№2 СӨЖ Бір қалыпты баяу қозғалып келе жатқан поезды тежегенде оның жылдамдығы 1 мин ішінде 40 км/сағ-тан 28 км/сағ-қа дейін кемиді. Мыналарды: 1) поездың теріс үдеуін, 2) тежеу кезіндегі жүрілген ара қашықтықты табу керек.
Дененің s жолының t уақытқа тәуелділігі теңдеу s=At-Bt2+Ct3 арқылы берілген. Мұндағы А=2 м/сек, В=3 м/сек2 және С=4 м/сек3. Мыналарды: 1) жылдамдық пен а үдеу мен t уақытқа тәуелділігін, 2) дененің жүріп өткен жолын, қашықтығын және қозғалыс басынан 2 сек уақыт өткеннен кейінгі дененің жылдамдығы мен үдеуін табу керек.
Радиусы 10 см айналып тұрған дөңгелек 3,14 рад/сек2 тұрақты бұрыштық үдеумен айналады. Қозғалыс басталғаннан кейінгі бірінші секундтың аяғында дөңгелектің шеңберіндегі нүкте үшін: 1) бұрыштық жылдамдықты, 2) сызықтық жылдамдықты, 3) тангенциаль үдеуді, 4) нормаль үдеуді, 5) толық үдеуді табу керек.
Нүкте радиусы 2 см шеңбердің бойымен қозғалады. Жолдың уақытқа тәуелділігі x=Ct3теңдеуімен берілген, мұңдағы С=0,1 см/сек3. Нүктенің сызықтық жылдамдығы 0,3 м/сек болған моменттегі нүктенің нормаль және тангенциаль үдеулерін табу керек.
Массасы 500 т поезд тежелгенде бір қалыпты баяу қозғалады. Осы уақытта, оның жылдамдығы 1 мин ішінде 40 км/сағ-тан 28 км/сағ-қа дейін кемиді. Тежеу күшін табу керек.
2 атм қысымда 820 см3 көлемді алып тұрған 2 г азоттың температурасы қандай болады?
Қысымы 8,1 6 Н/м2 және температурасы 170С болғанда сыйымдылығы 12л баллон азотпен толтырылған. Баллондағы азоттың мөлшері қандай?
Биіктігі 5м, еденнің ауданы 200м2 аудиторияны толтыратын ауаның масссасын табу керек. Ауаның қысымы 750 мм.сын.бағ., бөлме температурасы 170С (бір киолмоль ауаның массасы 28 кг/кмоль-ге тең деп аламыз).
1г су буының ішіндегі молекуланың саны қанша?
Ауада бір-бірінен 20см қашықтықта тұрған екі нүктелік заряд кейбір күшпен өзара әсер етіледі. Сол өз ара әсер күші сақталу үшін, осы зарядтарды майдың ішінде бір-бірінен қандай қашықтықта орналастыру керек?