ҰОҚ-ны ұйымдастыру барысында гимнастикалық терминология пайдаланылады. Ол – гимнастикалық жаттығулардың арнайы қысқа атаулары (терминдер), жалпы түсініктер, жабдықтардың атауларының жиынтығынан құралған жүйе.
Термин деп белгілі бір қозғалыстың немесе түсініктің қысқаша шартты атауын атаймыз.
Саптық жаттығулар дегеніміз – белгілі бір сапта тұрып, бірігіп немесе жеке-жеке жасалатын қимылдар.
Саптық жаттығуларың көмегімен ұжымдық іс-қимыл, музыканың ырғағын сезіну, тәртіп пен ұйымдасушылық мәселелерін табысты шешуге болады.
Саптық жаттығуларды нақты орындау мақсатында спортзал (спорт алаңы) арнайы шартты белгілермен белгіленген: ортасы, бұрыштары.
Олар залдың оң жақ шетінде болады. Залдың ең ұзын тұсы – осы. Балалар бұл жерге сабақ басталар алдында сапқа тұрады (залдың оң жақ бөлігі).
Саптық жаттығулар төрт топқа бөлінеді:
Саптық жаттығулар – белгілі бір сапта тұрып жасалатын бірлескен іс-қимылдар.
Сап – балалардың бірлескен іс-қимылдар жасау үшін орналасу қалпы.
Тізбекте балалар бірінің артына бірі тізіліп, сап құрайды.
Сапта балалар бір сызықтың бойында қатар, беттерін бір жаққа қаратып тұрады.
Бағдарлаушы – белгіленген бағытқа қарай тізбекте бірінші болып қозғалатын адам. Тұйықтаушы – тізбекте ең соңғы тұрған адам.