 15 см/с жылдамдыққа ие болды. Кіші арбаша қандай жылдамдыққа ие болады?
2) Массасы 30 кг қозғалмай тұрған салдан ( плот) массасы 45 кг бала жағаға секірді. Сонда сал 1,5 м/с жылдамдық алды. Баланың жылдамдығы қандай?
ІІІ – деңгей
1) Таразы, әр түрлі гірлер, бытыра салынған қапшық берілген. Бір бытыраның орташа массасын анықтап, 20 грамда қанша бытыра барын есепте. Жауабын тәжірибемен тексеріңдер.
2) Массасы 0,9 кг ас тұзын алыңдар. Қолдарыңа екі ыдыс, таразы, массалары 5 г және 20 г екі гір тастары берілген.Таразыны үш ақ рет пайдаланып, ас тұзын 0,2 кг және 0,7 кг болатындай етіп ыдысқа бөліп салыңдар.
Электрондық оқулықтан сабақты қорытындылау тесті берілдеі. Барлығы 5 сұрақ. Бағалау шкаласы бойынша «5» - 5, «4» - 4, «3» - 3-2, «2» - 1.
1. Бастапқы кезде үстел үстінде тыныштықта тұрған арбашалар серпімді пластина көмегімен тебіліп қозғалысқа келсін. Қай кезде І-ші арбаша ІІ-ге қарағанда инерттірек?
А) Егер ол тебілуден кейін өзінің жылдамдығын тез өзгертсе
Б) Егер ол тебілуден кейін өзінің жылдамдығын баяу өзгертсе
В) Егер ол тебілуден кейін үлкен жылдамдық алса
С) Егер ол тебілуден кейін аз жылдамдық алса
Д) Егер ол тебілу кезінде жылдамдығын тез өзгертсе
Е) Егер ол тебілу кезінде жылдамдығын баяуөзгертсе
2. 1,22 т массаны кг-мен өрнекте?
А) 61 кг
Б) 1220 кг
В) 12,2 кг
С) 122 кг
3. Алманың массасын анықтау кезінде оқушы таразы табақшасының ІІ-не бір 50 г, екі әрбіреуі 20 г, екі әрбіреуі 100г, бір 50 г, бір 10 г гірлер салып теңеңстірді. Өлшенген алманың массасын кг-мен өрнекте.
А) 0,009026 кг
Б) 0,29006 кг
В) 0,007251 кг
С) 0,07251 кг
4. Адам қозғалмай тұрған қайықтан жағаға секіреді. Қандай жағдайда адам мен қайықтың бір-бірінен ажырағаннан кейін горизонталь (жазықтағы) жылдамдықтары тең болуы мүмкін?
А) Адамның массасы қайықтың массасынан көп болғанда.
Б) Қайықтың массасы адамның массасынанкөп болғанда.
В) Адам мен қайықтың массасы тең болғанда
С) Еш жағдайда да.
5. Шегенің массасы 10,22 г екенін тексеру үшін қандай таразыны қолдануға болады?
А) Тұрмыстық
Б) Оқу таразысы
В) Транспорттық
С) Аналитикалық.
Үйге тапсырма . Денелердің өзара әрекеттесуі. Дененің массасы. 11 жаттығу 2.3.5 есептерін шығару. Есептер жинағынан №255, 266, 273, 275.
Достарыңызбен бөлісу: |